Page 87 - Сборник эссе
P. 87

Биыл  Ұлы  Жеңістің  75  жылдығына  соғыс
            ардагерлерін  құрметтей  отырып,  еңбек  ардагерлерін
            де еске алу маған – немерелік, әрі перзенттік парыз.
                 Менің  асқар  таудай  атам  Мұхамедия  Әлжан
            Бірманұлы,  ақ  жаулықты  ғазиз  әжем  Қайренура
            Ермұханбетқызы – екеуі де еңбектің тарлан ардагерлері,
            елдің  абзал  азаматтары.  Қазақ  елінің  көркеюіне,
            өскелең  ұрпақтың  тағлымды  өсуіне  қажымай  еңбек
            еткен  жаны  жайсаң  жандар.  Біздің  бәріміздің  зор
            мақтанышымыз.
                   Балаларыма керекпін,
                   Бұтағын жайған терекпін.
                   Үлкені болып әулеттің,
                   Ескіден қалған дерекпін, - дейтін ардагер ата-
            ны еске алмау мүмкін емес. Соғыс зардабынан кейінгі
            бейбіт өмір еңбегінің ауыр кезеңдерін өткізгені мәлім.
            Атамның айтуы бойынша, өмір естелік-дерек ұсынып
            отырмын.
                 Мұхамедия  Әлжан  1927  жылдың  қаңтар  айын-
            да,  Ұлытаудың  батыс-түстік  Едіге  тауына  жақын
            Қорғантас  атты  елді-мекенде  дүниеге  келді.  Кеңес
            дәуірінің  нағыз  дүрбелең  кезеңдері:  ашаршылық
            шарпыған, қуғын-сүргін зобалаңын көрген, соғыс зар-
            даптары  қазақтың  әр  шаңырағын  айналып  өтпегені
            ақиқат. Ауыр да сынағы мол тағдырдың кермек дәмін
            татып өсті. Еңбекпен ерте есейді.
                 Қара  шаңырақ  Қарсақбайдың  орта  мектебінен
            9  класс  білім  алып,  еңбек  майданына  ерте  арала-
            сты.  Қарағанды  қаласындағы  ауыл-кеңестік  маман-
            дар  дайындайтын  төрт  айлық  курс  оқуын  бітіріп,
            ауылдық  кеңестің  хатшысы,  Кішітауда  мұғалім,
            Ұлытауда  комсомол  комитетініңхатшысы,  аудандық
            атқару  комитетінің  жауапты  қызметкері  болғанда  да
            білім деңгейін жетілдіріп отырды. Ұлытау совхозын-
            да  ұзақ  жыл  экономика  саласынбасқарып,  көп  са-
            лалы  ауылшаруашылықтың  өркендеуіне  мол  үлес
            қосты.  Еңбекшіл  жұмыскерлер  комитетінің  төрағасы


                                          86
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92