Page 86 - Сборник эссе
P. 86
ЫНТАЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҒЫ
Саламат МҰХАМЕДИЯРОВ
Жеңістің мәңгілік алау отын жаққан – соғыс
ардагерлері десек те, ер мен ел сын болған кезеңдерде,
ата буын соғыс пен еңбек майданында қан мен тер
төккені ақиқат. Жеңістің туын желбіреуіне ерен
еңбегімен үлес қосқан, елін-жерін сүйген қарапайым
жандар, оның ішінде шал-кемпір де, бала-шаға
да бары аян. Олар еңбек ардагерлері Жеңіс күнін
жақындатқаны айғақ.
Сол кездегі Кеңес Одағының барлық ұлттарымен
бірге жауды талқандап, жеңіске жету мақсатында қазақ
халқы да өзінің лайықты үлесімен көрінді. Майданға
қорғасын, мыс, жез, темір, астық, ет, жүн-тері, киім-
кешек жөнелту жағынан да Қазақ елі алдыңғы шепте
болды.
Мұхамедия атамның айтуына қарағанда, бір
Ұлытау аймағынан Ұлы Жеңіске қосқан үлес ұшан-
теңіз. Қарсақпайдан – мыс, Байқоңырдан – көмір,
мыс алуға қолданған. Жездіден – жез, Шеңберден –
қорғасын өндірілген, мұның бәрі де қару-жарақ жасауға
пайдаланды. Майданға азық-түлік, киім-кешек толас-
сыз жіберілді. Жасампаз еңбекке қалай бас имеске.
Уақыт өтсе де, «Ер есімі – ел есінде» демекші,
ешкім ешқашан ұмытылмайды. Жеңістің өшпес
шырағын сөндірмеуге, өткен тарихымызды дәріптеуге,
ата буынның асыл рухын және ұлағатты тәрбиесін
ұлықтасақ, біз одан ешқашан кем де, қор да болмаймыз.
Соғыс пен еңбек ардагерлерін ардақтау, құрметтеу,
мадақтау міндет.
85