Page 84 - Сборник эссе
P. 84

бүркіт тәрізді аспанға жиі көз салатын. Қараған сайын
            көк аспанның кеңдігіне, мөлдірлігіне, биіктігіне тамса-
            на қарап, аспандап ұшқысы келіп тұратын. Сол арман
            оны дәл қазір мен оқитын Жамбыл атындағы тұңғыш
            қазақ мектебіне келіп, АЭРО - клубқа ұшқыш болуға
            жетелегені сөзсіз. Көзі қырағы, көкірегі ояу қазақтың
            осы бір сұлу азаматының Ұлы Отан соғысында ерлігі
            бір  төбе.  Ұшып  бара  жатқан  халық  батыры  өзінің
            ұшағын  жау  танкісіне  көздегенін  бәріміз  де  білеміз.
            Ондай  ерлік  кез  келгеніміздің  қолымыздан  келе
            бермейтіні анық. Осындай от жүректі қайтпас, қайсар
            батырларымызды  еш  сәт  ұмытпай,  болашақ  ұрпаққа
            мұра етіп қалдыруымыз керек.
                 Ерім дейтін ел болмаса,
                 Елім дейтін ер болмайды.
                 Мен, Байкен Жұлдыз Саматқызы, атамекенім осы
            Жарлы ауылы (қазіргі Нүркен) болғандықтан, бойымда
            мақтаныш кернеп, бір батырлық сезім бойлап тұрған
            сезімдемін. Осы жерде өз тегім туралы айта кететін
            әңгіме  бар.  Менің  Байкен  атамның  әкесі  Жақып
            Мұқан    1942  жылдың  жазы  күзге  ұласар  шағында
            туған  ауылынан  тым  шалғайда,  Шығыс  Еуропаның
            батпақты топырағын белшеден кешіп, ұрандап жауға
            ұмтылар сәтте ме, қарша бораған ажал оғының астын-
            да  жүрекке  жансебіл  сенімі  мен  атойшыл  рухты
            қондырып,  дұшпанға  қарсы  оқ  жаудырған  сәтте  ме
            әйтеуір  бізге  беймәлім  жағдайда    қаза  тапқан  екен.
            1994 жылы Алматыдағы "Боздақтар" кітабынан  қайда
            жерленгені  туралы  мәлімет  алдық.  Өз  атам  Байкен
            өзінің  ұлы  полковник  Ерғанат  Мұқановқа  атасының
            басына  баруы  керектігін,  туған  жерінен  бір  уыс
            топырақ бұйыртуы парызы болатынын, атаның жатқан
            жерінен  бір  уыс  топырақ  әкеп,  осындағы  әулеттің
            қорымына салуды тапсырады. Ата аманаты  орындал-
            ды. Атамыздың рухы да туған дала жұпарын әкелген
            бір  уыс  топырақтармен  қауыша  жай  тапқан  болар.
            Мен осы жан тебірерлік оқиғадан кейін батырлықтың


                                          83
   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89