Page 83 - Сборник эссе
P. 83
ЫНТАЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҒЫ
Жұлдыз БАЙКЕН
Соғыс... Бес қана әріптен тұратын «соғыс» сөзі адам
бойына үрей мен қорқыныш туғызады. Айлар бойы
айрандай ұйыған отбасыңды бір-ақ күнде күлпаршасын
шығарады. Миллиондаған адамның жанын қияды.
Қазақ халқы қай заманда болсын, батырлардан кен-
де болған ел емес. Әрбір қазақ баласы анасының
әлдилеген бесік жырынан бастап, батырлықты, ерлікті,
жерін, бауырын сүюді ана сүтімен сіңіреді. Мұндай
адамның халық батыры болмауы мүмкін емес. Сағым
жайлаған кең дала, асқар - асқар таулар, аңқыған жу-
сан иісі - бұл далада туған адамға мінезіндегі кеңдікті,
ар - намыстың биіктігін, Отанына деген махаббатын
беретіні сөзсіз. Елім, жерім, Отаным деп жауға қарсы
тұра білген батырларымыз қаншама. Қазіргі Ұлы
Отан соғысысың 75 жылдық мерейтойы да сол ел
ағаларымыздың арқасында. Батырлық деген не?
Ер есімі ел есінде...
Ана арыстанның алдындағы баласын құтқару үшін
арыстанға тіке баратыны сөзсіз. Неге? Себебі, баласы-
на деген махаббаты оның бойындағы қорқыныш сезімін
жоқ етеді. Бір құрсақтан шыққан бауырларын құтқару
үшін жау ортасына тікелей барған батырларды да біз
тарих беттерін ақтарсақ, көруге болады. Солардың бірі
Жарлы өзенінің суын ішкен, денесін Ақшоқының самал
желі ескен, Балжан ананың құшағында өскен Нүркен -
батыр болмауға қақы жоқ еді. Ауыл ақсақалдарының
ауызынан осы елдің батырлары туралы аңыздарды
құлағына сіңіре өскен бала Нүркен құдды бір бала
82