Page 70 - Сборник эссе
P. 70
нан бастап өзімен өзі жатқан әр қазақ шаңырағынан
майданға мыңдаған адам аттанды. Бір үйдің бес ұлы
қатар аттанған соғыс даласына, бір үйдің жалғыз тұяғы
да бірге кетті. Ұлы жоқ үйден , отанымды қорғаймын
деген қыздар шығып, өз еріктерімен қолдарына қару
алды. Соның нақты бір айғағы ретінде, біз қайсар
қазақ қызы Мәншүк Мәметованы айта аламыз.
Мәншүк апамыз сол кезде медицина саласы бойынша
білім алып жүрсе де, «Үйімізден майданға баратын
ешкім жоқ, сондықтан мені алыңыздар» деп өз еркімен
өтініш жазып, қан майданға кете барды. Жүз шақты
ақын-жазушыларымыз қаламын қаруға айырбастап ел
қорғауға аттанды. Үйде әйел бала мен кемпір-шал,
сосын денсаулығы жарамсыз науқас жандар қалды.
Олардың өзі күн-түн демей тылда еңбек етіп, майдан
даласын азық-түлікпен, оқ-дәрімен қамтамасыз ету
үшін еңбек етті. 220 зауыт пен фабрика Қазақстанға
көшіріліп, олар күні-түні тынымсыз жұмыс атқарды.
Фашистік Германияны жеңу жолында қан төкпеген
қайсар батыр, тер төкпеген еңбекші қазақ қалмады. Біз
осының өзінен ақ, дүниені дүрліктірген соғыстағы қазақ
халқының сандық үлесінің өте салмақты болғанын көре
аламыз. Осының өзінен-ақ әр қазақтың сұм соғыста
қалай жеңсек деп барын салғанын байқаймыз. Бұл сан
жағы.
Ал, сапа жағына келер болсақ, әңгімені ақ
таңнан қара кешке дейін жалғастыруға болады.
Жауынгерлеріміз күні-түні қарша бораған оқтың ор-
тасында жүргенде, Қазақстан КСРО-ның негізгі
әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы КСРО
да өндірілген қорғасынның 85 пайызы мен, көмірдің
18 пайызы, молибденнің 60 пайызы мен октанды
мұнайдың 1 миллион тоннасын Қазақстан өндірді.
Ауыл шаруашылығыны жұмыскер жетіспей жатқан
тұста, қыз-келіңшектер қарап отырмай майданға
кеткендердің орнын басып, дала жұмыстарын атқарушы
әйелдер саны 75 пайызға жетті. Осылайша республи-
69