Page 65 - Сборник эссе
P. 65

БАС ЖҮЛДЕ












                                            Гүлсімай САЙРАМБЕК



                 Біз соғысты көрген жоқпыз. Соғыс деген не өзі?
            Алапат шайқас, от кешу ме? Жоқ! Отан алдында бар
            тәніңмен  ардақты  шыбын  жаныңды  сарп  етіп,  көз
            ұшындағы тірнектей болса да ел намысын қорғау ма?
            Иә.  Бетпе-бет  келген  жаудың  табанының  астында
            қалмай, балағына салып бездіру.  Бар бар батырдың
            көксеген сенім сауыты осы. Бұл – бір кездері бабаның
            қанында, найзасының ұшында жауды ойнатқан  үлкен
            ержүректер жалғастығы еді.
                 Заман  келбетін  суреттеуде  талай  қаламгерлер
            сиясын  қағытқан  тақырып.  Көктер  мен  жердегі,  ты-
            нымсыз  майдандағы  төгілген  тер  мен  қанның  өтемі.
            Тер дегенім – тыл өмірі, қан дегенім – майдан емес
            пе? Қаһарман қыз Хиуаз Доспанованың өз естелігінде:
            «Тылдағы  еңбек  ерлігі  әр  қадам  жеріміз  үшін  жау-
            мен жағаласқа түскен жауынгерлік ерлікпен астасып,
            ұштасып жатты. Жастар майданға баруды көкседі», –
            деген сөзі бар. Тағы бірде: «Гитлершілдер қарапайым
            нәрсені түсінбеді, еңбектеген баласынан еңкейген ша-
            лына  дейін  қолына  қару  алып,  қарсы  шыққан  елді
            жеңу  мүмкін  емес  еді!»,  –  дейді.  Бір  мақсат,  бір
            мүдде,  бір  халық.  Замананың  қиыншылығы  мен  ар-
            палысына аяулы аналарымыздың жанқиярлық күресі
            бейбіт  күнге  жеткізді.  Тылда  еңбек  еткен  әйелдер
            статистикалық  көрсеткіштерде  сүйенсек,  58%-ды
            құраған  екен.  Майданға  арнап  жасалынған  он  оқтың


                                          64
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70