Page 67 - Сборник эссе
P. 67

шағы болған жоқ, ойнап та үлгермеді. Балалар моралдық
            тұрғыдан  мейірімдікті  құдайдан  ғана  күткен.  Олар
            құдай  деп  алақан  жаймаса  да,  жүректерінде  таудай
            иман болды. Осы кездерде қаншама қазақ қамшысының
            сабы сынды. Талай атпалдай ұл-қыздарынан айырыл-
            ды. Қазақта соғысты ту еткен, жолбарысша жауына
            шапқандай рух берген Жамбылы болды. Сол рухтың
            көрінісін  әлем  бірінші  дүниежүзілік  соғысы  кезінде
            көрді де. Қазақтың көкірегінде кернеген жалғыз жа-
            лау сөз «ел үшін», «бәрі де майдан үшін» деген ұлы
            сөз.  Батырлығының  хақысына  қай  жау  оғы  оларға
            кедергі болды. Әлия, Хиуаз, Мәншүк, Мәдиналардың
            ерлігі  Тұмар,  Бопайлардың  жүрегін  жүрегіне  әкеп
            салғандай.  Мәншүктің  майданда  аспаннан  оқ  жа-
            уып,  тастар  атқылап,  бомбалар  жарылып  жатса  да,
            шырқаған әні – батырлардың үні еді. Еш қаймықпай
            ертеңгі  қазақ  таңының  ататынын  білдірген  ән.  Жау
            ұшағы  Атыраудың  басын  шалғанда  да,  қаймықпады.
            Қорқары  –  тек  бір  үйдің  баласындай  болып  кеткен
            достары, туыстарынан айырылып қалам ба деген ой.
            Одан  өзгесі  түк  емес.  Заман  алыптарды  да,  батыр-
            ларды да, аласы мен қарасында өсіреді. Қиын қыстау
            кезеңді  көтере  алмаған  әскерлердің  болғаны  рас.
            Шындық  –  қашанда  шындық.  Николай  Никулиннің
            «Соғыс  туралы  естеліктер»  кітабында:  «Өзін-өзі  ата-
            тындар әсіресе қазақтардың, өзбектердің және басқа
            да  азиаттардың  арасында  көп  кездесетін.  Олардың
            мүлде  соғысқысы  келмейтін.  Көп  жағдайда  өзін-өзі
            атқандарды  әшкерелеп,  атып  тастайды»,  –  делінген.
            Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» еңбегінде
            типтік  образ  Боранбаевтар  туралы  сөз  болады.
            Олардың әрекеті қорқақтық, әлжуаз, сужүректік деп
            таныған  батыр  Бауыржанның  жауабы  дайын  тұрды:
            «Жасыратыны  жоқ,  соғыстың  алғашқы  күндері  түн
            жамылып, жау жағына өтуді көздегендер де кездесті.
            Кете берсін, сәл ұзаған соң атып тастаңдар», –  деген
            әділ  бұйрығын  тапқан.  Бірақ,  осындай  қоянжүректік


                                          66
   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72