Page 66 - Сборник эссе
P. 66

тоғызы Қазақстанда жасалынған болса, көшеден жігіттің
            көлеңкесі  де  көрінбеген  шақта,  толығымен  астықпен,
            киіммен қамтамасыз ету қажет болғанда,  үлкен күш
            тек  әйелдерге  түсті.  Ауыр  азапты  күндер  аналары-
            мызды қажытқан сәтте, ертеңгі жарық күн үшін жа-
            нын салды, барын берді. Қоғам, соның ішінде әйелдер
            психологиясына  ерекше  әсер  еткен  тұсы  –  Шерхан
            Мұртаза сыр шерткен шығармаларынан көрінеді. «41
            жылғы  келіншек»  әңгімесіндегі  Хадишаның  түсіндегі
            диалогі.  «Ал, шындығында, Хадиша Ақшайдан көрген
            қорлығын арыз етіп айтқанда, сол түсте Мақсұт сай-
            сүйегі  сырқырап  егіліп  еді.  Қаншама  жұбату  сөздер
            айтып еді Хадишаға», - деген авторлық ойдағы парал-
            лелизм, жарасы бітеу, қырық жамау қарасы көрінген
            болатын. Тылда еңбек еткен әйелдердің ерлігінің өзі бір
            төбе, зор мақтаныш болған. Оралхан Бөкейдің «Бәрі де
            майдан»  повесінде  –  тылдағы  қара  жұмыста  жүрген
            жесір  әйел  мен  жетімдер  тағдыры.  Сонда  әйел  бір
            қолымен  бесікті,  екінші  қолымен  әлемді  тербетедінің
            нақ өзі. Оған Алма әженің әңгімесінен үзінді келтірсек:
            «Құстың  балапаны  секілді  кешке  шаршап-шалдығып
            жұмыстан келсең аузын ашып, тамақ дәметіп отыра-
            ды.  Таң  бозынан  есік  алдында  ат  ойнатып  айғайлап
            оятады, қас  қарайып, жұлдыз туғанша жұмысқа са-
            лады.  Кейде  ай  жарығымен  де  жер  жыртып,  арық
            қазып,  жазда  шөп  маялап  жүрдік»,  –дейді.  Асан
            шалдың  өмірлік  аңыздары,  айтулы  сын-сағаттары,
            қоңыраулатқан қара күндер кешенін бейнелеген талай
            тылдың  ұзақ  түндері.  Шен  мен  шекпенге  ұмтылған
            небір  сорақыларды  пасық  етіп  елестеткен.  Ондайлар
            әсте  табылады,  өлсе  жоғалмайды.  Бірін-бірі  қуалап
            желмен бірге әр дәуірде ұшып-қонып жүреді.
                 Отыз жетінің сұрқия саясаты қырық бірінші жылға
            сұрапыл дауыл болып келді. Дауыл әлемді шарпыды.
            Оны Ш. Мұртазаның «Ай мен Айшасындағы» Айшаның
            образы, Мұртазаны күтудегі жанкештілігін айтуға бо-
            лады. Соғыс Барсхандарды тез есейтті. Тіпті балалық


                                          65
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71