Page 68 - Сборник эссе
P. 68
тек қазақтан шығып па?– деген ой ғой келетіні. Олай
емес! Расында, бір дивизия ішінде солдаттардан оннан
бірі немесе мыңнан бірі кездесетіні анық. Тағы бір
факт – қос лейтенантты Быков пен Юрьевичті сап ал-
дында ауыр жазаға кескен болатын. Олардың қателігі
Бәукеңнің өгіз өлмейтін, арба да сынбайтын шешім
қабылдау мінезінен туғандығы белгілі.
Қайсарлықтың шыңырау шегі жоқ. Ардан кетудің
шегі бар екенін көріп отрымыз. Соғыс туралы қаншама
көздер сөйлейді. Бірі – шындық, екіншісі –көркемдікті
ту етеді. Ол да керек. Біздің санамызға тек көркемдікті
жақсы көретін құстар ғана саяламау керек деген
ойым. Тынар жері болса да, өлмектік жоқ. Жаудың
жағасынан алған батырлар біздің көкірегімізге Отан
анаға деген махаббаттың дәнін сеуіп кетті. Өлмес рух,
тәуелсіздіктің алғашқы туын тікті. Баба дәстүріндегі
жаңашылдық ұлттар достығын көрсетті. Менің ой-
ымша, қару алып күрескендер, тылдағы ерлер мен
әйелдер, сонымен бірге ақ халаттылардың да әр за-
манда батыр екенін мойындаймыз. Ол кеше де батыр
болған, бүгін де батыр.
Немістерге қарсы біздің тарап жеңген болса да,
шығыннан соншалықты ұтылғандығын айғақтайды.
Қаза тапқандардың қаңқасы Азияны қоршауға
жетерлік екен. Ол да бір тарихтың беті.
Қорыта келе, өмірдің бізге берері көп. Сынақтардан
сарқыттар қалады. Буындарға кірпіш болып қалануға
сөзсіз септігін тигізеді. Әр заманның өз айнасы, ты-
нысы тамырласып, бүгінгі ұрпақты өсіреді. Тереңдеген
сайын тек бүтініміз жоғалмаса бөлшегімізді қайтарып
алу қолымызда!
67