Page 71 - Сборник эссе
P. 71

ка экономикасы соғыс жағдайына көшіріліп, Қазақстан
            майдан арсеналына айналды. Экономикасы әлсіз елдің
            еш соғыстан жеңіп шыға алмасын есепке алсақ, жеңіс
            үшін  қазақ  даласында  атқарылған  жұмыстардың
            қаншалықты  маңызды  да,  мәнді  болғанын  бағамдай
            беру  қиынға  соқпайды.  Ал,  бұл  мәселе  әлі  де  талай
            зерттеу мен зерделеуді талап етіп отыр.
                 Ендігі  әңгіме  ерлік  жайлы.  Иә,  соғыстың  жеңілі
            жоқ.  Сондықтан,  басын  өлімге  тіккен  әр  жауын-
            гер  сөзсіз  батыр  деген  атқа  лайық.  Қалай  лайық
            болмасын,  егер  күні-түні  қарша  бораған  жау  оғына
            қарамай, бір шегінбей, жанын шүберекке түйіп жүрсе.
            Соғыс даласындағы әр секунд, әр минут шешуші сәт.
            Сондықтан, таңертең тірі жүрген әр жауынгер кешке
            мерт болуының әбден мүмкін екенін жақсы білді. Соны
            біле тұра тайсалмай арпалысты.
                 Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  ерлік  көрсеткендер
            жайлы жазушылар мен тарихшылар жазудай-ақ жаз-
            ды.  Біз  оны  оқулықтардан  да,  естеліктер  мен  әдеби
            шығармалардан  да  жақсы  білеміз.  Оларды  кейінгі
            ұрпақ  өзіне  үлгі  етіп,  мақтаныш  тұтуда.  Ұлы  Отан
            соғысындағы ерліктер жайлы жаза берсек әңгімеміздің
            аясына  сыя  қояды  деп  айта  алмаймын.  Себебі  бұл
            том-том  шығармалардың  жүгі.  Ал,  сол  соғыстағы
            қазақтардың ерлігі мен жанкештілігі өзінше бір әңгіме.
            Біз білетін Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов,
            Сағадат Нұрмағанбетов, Қасым Қайсенов,  қайсар қазақ
            қыздары  Әлия  Молдағұлова  мен  Мәншүк  Мәметова,
            Хиуаз  Доспанова      сияқты  батырларымыздың  өзін
            тізе берсек өте көп. 1945 жылғы жеңістен кейін Кеңес
            Одағының Батыры атағын иемденген Қазақстандықтар
            саны 497 адам деген мәлімет бар. Солдат Ерлігі орденін
            142  қазақстандық  алса,  96638  қазақстандық    Кеңес
            Одағының орден, медальдарымен марапатталған. Сұм
            соғыста  600-ден  астам  қазақстандық  ерлікпен  мерт
            болды.
                 Әрине,  менің  жазып  отырғанымның  барлығы


                                          70
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76