Page 72 - Сборник эссе
P. 72
Кеңес Одағының ресми архивтерінен бізге жеткен
мәліметтерден алынған жай бір ой толғау болар.
Дегенмен, бір анығы біздің білетініміз теңіздегі
тамшыдай ғана дүние. Адамзат тарихындағы өте
ауыр да, зұлмат соғысқа қатысқан қазақтар мен, жеңіс
жолында тер төккен барлық батырларымыздың жеке
өмірі мен майдан жолындағы ерлігін жіпке тізгендей
етіп жазып шығар болсақ, оған үлкен тарихи зерт-
теу жұмыстарын арнасақ түйіні керемет болайын деп
тұр. Біз онда жеңіс үшін қан мен тер төккен өзге де
республикалардың үлесін еш төмендетпей-ақ, қазақ
елінің жеңіс үшін қосқан үлесінің қаншалықты зор
екенін бәрібір де дәлелдей алар едік. Қалай дегенмен
де, қазіргі заманауй мүмкіндіктер мен білімге жасалып
отырған жағдай оған толық алғышарт бола алады.
Біз бүгінде Кеңес Одағының құрамынан шығып,
егемен ел атандық. Ол үлкен жетістік, үлкен мәртебе!
Тәуелсіз елміз! Еркін мемлекетпіз! Дегенмен, өткенімізді
білмей, кешегі бабалар еңбегіне толық баға бермей,
ертеңіміз ерекше боп кетеді деу дұрыс болмайды.
Біздің ендігі міндет, алдағы арайлы күн үшін, өткеннің
тарихын тасқа жазғандай етіп жүйеге келтіру!
Ең бастысы, соғыс болмасын! Бейбіт еліміз берекелі
көштің басында жүрсін! Азапты кездегі ақиқат та,
жеңіс жайлы жазылмаған шындық та әлі толығып,
тайға басқа таңдабай өз орнын табады!
71