Page 69 - Сборник эссе
P. 69

І ОРЫН









                                             Айым ЖҰМАҒҰЛОВА



                 Мен, өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең, ше-
            карасы айнала сызылған тәй-тәй басқан жас тәуелсіз
            елдің  ұрпағымын.  Дүниеге  бүгінгі  таңдағы  тәуелсіз
            Қазақстанның  алғашқы  қарлығаштарының  бірінің
            қатарында келген екенмін. Бұл әрине менің бақытым.
            Елімнің  бүгінгі  бейбіт  заманда  ілгеріге  қадам  жасап,
            заман  көшімен  болашақтың  заңғарларына  қарыштап
            қадам басуына өз үлесімде де қосуға үлкен мүмкіндігім
            бар.
                 Ал, тарих тереңіне үңілер болсақ, адам баласы да
            соның ішінде менің қайсар халқым да талай аласапы-
            ран дәуірлер мен сұм соғыстарды басынан кешірген.
            Сонау замандардағы тайпалық, одан кейінгі қаншама
            батыр  бабаларымның  елі  үшін  атқа  мініп,  жауға
            шапқан кездері ешқашан ұмытылмақ емес.
                 Әлемді әбігер еткен осы бір соғыстардың ішіндегі ең
            бір есте қалары да, қазақ халқының тарихында ерекше
            орын алатынының бірі де 1941-1945 жылдардағы екінші
            дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретіндегі Ұлы
            Отан соғысы. Бұл соғыста Кеңес Одағының 15 респу-
            бликасы  жұдырықтай  жұмылды.  Десек  те,  аталмыш
            майданда қазақ халқының көрсеткен ерлігі мен қосқан
            үлесі  ерекше  назарды,  қайта  зерттеуді  талап  ететін
            сияқты. Бізге белгілі бүгінгі күнге жеткен деректердің
            өзіне  қарап  отырсақ  та,  фашистік  Гармания  Кеңес
            Одағымен 1939 жылдың 23 тамызында жасасқан  ша-
            буыл  жасаспау  туралы  келісімін  бұзып,    шекара-
            сына  баса  көктеп  кірген  1941  жылдың  22  маусымы-


                                          68
   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74