Page 86 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 86

Сəрсеков Жұмағали (1899-1963) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.
            А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 466 б.
                  Сəрсеков  Жұмағали  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.  Р.Н.
            Нұрғалиев.- Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990.- 493 б.
                                                           ***
                  Жанғожин  А.  Алғашқы  редакторларымыз  /  А.Жанғожин,  Е.Лұқпан  //  Орталық
            Қазақстан. - 2001. - 4 қазан.
                  Жанғожин А. Бассейнмен бірге өскен басылым: 30 жылдар / А.Жанғожин, Е.Лұқпан //
            Орталық Қазақстан. - 2001. - 1 мамыр.
                  Жанғожин А. Ойранды жылдардың оғыландары / А. Жанғожин, Е. Лұқпан // Орталық
            Қазақстан.  -  2011.  -  6  қаңтар  (№  1/2).  -  7  б.Жанғожин  А.  "Орталық  Қазақстанның"  30
            жылдарғы  редакторлары  //  Қарағанды  университетінің  хабаршысы.  Филология  сериясы.  -
            2004. - №2. - 101-105  б.
                                                       1949-2008  -  ҚР  еңбек  сіңірген  артисі,  актер
                                                       Рамазан        Рымбекұлы          Баймағанбетовтің
                                                       туғанына 75 жыл

                  Рамазан Баймағамбетов 1949 жылы Абыралы ауданының «Дегелең» совхозында дүниеге
            келген. Ата-анасы оқыған зиялы азаматтар болды, екеуінің де мамаңдығы ұстаздық. Жастайынан
            домбыраға  қосылып  Мəдидің,  Ақан  сері  мен  Біржан  салдың  өлеңдерін  орындап  жүрді.
            Мектептегі  көркемөнерпаздар  үйірмесіне  қатысып,  аудандық,  облыстық  бəйгелерде  көзге  түсті.
            Сегіз  жылдық  мектепті  «Айнабұлақ»  бөлімшесіңде  тəмамдаған  соң,  он  жылдықты
            Егіндібұлақтан  бітіріп,  Қарағандының  Тəттімбет  атындағы  музыкалык  училищесіне  оқуға
            түседі.  Осы  оқу  орнында  жүріп,  ол  баян,  фортепиано,  виолончель,  мондалинде  ойнауға
            үйренеді. Əн мен жырға шебер, музыкалық ерекше қабілеті бар жігітті Сəкен театры жаңадан
            қойылғалы жатқан С.Жүнісовтың «Ажар мен Ажал» спектакліндегі Олжабай деген баланың
            ролінде  ойнауға  шақырады.  Ол  кезде  театрдың  бас  режиссеры  Мұхтар  Қамбаров  болатын.
            Сөйтіп музыка училищесінде оқи жүріп, драма театрында өнер көрсете бастайды. Бойындағы
            қабілеті мен дарынын ерте аңғарган өнер саңлақтары мен театр басшылары оны драма актеры
            болуға  үгіттейді.  Рамазанның  өз  көңілі  де  бірте-бірте  осы  актерлыққа  құлай  берген.  Екінші
            ойнағаны  Арман  атты  баланың  ролі  болды.  Қадамын  енді  бастаған  «бала  қыранның»
            арқасынан  қағып,  театрдың  мұзбалақ  актерлері  Əндекең,  Мұздекең,  Зекең,  Ағдекеңдер
            қанаттандырып,  төбесін  көкке  жеткізгендей  етіп  қойды.  Оған  жас  актер  де  имандай  сеніп,
            жігерлене түсті. Ақыры "менің театр актеры болуым керек" деп шешіп, осыған бел байлады.
                  Бұл 1972 жылдың жазы болатын. Сөйтіп, 19 жасар балғын жігіттің өнердегі өмір жолы
            басталып  кетті.  Саттар  Ерубаевтың  «Менің  құрдастарым»  атты  қойылымында  əке  образын
            сомдау  тапсырылды.  Бұдан  кейін  жас  актерге  тіптен  сенім  артып,  «Қозы  Көрпеш-Баян
            сұлудағы» адам баласының тағысы, мейірімсіз, адамдықтан безінген көрсоқыр Қарабай ролін
            берді. Жас та болса, Қарабайды Рамазан өзінің түсінгенінше ойнап шықты.
                  Сəн-саталтанаты  келіскен,  құйрық-жалы  төгілген  шоқтығы  биік  кейіпкерлері  баршылық.
            Олар «Дос - Бедел Достағы»Жаппас, «Ақкемедегі» Момын шал, «Жақсы кісідегі» Ахмет Хазин,
            «Мұрагерлердегі» Сызғанов, «Ата парызындағы» Өсербай, «Құлыным меніңдегі» Бозтайлақ,
            «Отыз  ұлың  болғаншадағы»  Агабо,  «Волоколамсктас  жолындағы»  Панфилов,  «Ұлпандағы»
            Есеней,  «Алдар  Көседегі»  Шықбермес  Шығайбай,  «Күйеу  болса,  қыз  дайындағы»  көрші,
            «Əділет азабындағы» Бостон, «Таңғы жаңғырықтағы» Жарасбай, т.б. бейнелер.
                  Рамазан актерлікпен қоса режиссерлік мамандықты игеру үстінде жүріп, «Көңілашар»
            атты  жаңа  бағдарламасы,  көрермен  көңілін  шын  мəнісінде  аша  алды.  Бұдан  кейін  қойған
            М.Шахановтың «Танакөз» музыкалық спектаклі де көп көңілінен шығып, өзінің əділ бағасын
            алды.
                  Бесаспап  өнерпаз-əнші,  режиссер  «Ғашықтар  болмайтын  ғасыр»,  «Қаздауысты
            Қазыбек»,  «Алпамыс»,  «Танагөз»,  «Мазар»,  «Əйел  махаббаты»  сияқты  спектакльдерді
            сахналады.
                  Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рамазан Рымбекұлы Баймағанбетов 2008 жылдың 2
            шілдесінде пəниден бақиға аттанды.
   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91