Page 82 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 82
1859-1931- Қоғам қайраткері Қасен Ақайдың
туғанына 165 жыл
Ақайдың Қасені (1859-1931), қоғам қайраткері. 16 жыл қу елінің болысы қызметін
атқарып, ел арасына жаңалық енгізуші, білім мен өнерді қолдаушы болған. Ата қонысында
орналасқан Қоянды жəрмеңкесінің өркендеуіне, орыс, татар, өзбек көпестерімен сауда-
саттықтың дамуына көп күш салған. Дүкен ұстап, қыр қазағының өнеркəсіп өнімдеріне
сұранысын өтеуге тырысқан. Егін егіп, мал тұқымын жақсарту мен айналысқан. Еуропалық
үлгідегі қазақ-орыс мектебін ашып, оны бітіргендерді өз қаражатымен Қарқаралы, Семей,
Омбы оқу орындарында оқытқан. Əнші, күйші, серілерді, фельдшер, ісмер адамдарды
жанында ұстаған. Балуандарымен, жүйрік аттары мен даңқы жайылған.
1905 жылы Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1910 жылы
қазақтарды патша үкіметіне бағынбауға, сырттан көшіп келушілерге жер бермеуге,
Қазақстанды Ресей империясынан бөліп алуға үгіттеді деген айып тағылып, əкімшілік
жағынан жауапқа тартылды.
1917 жылы 16 наурызда Қарқаралы уезі қазақ комитетінің мүшесі болып сайланды.
1918-1920 жылдары Алашорданың елдегі сүйеніштерінің бірі болды. 1921-22 жылдары Кеңес
орындарына елге сыйлы азаматтардың сайлануына ықпал жасады. Аштыққа ұшыраған
Торғай еліне Семей өңірінен жəрдем малын жинастыруға ат салысты. Мал-мүлкі əлденеше
рет тəркіленді.
1927 жылы Қызылжарға, одан Башқұртстанға кетуге мəжбүр етілді.
Әдебиеттер:
Ақаев Қасен // Қазыбек би Келдібекұлы: [аңыз-əңгіме] / құраст. Б. Бақриденқызы. -
Алматы: Балауса, 2017. - 411 б.
Ақайдың Қасені (1859-1931) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А.
Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 95 б.
Асқар Н. Ақайдың Қасені һəм оның тағдыры // Жиырмасыншы ғасырдың тарландары /
Н. Асқар. - Қарағанды: Арко, 2017. – 13- 40 б.
Асқар Н. Ақайдың Хасені, Жайнақтың Қасымы... // Терең тамырлар / Н. Асқар. -
Қарағанды: Арка жəне К, 2016. – 35-38 б.
Асқар Н. Терең тамырлар: [естелік]. - Қарағанды: Арка жəне К, 2016. - 279 б.
Қабдөшев Б. Нығметті оқытқан - Ақайдың Хасені // Үркімбай Р. Елі үшін еміренгендер.
- Алматы: Нұрсəт, 2016. – 203-220 б.
Мамания мектебі // Əбсаттар М. Алаш зиялыларының соңғы сөзі: [естелік]; жоба
жетекшісі А. Өжкен; ред. М. Шапиян. - Алматы: Marfu Press, 2022. - 174 б.
***
Асан М. Ақайдың Қасенінен Ассамблеяға дейін // Орталық Қазақстан. - 2015. - 24
қаңтар (№ 8/9). - 4 б.
Асан М. Ойым - Ақайда, тойым - Тоқайда // Орт.Қазақстан. - 2015.- 6 мамыр (№ 80/81).-
10 б.
Асқар Н. Ақайдың қасені // Абай. - 2019. - № 2. - 40-61 б ; Қарқаралы. - 2017. - №1. - 88-
103 б.
Асқар Н. Қарқаралы оязы, Қу болысы // Қарқаралы. - 2019. - 24 тамыз (№ 34). - 5 б.
Асқар Н. Туған жерге - мың тағзым, тұлғалы ерге - бір тағзым // Орталық Қазақстан. -
2019. - 17 қыркүйек (№ 102). - 4 б.
Əбсаттар М. Алашқа қамқор болған «Атымтай жомарт»... // Қазақ əдебиеті. - 2023. - 17
наурыз (№ 10/11). - 4-5 б.
Дулатбеков Н. Ақайдың Хасені // Орталық Қазақстан. - 2022. - 31 мамыр (№ 58). - 4-5 б.
Жақатаев А. Ақайдың Хасенімен кездескенде // Орталық Қазақстан. - 1993. - 5 тамыз
(№ 135). - 4 б.
Қабдөшев Б. Н.Нұрмақов - қазақ мүддесі үшін құрбан болған азамат: тарих
ғылымдарының кандидаты Б. Қабдөшевпен əңгіме / əңгімелескен Р. Үркімбай // Жұлдыздар
отбасы. - 2015. - № 13. - 20-24 б.