Page 83 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 83

Қабдөшев  Б.  Н.Нұрмақов  -  қазақ  мүддесі  үшін  құрбан  болған  азамат:  тарих
            ғылымдарының кандидаты Б. Қабдөшевпен əңгіме / əңгімелескен Р. Үркімбай // Жұлдыздар
            отбасы. - 2015. - № 13. - 20-24 б.
                  Сауғабай К. Құлын жарғақ... // Сана. - 2000 .-20 сəуір; 15 мамыр; 8 маусым. - 5  б.

                                                       1889  -  1965  -  Төкпе  ақын  Маясар  Жапақовтың
                                                       туғанына 135 жыл
                  Маясар  Жапақов  1879  жылы  (мамыр  айында  кейбір  деректерде)  Қарағанды  облысы,
            Шет  ауданының  Тағылы  тауындағы  Жоса  бұлағында  дүниеге  келіп,  1965  жылы  қайтыс
            болған. Ауыл молдасынан оқып, арабша хат таныған. Он үш жасынан бастап өлеңге, айтысқа
            ден  қоюына  шешесі  Сарқыт  себепші  болған.  Анасы  үйіне  сол  аймақтың  атақты  ақындары
            Қақпан,  Шашубайларды  шақырып,  қонақ  етіп,  баласына  олардың  үлгі-өнегесін  үйретуді
            мақсат еткен.
                  Маясар да жастайынан өлеңге құмар болып өседі. Он бес жасында-ақ Тілекбай дегеннің
            қызымен айтысуы халық арасына кең таралады. Ақынның ертеректе шығарған өлеңдері кəрі
            құлақтың азаюынан хатқа түспей қалған. Маясар Жапақұлы Кеңес үкіметі тұсында қаншама
            тарихи  зұлматтардың  куəсі  болды.  Мал  өсірумен  күнелткен  қазақты  күнкөрісінен  айырып,
            малдарын  колхозға  күштеп  өткізуі,  ашаршылық  жылдары,  кейін  Екінші  дүниежүзілік
            соғысының жалындаған оты ақын жүрегін қарып өтті. Ел мұңы халықтың көрген теперішіне
            бейжай қарамайтын ақынның есті жүрегінен өлең болып төгіледі:
                  Жазғалы қарындашты қолыма алдым,
                  Қызығы болмады ғой жиған малдың.
                  Бір күндік азығы жоқ, үміт бұлдыр,
                  Не болды енді халің, қайран халқым.
                  Маясар ақын Ұлы Октябрь революциясы тұсында колхозға алғашқылардың бірі болып
            кіріп,  аянбай  еңбек  етеді.  1924  жылы  О.  Жандосовпен  бірге  келген  ғалым  Соколовтың
            көмекшісі Төлеген деген жігітке қыруар тарихи шежіре, өлең-жырлар айтып жазғызады.
                  Маясар Жапақұлы ауыз əдебиеті үлгілерін жинап қана қоймай, талай сөз додаларында
            қабырғалы  ақындармен  сөз  тірестірген.  Оған  1943  жылы  республикалық  деңгейде  өткен
            айтыс  айғақ.  Мұхтар  Əуезов  бастатқан  он  бір  адамнан  тұратын  қазылар  алқасы  Маясар
            Жапақовты  бірінші  орынға  лайық  деп  тапқан.  Сол  айтыста  суырыпсалма  ақын  Кененмен
            айтысып,  жеңген  екен.  Аталған  айтыстан  абыроймен  қайтқан  Маясар  ақын  шабыты
            қарқындай  түседі.  М.Əуезов  сол  жолы  өз  басшылығымен  «Маясар  Жапақов»  деген  атпен
            деректі фильм түсіріпті. Ол фильм əлі күнге дейін мұрағатта сақтаулы.
                  Ол өз өмірінде Үкішпен, Болманмен, Нұрлыбекпен, Жəкенмен айтысқа түскен.
                  Ыбырай,  Мəди,  Мұхит  тəрізді  əнші-ақындарды  ұстаз  тұтқан.  Жапақов  Кеңес  өкіметі
            кезіңде Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегін жырлаған ақын ретінде танылды. Екінші
            дүниежүзілік  соғысы  кезінде  «Атыңнан  атам  қазақ  айналайын»  деген  патриоттық  толғауы
            қазақ жауынгерлері арасына кең тарады.
                  Ал 1947 жылы Мəскеу қаласының 800 жылдық тойына қатысқан. Мұнда ол зор
            дауысты ақын екенін танытып, Үлкен театр сахнасында халық пейілін өзіне аудартқан еді.
            Ақынның сонда салған əні пластинкаға жазылып, бүкіл елге тарады.
                  «Октябрьге», «8  мартқа», «Мəскеуге», «Г.  Титовқа», «Сайлау  күніне»  деген  өлеңдер,
            Екінші  дүниежүзілік  соғысына  арналған  жырлары  бар.  М.  Жапақовтан  кезінде
            Шортанбайдың «Қаракесек» , «Ағыбай батыр» дастандары мен өлеңдері, сондай-ақ «Шөже
            мен Кемпірбайдың айтысы», «Шал мен қасқырдың айтысы» атты ауыз əдебиетінің үлгілері
            жазылып алынды.
                  М.Əуезов  атындағы  əдебиет  жəне  өнер  институтының  мұрағатында  М.Жапақовтың
            аузынан  жазылып  алынған  500  беттік  таспа  бар.  Ол  ақын  ғана  емес,  жыршы  да  болған.
            «Лəйлі-Мəжнүн», «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Қамбар», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян
            сұлу»  сынды қисса,  дастандарды  жатқа айтқан.  Əнші жəне  көріпкел  болған.  Өзі  шығарған
            əндерін шəкірттері Рысқұл Жақанов пен Жамал Одықов жеткізген. «Қос қоңыр», «Тағылы»
            əндері айтылып жүр. 1932 жылғы ашаршылыққа арналған поэма іспетті «Қоңырқаяу» деген
            əні бар.
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88