Page 89 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 89
бітіріп, Хатшылықтың шешімімен ОК кеңестік дипломат ретінде шетелдік жұмысқа
жіберіледі. Дипломатиялық салада оқып, жұмыс істеген кезде Египетке, Сирияға (сол кезде
Біріккен Араб Республикасы), Иорданияға бірнеше рет барады. Араб жəне ағылшын тілдерін
жақсы меңгерген, Аймақ тарихы мен қазіргі саяси жағдайды жан-жақты зерттей бастайды.
Дипломатиялық жұмыста (КСРО Елшілігінің үшінші хатшысы) Консулдық қызметінен
басқа, Судандағы КСРО елшілігінің партбюро хатшысы қызметін атқарады.
1962 жылы Судандағы ұзақ шетелдік іссапардан кейін ол КСРО-ға оралып, дəріс
қызметін Қазақстан КП ОК идеологиялық бөлімінде жалғастырды. 1965-1973 жылдары
ҚазМУ Ғылыми коммунизм кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.
Заманында оқырмандардың жақсы бағасын алған «Вот он Арвбский восток» (1967)
кітабының авторы.
1973 жылы 8 тамызда қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Баймұратов Қыпшақбай (1924-1973) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А.
Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 160 б.
1954 – Тың жерлердің игерілгеніне 70 жыл
Тың жəне тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 –
1960 жылдары жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның
25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нəтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі
астықты республикаларының біріне айналды.
Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылдарда 13 млн гектар жер жыртылып, 1955 жылы
одан 1100-1200 млн пұт астық алу жоспарланды.
Қазақстанда 6,5 млн гектардан аса тың жер жыртылды. Тамызда «Астық өндіруді молайту үшін
тың жəне тыңайған жерлерді одан əрі қарай игеру туралы» жаңа қаулы қабылданды. Онда 1956 жылы
тың жерлердегі дəнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн гектарға дейін жеткізу
міндеті қойылды. 1955 жылы тың жерлерде жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар
жер жыртылды. Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның солтүстігіндегі алты
облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай жəне Павлодар облыстарында
жузеге асырылды.
Республика еңбекшілерінің алдында 6,3 млн гектар тың жəне тыңайған жерді игеру арқылы
дəнді дақылдар өнімін арттыру міндеті тұрды.
Республикада жаппай жолдар салынып, жаңа елді мекендер тұрғызылды.
Қазақстан аумағына тың игерушілерді қоныстандыру. Тың жерлерді игеру үшін мыңдаған ауыл
шаруашылық өндірісінің мамандары, ұйымдастырушылары аттандырылды. 1954-1955 жылдары
туысқан Қырғызстаннан, Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан, Прибалтика республикаларынан
Қазақстанға ағылған еріктілер саны 300 мыңнан асып жығылды. Тың игеретін аудандарға адам
күшімен қатар астық комбайндары да, тракторлар да, машиналар мен басқа да ауыл шаруашылығына
қажетті жабдықтар эшелон-эшелонмен жөнелтіліп жатты. Тың игеру кезінде бұрын-сонды болмаған
көлемде жаппай қоныстандыру ісі жүзеге асырылды.
Республикамызды ширек ғасырдан астам уақыт басқарған, қазақ халқының біртуар перзенті
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев «Сталиннен Горбачевқа дейін» деп аталатын естелік кітабында
Қазақстан бойынша «1954 жылы жаңадан 90, 1955 жылы 250 совхоз ұйымдастырылды» деген дерек
келтіреді.
Елуінші жылдардың орта шенінде Қарағанды облысының топырағы құнарлы бөліктерінде тың
игеру науқанының басталуы елеулі оқиғалардың бірі болды. Тың жəне тыңайған жерлерді игеру аса
маңызды рөл атқарды. 1958 жылы 1 млн. 232 га тың жер игерілді жəне 16 ірі тың совхоздары
ұйымдастырылды. Дəнді дақылдар егістіктерінің кеңеюі облысқа 60 миллионнан жоғары нан
пұттарын жинауға септігін тигізді. Осы жетістіктері үшін облыс 1958 жылдың 6 қазанында Ленин
орденімен марапатталды.
Елуінші жылдардың орта шенінде Қарағанды облысының топырағы құнарлы
бөліктерінде тың игеру науқанының басталуы елеулі оқиғалардың бірі болды. Осынау іс
жері егін өсіруге қолайлы Нұра жəне Осакаров аудандарында кең өріс алды. 1954-1955
жылдары «Шахтер», «Щербаковский», «Донской», «Киевский», «Индустриальный»,
Пржевальский атындағы, «Энтузиаст», Абай атындағы, «Комсомол», «Киригизия»,
«Родниковский», «Тракторист», «Теміртау», Чапаев атындағы, «Кузнецкий», «Айнабұлақ» -
барлығы 16 тың совхозы ұйымдастырылылды.