Page 88 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 88
Оның «Қарабұлақ», «Мен қазақпын», «Əйел-ана» əндері жұртшылыққа
танымал.
Алпысыншы жылдардан бастап халық ақыны ретінде жергілікті жəне
республикалық айтыстарға үздіксіз қатысады.
Сонымен қатар «Есей-Дос» атты тарихи дастан жазған. Есей мен Дос
Қаракесектің Керней жəне Əлтеке бұтақтарының батырлары. С. Мұсабеков бұл
дастанында Батыр Баянның жерленген жеріне, неше сарбаз қоса шейіт
болғанына дейін жырына арқау етеді. Осы дастанның желісімен батырлардың
жатқан жерін тапқан. 2016 жылдың 30 шілдесі күні Балқаштың теріскейіндегі
Қарабұлақ елді мекенінің Сары-Баян жотасында опат болған қазақ халқының
сардар батыры Баян Қасболатұлы мен осы жорықта қаза болған сарбаздары
кесенесінің ашылу салтанаты өтіп, бабалар рухына тағзым жасалды.
http://www.shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/341-m-sabekov-samat-1924-1981-shertpe-k-jdi-
sheberi-ajtysker-a-yn-ues-oj-kompozitor.html
Әдебиеттер:
Мұсабеков С. Шалтас // Шет өңірі ақындарының антологиясы / ред. Қ. Тілеубергенов,
Ж. Оспан. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 1998. – 55-56 б.
Самат Мұсабеков туралы əдебиеттер:
Мұсабеков Самат // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы:
Атамұра, 2006.- 413 б.
Мұсабеков Самат (1924-1981) // Шет ауданы: энциклопедия / ред. Ə. Оспан. - Алматы:
ҚазАқпарат, 2013. – 274-275 б.
***
Аман-Жүрсін Т. Қарабұлақтың азаматы // Шет шұғыласы. - 2008.- 28 тамыз (№ 37). - 5
б.
Сүйіндікұлы З. Шет өңіріндегі шертпе күй // Мəдени мұра = Культурное наследие. -
2017. - № 5. - 64-71 б.
1924 - Дипломат Қыпшақбай Баймұратовтың
туғанына 100 жыл
Баймұратов Қыпшақбай Баймұратұлы 1924 жылы Қарағанды облысы, Қараадыр
ауылында қарапайым шаруа, кедей отбасында дүниеге келген. 1929 жылы ол 5 жасқа
толғанда, оның ата-анасы жалпы ұжымдастыру кезінде аштықтан қайтыс болды. Көп ұзамай
ол мемлекеттің қамқорлығына алынады. 1932 жылдан 1940 жылға дейін Харьков
қаласындағы Дзержинский атындағы балалар үйінде тəрбиеленеді. Біраз уақыттан кейін ол
Свердлов облысы, Кунгур қаласындағы еңбек колониясына ауыстырылады.
Қыпшақбай Баймұратұлы еңбек жолын 1940 жылы Пермьдегі кеме жөндеу зауытында
электрмен дəнекерлеуші болып бастайды, ол жерден 1942 жылы майданға аттанады. 1942-
1947 Солтүстік жəне Балтық флоттарында қызмет етеді, Киров флагмандық крейсерінің жеке
барлау бөлімінің командирі болды. Кейін Солтүстік флоттың комсоргы. Ұлы Отан
соғысының қатысушысы жəне ордендер мен медальдардың иегері. 1949 жылы коммунистік
партияға қосылды.
Соғыстан кейін Алматы зооветеренарлық институтының ЛКСМ хатшысы болады. 1948-
1952 жылдары ҚазМУ тарих факультетінде сабақ берді. Содан кейін сол университетте
ЛКСМ хатшысы болды. 1952 жылдан 1955 жылға дейін ол оқуын жалғастыра отырып, Киров
атындағы мемлекеттік университеттің тарих кафедрасында аспиранты болды. 1955 жылы
аспирантураны бітіргеннен кейін бірден Алматы қаласы қалалық партия комитетінің лекторы
болып жұмыс істейді.
1956 жылы Қыпшақбай Баймұратұлы Қазақстан КП ОК шешімі бойынша КСРО СІМ
жоғары дипломатиялық мектебіне жіберілді. 1959 жылы дипломатиялық мектепті үздік