Page 90 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 90

1954 жылға дейін Нұра ауданының шаруашылықтары 83,4 мың гектар алқапқа дəнді дақылдар
            тұқымын  сіңіріп  келіпті.  Ал  1954-1955  жылдардың  өзінде  ғана  бұған  қосымша  100  мың  гектардан
            астам  тың  жəне  тыңайған  жерлердің  игерілуі  Нұраны  облыс  көлеміндегі  астықты  аудандардың
            көшбасшысына айналдырды.
                  1958  жылдағы  облыс  диқандарының  жетістігіне  нұралықтар  20  миллион,  ал  «Шахтер»  бір
            жарым,  Прежевальский  атындағы  совхоз  екі  жарым  миллион  пұт  астық  тапсырып  үлес  қосты.
            Сондай-ақ тың игеру жылдары ұйымдастырылған басқа да шаруашылықтар өз қырмандарынан Отан
            қоймасына неғұрлым мол астық жөнелтулерімен көзге түсті.
                  Бүгінгі ардагерлер ең алғаш өздерімен бірге келіп, борозда тартуға қатысқандардың есімдерін
            əлі ұмытқан жоқ. Мəселен, Прежевальский атындағы совхозда ең алғаш трактор руліне отырып, жер
            жыртуға  қатысқандар  Сергей  Вержак,  Андрей  Глушко,  Аидия  Широкова,  Петр  Белоцерковец,
            «Щербаковский» совхозында алғаш борозда тартқан москвалық П. Боярский, «Донской» совхозында
            тыңға алғаш түрен салған 17 жасар комсомол мүшесі В. Маскевич екен.
                  1955 жылы алғашқы тың игерушілердің қатарында Прежевальский шаруашылығына Александр
            Федорович Христенко есімді жас жігіт те келді. Басында тракторшы, егіс бригадасының бригадирі,
            жөндеу шеберханасының меңгерушісі болып істеген оған көп ұзамай аудан жастарына жетекшілік ету
            сеніп  тапсырылады.  Ал  22  жасында  «Киевский»  деп  аталатын  тың  совхозына  директор  болып
            тағайындалады. Александр Федорович 2002 жылы өмірден озғанша өзінің таңдап алған мамандығына
            адал болып өтті. Бірнеше мəрте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне депутат больш сайланды.
            Көп  жыл  Қарағанды  ғылыми-зерттеу  совхоз  институтын  басқарып,  еліміз  егемендік  алған  тұста
            Халық Қаһарманы атанды.
                  Тың игеру жылдары құрылған шаруашылықтар қазірде аудан, облыс экономикасын өркендетуде
            биік белестен көрініп жүр.
                  Тың  игеру  жылдары  үлкен  ұйымдастырушылық  қабілеттерімен  көзге  түскен    еңбек
            ардагерлерін  жергілікті  халық  ұмытқан  жоқ,  олардың  ауыл  шаруашылықты  дамытуға  қосқан  үлес
            туралы бүгінгі ұрпақ мақтаныш етеді.
                                                      Әдебиеттер:
                  Аршабеков  Т.  Т.  Нұра  ауданының  тарихы  /  Т.  Т.  Аршабеков,  М.  С.  Жакин,  С.  О.
            Жетпісов. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2008. - 279 б.
                  Əмірқызы К. Атақоныс ақиқаты. - Астана: Елорда, 2001. - 410 б.
                  Бекмағамбетов Б. Түрен түлеткен дала = Целина : полвека спустя: қазақ жəне орыс тілдерінде /
            Б. Бекмағамбетов, Т. Байтұрсын. - Қарағанды: Арко, 2004.
                  Жиенбаев Қ. Олар таңдаған жол. - Алматы: Жалын, 1984. - 96 б.
                  Лұқпанов Е. От кешу. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005. - 164 б.
                  Нұра ауданының энциклопедиясы: энциклопедия. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2008. -
            200 б.
                  Осакаровка  ауданы  =  Осакаровский  район:  энциклопедия  /  ред.  А.  Саулебек.  -  Нұр-
            Сұлтан: Кəусар, 2020. - 398 б.
                  Соғыстан кейінгі кезеңде // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин.
            - Алматы: Атамұра, 2006. – 34-35 б.
                  Тың əуендері = Целинные напевы: əндер жинағы. Ноталы / Құраст. Ж. Тұрсынбаев; -
            Алматы: Өнер, 1980. - 75 б.
                  Тың жұлдыздары / құраст. Е. Рамазанов. - Алматы: Қайнар, 1985. - 188 б.
                  Тың планетасы: деректі əңгімелер мен очерктер / құраст. Ж. Елшібеков. - Алматы: Жалын, 1984.
            - 184 б.
                                                           ***
                  Əбдешова А. Ас атасы - нан // Орталық Қазақстан. - 2014. - 12 маусым (№ 108/109).-4 б.
                  Əбілдин Қ. Жалынды жылдар жарқылы // Орталық Қазақстан. - 2004. - 6 шілде. - 8  б.
                  Əбілова С. Тыңмен тамырлас Қырғызия // Орталық Қазақстан. - 2014. - 31 шілде (№
            142/143). - 4 б.
                  Байтұрсын Т. Түрен түлеткен дала // Орталық Қазақстан. - 2004. - 15 қаңтар. - 4 б.
                  Бақтыбаев Ə. Тың жорығы жылдарында // Орталық Қазақстан. - 2004. - 21 тамыз. - 7 б.
                  Балташұлы Е. Егделікке еңкеймейді ер мінез // Орталық Қазақстан. - 2008. - 21 ақпан. - 6 б.
                  Бекмағамбетов Б. Естен кетпес сол жылдар... // Нұра. - 2003. - 28 маусым.
                  Бекмағамбетов Б. Құланөтпес тамыры тереңде жатыр // Нұра. - 2004. - 21 ақпан.
                  Бекішев Қ. Ел байлығын еселеген ерлерім... // Орталық Қазақстан. - 2021. - 6 ақпан (№
            14). - 5 б.
   85   86   87   88   89   90   91   92   93