Page 81 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 81
Қарағанды көмір кенішін алғаш ашушы Аппақ Байжанов, ол 1833 жылы Нұра өзенінен
оңтүстікке қарай Қарағандыбасы деген жерде тас көмір кесектерін табады. Ел ауызындағы
аңызға қарағанда, Қазіргі Қарағандыдағы Ескі қаланың орнында қалы қараған өседі екен.
Сол қарағанның ішінде соңында екі тазысы бар Аппақ деген бір байдың қойшысы қой жайып
жүреді. Бір кезде қойдың бір шеті дүр ете қалады. Жалт қараса бір суыр қашып бара жатыр
екен. Тазылар тұра бастыртады, бірақ, суырдың іні таяу екен, ініне қояды да кетеді. Күн кеш
болып қалғандықтан Аппақ суырдың інінің аузын таспен бекітіп кетеді. Келесі күні ерте
келіп, суырды інінен қазып алады.
Сол күні ін түбінен көмір шыққан екен дейді. Əуелде Аппақ оның не екенін білмейді…
Қара бояу ма деп ойлайды. Бірсыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек
кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар
да шеше алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған отын айнала қоршап
отырғандар тағы да сарапқа салады. – Бірақ бұл алтын да емес, күміс те емес, жез де емес, ал
жəй тас та емес. Не екенін «бір Алла» өзі білсін, - деп отырғанда, бір тас отқа түсіп кетеді. Ол
жана бастайды. Отырғандар: – Тас жанып жатыр, тас жанып жатыр!- деп шу ете қалысады.
Басқалар қолындағы тастарын отқа салады, əлгі тас онан сайын қыза жанады. Сол жерде
«бұл жəй тас емес», «Жанатын тас» болды деседі. Ертеңінде-ақ сол «Жанатын тас» туралы
хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Аппақты бір төре іздеп келген дейді.
Аппақ əлгі төреге тасты тапқан жерін көрсетеді. Ол үшін Аппаққа ат тұяғындай алтын, қой
тұяғындай күміс берген екен. Карағандыдағы тұңғыш рет ашылған «Қаразабой» деген шахта
сол Аппақтың көмірін тапқан жерінен ашылған дейді.
Әдебиеттер:
Аппақ Байжанов // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев.-
Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990.- 104 б.
Аппақ Байжанов // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы:
Атамұра, 2006.- 122 б.
Нұралин Н. Қазыналы қойнаулар /К.Жəмінов, Т.Едіресов.- Алматы: Қазақстан, 1983.- 160 б.
Өлке фольклоры: Библиогр. əдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-əмбебап
кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова.- Қарағанды: б.ж., 2000.- 40 б.
Сейдімбеков А. Қойшы тапқан қазына // Сейдімбеков А. Кеніш: Қарағанды облысы туралы
кітап.- Алматы: Жалын, 1979.- 8-17 б.
Мұқышев Қ. Аппақ туралы аңыз // Мұқышев Қ. Поэмалар. - Алматы: Қазақ мемлекеттік
көркем əдебиет, 1959. – 3-15 б.
***
Апақ туралы аңыз // Орталық Қазақстан. - 2014. - 8 ақпан (№ 25/26). - 3 б.
Аршабеков Т. Көмір кенішінің ашылуы немесе ескі қала // Орталық Қазақстан. - 2020. -
29 тамыз (№ 94). - 8 б.
Əнуарбек Ə 300 жылға жететін көмір қоры // Түркістан. - 2017.-7 қыркүйек (№ 36). - 7
б.
Баймұханов М. «Қазақ - Алла тағаланың сүйікті халқы»: журналист М.Баймұхановпен
сұхбат / сұхбаттасқан Е.Ерболұлы // Арқа ақшамы. - 2015. - 5 наурыз (№ 9). - 10 б.
Жанғожин А. 250 сомға сатылған тоқымдай жер: Қазыналы қарашаңырақ /А.Жанғожин,
Е.Лұқпан // Орталық Қазақстан.- 2003.- 4 желтоқсан.-3 б.
Каренов Р. Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы жəне кен білгірі // Саран газеті. -
2019. - 6 февр. (№ 11). - 10 б.
Лұқпан Е. Қарағанды тас көмірін алғаш тапқан: Апақ Байжанов туралы алып-қашты əңгімелер
төңірегінде // Орталық Қазақстан.- 2004.- 19, 27 сəуір.-8 б.
Мақаш Д. Апақтың ұрпақтары ертеңіне сенімді // Орталық Қазақстан.- 2001.-27 қазан
Омарқызы З. «Апақ Байжанұлы туралы айтарым бар»: А.Байжанұлының немересі
З.Омарқызымен əңгіме /əңгімелескен С.Сексенұлы // Орталық Қазақстан.- 2004.- 24 маусым.-6 б.
Сексенұлы С. Апақ ескерткішінің ашылуы // Орталық Қазақстан.- 1999.- 1 қыркүйек.-1 б.
Сексенұлы С. Жұман бай мен баласы Тəти туралы шындық // Орталық Қазақстан.- 2005.- 20
қазан.- 12 б.
Тойбек Ж. Ұлыларымызды ұлықтай білейік // Орталық Қазақстан.-2006.- 20 мамыр.-10 б.
Ілияшева С. Аппақ тапқан қара алтын // Орталық Қазақстан. - 2023.-5 қаңтар (№ 1). - 1
б.