Page 98 - 2023_kzd
P. 98

қажеттіліктердің жеделдетіліп дамуы себеп болды. Бұл қаланың және аймақтың өмірінде ғана
            емес  сонымен  қатар  сол  кезеңде  Қазақстандағы  бірінші  политехникалық  институт
            болғандықтан республиканың өмірінде де ерекше оқиға болды.
                  Политехникалық  институттың  басшылығы  қазіргі  заманғы  оқу-материалдық  базаны
            жеделдетіп  қалыптастыруға  курс  ашылды.  Бас  оқу-зертханалық  корпустың  құрылысы
            басталды, ғылыми зерттеулердің ұйымдастырылуында алғашқы қадамы жасалды. Сол кезеңде
            Қарағанды плитехникалық институтына Қазақ КСР ғылым академиясының Президенті Қаныш
            Имантайұлы Сәтпаевтың келуі қолайлы болды.
                  1958 жыл тау-кен институтының политехникалық институт болып өзгеруімен қатар 157
            политехник-тау-кен  инженер  технологтары  мен  электрмеханиктерінің  алғашқы  түлектері
            бітіріп шыққандықтан екі есе елеулі болды. Олардың басым көпшілігі өздерін жоғары білікті
            маман ретінде көрсетті. Солай, И.Ф. Грязнов, В.А. Топилин, И.Т. Волочаев көп жылдар бойы
            Қарағанды және Донецк көмір бассейіндерінің ең ірі шахталарын басқара отырып, көмір өндіру
            бойынша  ең  жоғары  техникалық-экономикалық  көрсеткіштерінің  жетістіктерін  қамтамасыз
            етті; техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.Н. Әділов Ұлттық ғылым академиясының
            корреспондент-мүшесі  болып  сайланды;  техника  ғылымдарының  докторы,  профессор  А.  Н.
            Данияров  көп  жылдар бойы  институттың  проректоры  болып  жұмыс  істеді  және  өнеркәсіптік
            көлік  кафедрасын  басқарды;  техника  ғылымдарының  докторы,  профессор,  нарықтық
            қатынастар институтының директоры А.А. Әлімбаев; Сәтпаев қаласының Құрметті азаматы Т.
            Исмағұлов  «Жезқазған  түсті  металдары»  ҰӨБ,  «Қазақмыс»  бірлестігінің  бас  энергетигі,
            «Жезэнерго» АБ президенті болып жұмыс істеді.
                  Елуінші  жылдарды  соңында  КСРО  жоғары  оқу  орындары  Министрлігінің  ұсынысы
            бойынша  жоғары  оқу  орындары  өндірістегі  жұмыспен  оқытуды  келістіруге  ауыстырылды.
            Осыған сәйкес күндізгі оқу бөлімінің студенттері таңдап алынған мамандыққа сәйкес өндірісте
            жұмыс  істеді  және  жоғары  оқу  орнында  оқыды.  Оқытудың  мұндай  қиыстырулы  жүйесі
            тәжрибелі дайындық бөлімінде кейбір жақсы жақтарына ие болды, бірақ ол тұтас алғанда оқу
            процесін ұйымдастыруда үлкен қиындықтар тудырды. Сондықтан одан тез арада бас тартып,
            жазғы уақытта өндірістік практика өтумен бірге оқытудың дәстүрлі жүйесіне ауысты.
                  Қарағанды  тау-кен,  политехникалық  институты,  қазіргі  Қарағанды  техникалық
            университетінің қалыптасуында және дамуында құрамы төменде жылдар бойынша көрсетілген
            ректорат үлкен рөль атқарды.
                  Ректорлар
                  Юнус Қадырович Нұрмұхамедов – т.ғ.к., доцент (1953 – 1955 жж)
                  Әбілқас Сағынович Сағынов – т.ғ.д., профессор (1955 – 1987 жж)
                  Александр Григорьевич Лазуткин – т.ғ.д., профессор (1988 – 1993 жж)
                  Геннадий Георгиевич Пивень – т.ғ.д., профессор (1994 – 2008 жж)
                  Арстан  Мауленұлы  Ғазалиев  –  х.ғ.д.,  ҚР  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  ҚР  ҰҒА
            академигі, (2008 жылдан)
                  Ибатов  Марат  Кенесұлы  -  профессор,  техника  ғылымдарының  докторы  (2016  жылдың
            желтоқсан айынан бастап қазіргі таңға дейін)
                  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  18.02.2022  жылғы  №67  қаулысымен  Қарағанды
            Техникалық  университетіне  академик  Әбілқас  Сағыновтың  есімі  берілді.  Бұл  есімді  беру  –
            Ә.Сағыновтың  отандық  ғылым мен білім саласындағы  сіңірген еңбегінің мойындалуы болып
            табылады.  Ол  30  жылдан  астам  уақыт  Қарағанды  тау-кен,  содан  кейін  политехникалық
            институтын  басқарды.  Ә.Сағынов  оқу  процесін  ұйымдастыру,  ЖОО-ның  профессорлық-
            оқытушылық  құрамы  мен  материалдық  базасын  нығайту,  өнеркәсіп  үшін  жоғары  білікті
            инженерлік  кадрларды  даярлау  бойынша  үлкен  жұмыс  атқарды.  Сондай-ақ  оның  ғылыми
            жетекшілігімен  жүргізілген  зерттеулердің  нәтижелері  тәжірибе  жүзінде  қазіргі  уақытқа  дейін
            кеңінен қолданылады.

                  https://www.kstu.kz – Ә.Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті сайты

                                              ҚарМТУ туралы әдебиеттер:
                                                             98
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103