Page 27 - 2023_kzd
P. 27

Сағынтай С. 1943. 29 қыркүйек // Орталық Қазақстан. - 2008. - 16 тамыз (№126-127) . - 4 б.
                  Суханберлин О. Батырға ескерткіш орнатылды // Орталық Қазақстан. -2017. - 8 тамыз.-1 б.
                  Тоғамбеков С. Ерлікті дәріптеу - қастерлі парыз // Орталық Қазақстан. - 2015. - 12 наурыз
            (№ 38/39). - 3 б.
                  Төлеутаев Ш. Ұлы халықтың ұлы жеңісі // Коммунизм таңы. - 1987. - 9 май (№ 56). - 2 б.
                  Тұрсынғалиев  Р.  Ескерусіз  қалған  ер  есімі  [Электрондық  құжат]  //  Интернет
            материалдарынан.- 2005
                  Ұлы Отан соғысының қарқаралық батырлары // Қарқаралы. - 2000. - № 1/2. - 6-7 б.
                  Шалқар Ж. Батыр музейі ерлікке үндейді//Орталық Қазақстан.-2020.-17 наурыз(№ 30).-6 б.
                  Ысқақова Б. Батырмен дидарласты // Орталық Қазақстан. - 1975. - 7 май (№ 107). - 2 б.

                                                          15  наурыз  1923  –  2017  -  Жазушы  Аппаз
                                                          Қаражігітовтың туғанына 100 жыл
                  Аппаз  Қаражігітов  1923  жылдың  15  наурызында  Қарағанды  облысы  Ұлытау  ауданы
            Сарысу ауылында туған. 1953 жылы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін
            бітірген.
                  Ауылында  колхозшы,  колхоз  есепшісі,  мектептерде  мұғалім,  мектеп  директоры,  1942-
            1943  жылдары  Қызыл  Армия  қатарында  болған.  1970-1984  жылдарда  Қарағанды  облыстық
            газетінде  тілші,  Жезқазған  облыстық  газетінде  бөлім  меңгерушісі,  1984-1990  жылдарда
            Жезқазған  баллар  театрының  әдеби  меңгерушісі,  1990-1998  жылдарда  Қазақстан  Жазушылар
            одағы Жезқазған облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.
                  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аппаз Қаражігіт–Баймендіұлы әуелде оқырман
            қауымға  поэма,  баллада  және  өлеңдерімен  танылып,  кейіннен  проза  жанрына  қалам  тартып,
            өмірге айтарлықтай тартымды шығармалар әкелген талантты жазушылардың бірі. Жазушының
            1976 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Ақмоншақ» повесі мен әңгімелер жинағынан
            кейін  іле-шала  «Шақпақ»,  «Әке  дауысы»  кітаптары  шыққан  еді.  Бұдан  кейін  1993  жылы
            «Майқоңыр»  романы,  1998  жылы  «Қайран  шеше»  повестері  мен  әңгімелері  жарық  көріп,
            оқырманнан  өз  бағасын  алған  болатын.  Әсіресе,  жазушының  «Әке  дауысы»  кітабы  1991
            жылдың әдеби жыл қортындысында таңдаулы шығармалар қатарында аталып жазушыға үлкен
            мерей  әпергентін.  «Баубек»  атты  пьесасы  үшін  Қазақстан  Журналистер  одағының  сыйлығын
            алған. Сонымен бірге «Қайран шеше» (1991), «Абыздар биігі» (2001), атты кітаптардың авторы.
            Драматургия  саласында  «Баубек»,  «Сәкеннің  атылуы»,  «Махаббат  азабы»,  Қияндағы  жалғыз
            үй» пьессалары Жезқазғандағы С.Қожамқұлов атындағы сазды драма театрында қойылды.
                  А.Қаражігітов Жезқазған қаласының, Ұлытау ауданының құрметті азаматы, ҚР мәдениет
            қайраткері (2003). 2017 жылы желтоқсан айында 94 жасында өмірден озды.
                                                       Әдебиеттер:
                  Қаражігітов А. Абыздар биігі: публицистикалық ғұмырнамалық эссе. - Астана: Сарыарқа,
            2001. - 300 б.
                  Қаражігітов А. Ақын мүрдесі Магаданда ма? // Тұғыры биік тұлға: зерттеулер, естеліктер,
            мақалалар / құраст.: Р. М. Сейфуллина, Қ. Құсайынов; алғы сөз авт. Ғ. Жайлыбай. - Алматы: Үш
            Қиян, 2002. - 371-377 б.
                  Қаражігітов А. Әке дауысы: Повесть және әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1991.- 144 б.
                  Қаражігітов А. Қайран шеше: Әңгімелер мен хикаяттар.- Алматы: Ана тілі, 1998.- 232 б.
                  Қаражігітов А. Сөнбеген шырақ: әңгімелер мен повесть ; Қарағанды облысының әкімдігі. -
            Астана: Фолиант, 2014. - 309 б.
                  Қаражігітов А. Тандамалы шығармалар. - Алматы: Таймас баспа үйі, 2013 -   2                т.:
            Жанайқай: хикаяттар мен әңгімелер. -  2013. - 399 б.
                  Қаражігітов А. Таңдамалы шығармалар. - Алматы : Таймас баспа үйі, 2013 -  1 т.: Абыздар
            биігі: хикаяттар мен әңгімелер. - 399 б.
                  Қаражігітов А. Шақпақ: повестер / А. Қаражігітов. - Алматы: Жалын, 1983. - 106 б.
                  Ормантаев А.  Ауыл театры / А. Ормантаев, А. Қаражігітов. - Алматы: Қайнар, 1984. - 197
            б.

                                                             27
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32