Page 9 - Отан ұлдары жадынама
P. 9
Ғылым жолындағы қуғын-сүргін
«Абайдың әдеби мектебі» диссертациясын (1951 жылы 7 сәуір) қорғау еліміздің
тарихындағы елеулі оқиғаның бірі болды. Диссертация ойдағыдай қорғалған, бірақ ұстаз
бен шәкірт – Әуезов пен Мұхамедхановты айыптау тоқтамады. Диссертацияны қорғау
кезінде басталған айыптаулар, абайтану барысын талқылауда, сондай-ақ 1951 жыл бойы
баспасөзде тапсырыс бойынша жазылған мақалалармен жалғасын тапты. Мұның соңы
Мұхамедхановты Абай мұражайы директоры және оқытушы қызметінен босатумен
аяқталған. Сол жылы Қ.Мұхамедханов 1951 ж. 1 желтоқсанда тұтқынға алынады, ол
Семей және Алматы қ. НКВД түрмесіне, Қарағандыдағы «КАРЛАГ» лагеріне қамауға
алынып, шектен шыққан азаптаулар – ыстық және суық камера, тырнақ астына ине
жүгірту, басқа су тамызу, моральдық қысым және өлім жазасымен қорқытумен азаптайды.
Бірақ, ғалым «Абай мектебі бар» деп жауап береді. Ғалым ғылыми идеяларынан бас
тартпайды, қазір халық мақтанышына айналған Абай мектебін сақтап қалады. Яғни, сол
кезде Абай шәкірттері буржуазияшыл ұлтшылдар қатарына жатқызылады, тек бір
идеология – марксизм-ленинизм мектебі ғана мойындалған...
Қ.Мұхамедхановтың мемлекеттік рәміздерді әзірлеуге қосқан үлесі.
Қайым Мұхамедханов – Қазақ ССР-і мемлекеттік Гимні мәтінінің авторы. (1945).
27 жасында 1943 жылы жарияланған конкурстың жеңімпазы атанған. Республика Гимінің
алғашқы жолдары «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» - деп басталады. Ол жылдары
мұндай жалын атқан сөзді тек нағыз патриот қана жаза алған, өйткені сол замандағы билік
өз халқын ер, ержүрек деп айтуға жасқанған, сол себепті «ер» сөзін «біз» деген сөзге
ауыстырған. Бұл мәтін 30 жасар композитор М.Төлебаевты музыка жазуға
шабыттандырып. Бұл гимн бірнеше онжылдықтар бойы айтылған. 1992 жылы Қайым
тәуелсіз Қазақстанның Әнұранын шығаруға арналған байқауға қатысып, мәтіні тағы
жеңіске жетеді. Бірақ бұл жолы Қ.Мұхамедханов «авторлар ұжымын» қосатын
болғандығы себепті қатысудан бас тартады.
Қайым Мұхамедхановтың шығармалары:
Ғылыми зерттеулерде, қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып,
зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми
шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған екен. Оның тарихи
шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 800-ден
астам. Мысалы, «Халық ақыны Сапарғали Әлімбетов шығармашылығы жайында», «Мақы
Шыңғысұлы Уәлиханов – алғашқы кәсіби қазақ суретшісі», «Қ.Еркебаев және
С.Әлімбетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай
бейнелері», «Тағы да Айқыз туралы», «І.Бораганский», «Қаракерей Қабанбай», «Бұқар
жырау», «Шешен Сабыржан», «Сабыржан Ғаббасов» және тағы басқа мақалаларындағы
тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларында өз орнын алған. Ал, «Абайдың бұрын
жарияланбаған өлеңдері», «Түзелгені қайсы? Түсініктері қайсы?», «Қазақ әдебиетінің адал
досы», «Саади Ширази», «Құдай деген сөзден құдай сақтасын» және т.б.
мақалаларындағы әдеби-танымдық, тарихи ой-түйіндер көптеген ғалымдардың болашақ
зерттеулерінің ғылыми діңгегіне айналған.
Сондай-ақ, қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ
әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбектерінсіз елестету мүмкін
емес. Бұл туралы белгілі Әуезовтанушы ғалым Тұрсын Жұртбай өзінің «Қайсар ғалым»
(1989, «Жұлдыз») деген мақаласында: «Қ.Мұхамедханов – Абай өлеңдерін жинаушы,
Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына
түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген
текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған