Page 7 - Отан ұлдары жадынама
P. 7

Мұхамедханов:  «Әлихан  Бөкейханұлының  еңбегін  оқу  арқылы  мен  тұңғыш  рет  өз
                  халқымның шынайы тарихымен және мәдениетімен таныстым» деген.

                                                        Жазықсыз жала
                         Мұхамедхан  Сейтқұлов  1921,  1928,  1932  жылдары  тұтқындалып,  мүлкі
                  тәркіленген. Ал, 1937 жылы 24 қарашада НКВД жендеттері «Мұсылман дінбасыларының
                  Семейде  болған  Кеңес  үкіметіне  қарсы  тобына  белсене  араласқан»  деген  жаламен
                  тұтқындайды.  1937  жылдың  2  желтоқсанында  үкім  шығарып  нақақтан  ату  жазасына
                  кесіледі. Жерленген жері әлі күнге дейін белгісіз.
                         Мұхамедхан  Сейітқұлов  1989  жылы  25  сәуірде  КСРО  Жоғары  Кеңесі
                  президумының       қаулысымен      ақталады.    Алаш     меценатының      немересі,   Қайым
                  Мұхамедхановтың қызы Дина Мұхамедхан атасының жерленген орнын әлі де іздестіруін
                  жалғастыруда.
                         Тарихи  деректерге  сүйенсек  Мұхамедхан  Сейтқұлов  отырған  түрме  (орналасқан
                  жері – Семейдің орталық тұсы) 300 жыл бұрын Элизавета патша заманында салынған. Бұл
                  түрмеге бір кездері Федор Достаевский де, Әлихан Бөкейханұлы да, Ахмет Байтұрсынұлы
                  да, Міржақып Дулатұлы мен Тұрағұл Абайұлы да қамалған екен. Көне түрме 2019 жылы
                  бұзылған.
                         Биыл алаш меценаты, сталиндік қуғын-сүргін құрбаны, ХІХ ғасырдың соңы – ХХ
                  ғасырдың  алғашқы  үш  он  жылдығында  қазақ  халқының  рухани  дамуына  ықпал  еткен,
                  көптеген  қолжазбалар  мен  тарихи  өлең-жырларды  жинақтаушы  және  мәдени  мұраны
                  сақтаушы Мұхамедхан Сейтқұловтың дүниеге келгеніне 150 жыл. Замандастарының зор
                  құрметіне  ие  болған,  Алаш  меценатының  құрметті  азаматы  атанған  Мұхамедхан
                  Сейтқұловтың құрметіне Қарағандыда көше аты берілген.

                                       Қайым  Мұхамедханов  1916  жылы  5  қаңтарда  қазіргі  Семей,
                                       бұрынғы Заречная слободкада дүниеге келген. Кезінде бұл өңір Алаш
                                       қаласы  деп  те  аталған  Қайым  Мұхамедханов  бала  кезінен  қазақтың
                                       біртуар  азаматтарының  тәрбиесін  көріп  өскен.  Оған  себепкер
                                       жоғарыда  айтылғандай  ғалымның  әкесі  Мұхамедхан  Сейтқұлұлы
                                       болған.  Осындай  үлкен  басқосулар  мен  қазақтың  халық  ауыз
                                       әдебиетінің мол мұралары күні-түні жырланып, әні шырқалып жатқан
                                       қасиетті  ортадан  жас  Қайымның  алар  тәлім-тәрбиесі  де  мол  болған.
                                       Қайым  Мұхамедхановтың  өмір  жолындағы  ұлтжандылық,  нағыз
                                       ұлтшылдық       бағыттың      қалыптасуына       осындай      мағыналы
                  басқосулардың да себебі болғандығы жайлы ғалым өз естеліктерінде де көп жазған. Және
                  осындай жиындарда әкесінің достары берген тапсырмаларды орындайтын болған мысалы,
                  Ыдырыс  Мұстамбаевтың  тапсырмасы  кітапты  араб  харпімен,  көркем  жазумен  көшіру
                  немесе түрлі тілдерге аударумен айналысқан, сондай-ақ, ғалым өзінің алғашқы өлеңдерін
                  де үйге келген әкесінің достарына оқыған.
                         Қайым  Мұхамедханов  1924-1928  жылдары  Семей  қаласындағы  бастауыш  қазақ
                  мектебінде оқиды. 1929-1932 жылдарда Семей қаласы колхоз жастары мектебінде білімін
                  жалғастырады. 1936-1937 жылдары мұғалімдер даярлайтын екі жылдық курсын аяқтайды,
                  курстан  кейін  1938-1941  жылдары  Семей  педагогикалық  институтында  филология
                  факультетінде  оқиды.  Әкесі  тұтқындалғаннан  кейін  Қ.Мұхамедхановқа  отбасын  асырау
                  үшін  15  жастан  бастап  көп  жұмыс  істеуге  тура  келеді.  Ол  кемежайда  жүк  тасушы,
                  жұмысшы,  кадр  бөлімі  қызметкері,  мәдениет  қызметкері,  мұғалімдік  қызметтерді
                  атқарады.  Семей қаласының әртүрлі мекемелерінде сабақ береді. Үздік педагог-тәлімгер
                  өмірінің  60  жылдан  астамын  жастарды   тәрбиелеу  және  білім  беру  ісіне  арнаған. Абай
                  мұражайының  директоры  қызметін  атқарған,  «Абайдың  әдебиет  мектебі»  тақырыбына
                  кандидаттық диссертация қорғаған (1951). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әдебиетке 1930
                  жылдың орта шенінде келген ол алғашқыда өлең-жырлар, драматургия жанрында бірқатар
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12