Page 6 - Отан ұлдары жадынама
P. 6
кезде алты жаста болған Қайым Мұхамедханов тыңдап, көріп өскен. Ол әкесінің Алаш
зиялыларымен, жазушылар мен композиторлар, халық ақындары, өнер адамдарымен
жақын байланысын тыңдап жадына тоқып өскен. Және, ең алғаш өзінің досы әрі ұстазы
болған Мұхтар Әуезовті де осындай жиындардың бірінде көреді.
Мұхамедхан Сейтқұловтың үйі
Қазақ басылымдарының демеушісі
Қайым Мұхамедханов: «Әкем Мұхамедхан заманына сай көзі ашық, сауатты адам
еді. Бойына біткен кісілігінің арқасы шығар, ертеден ұлы Абай төңірегімен аралас-құралас
болған. Бергі төңкеріс кезінде Семейде шыға бастаған Алаш үні «Сарыарқа» газеті мен
Жүсіпбек пен Мұхтар шығарған «Абай» журналына қазіргі тілмен айтқанда, меценат
ретінде демеушілік көрсетуі сол ұлы ақынның өнеге-тәрбиесі емес деп кім айтады?! Әкем
қойын дәптеріне бүгін ана газетке пәлен сом, мына журналға түген сом көмек жасадым
деп тіркеп қояды екен. 1937 жылы әлгі дәптер өзімен бірге тәркіленіп, қамауға алынды.»
Бұдан бөлек, М.Сейтқұлов тағы да басқа көптеген қазақ басылымдарына қаржылай
көмек беріп, жарыққа шығуына көмек берген және Әлихан Бөкейхановтың Семейдің сол
жағалауында өткен жиынында қалаға «Алаш» атауын қайтару туралы мәселесін
көтергенде оған қолдау беріп, қалаға «Алаш» атауын қайтаруды нақтылы дәлелдермен
қорғаған.
Мұхамедхан Сейтқұловтың кітапханасы
Мұхамедхан Сейтқұлов орыс, қазақ, татар тілдеріндегі көптеген газет -
журналдарды, оның ішінде тұңғыш қазақ журналы «Айқап», «Қазақ» газетін, татар газеті
«Уақыт», «Шора», «Тәржіман», «Сарыарқа» журналдарын жаздырып алған. 1917-1918
жылдары Семейде қазақ меценаттарының демеушілігімен жарық көрген «Абай» журналы
да осы үйден табылатын болған. М.Сейтқұловтың жеке кітапханасы үнемі халық ауыз
әдебиеті, әлем, орыс классиктерінің шығармаларымен жаңарып, толықтырылып отырған.
1909 жылы Петербургте басылып шыққан Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы, 1912 жылы
Семейде жарық көрген Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік -Кебек», «Қазақ
айнасы» т.б. шығармаларымен толыға отырып, біртіндеп М.Сейтқұловтың ұлы Қайым
Мұхамедхановтың оқитын кітаптарына айналған. Сондай-ақ, кітап сөресінде «Россия.
Полное географическое описание нашего отечества» (редакторы Семенов-Тян-
Шанскийдің) және 1903 жылы басылып шыққан Әлихан Бөкейханұлының 18 томдық
қазақ тарихына арналған көптомдық «Қырғыз өлкесі» деген еңбегі де орын алған. Осы
дүниелер бала Қайымның санасын сілкіндіріп, білім көкжиегін кеңейткен. Қайым