Page 10 - Отан ұлдары жадынама
P. 10

теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі
                  әдеби  нұсқаларды,  ел  аузындағы  өлең-жырды,  әңгіме-аңызды  қағазға  түсірген
                  фольклорист»,  –  деп  бағалайды.  Ғалымға  берілген  бұл  бағадан  шығармашылық
                  еңбектерінің  сан  тарау,  сан  салалы  екенін  байқауға  болады.  Әсіресе,  Абай
                  шығармаларының  тарихы  мен  текстологиясы  туралы.  Қолжазбалар  мен  мұрағат
                  материалдарын  анықтап,  сақтап  және  зерттей  келе  Қ.Мұхамедханов  Абай,  Шәкәрім,
                  Әуезов,  алаш  зиялыларының  шығармашылығын  зерттеудің  тұтастай  ғылыми  бағытына
                  жол салды.
                         Қ.  Мұхамедхановтың  ақын  жолы  - алғашқы  өлеңдері  (жасөспірім  кезінде
                  жазылғаны)  1936  жылдан  бастап  жариялана  бастаған.  Ол  100  ден  аса  өлеңдер  мен
                  поэмалар жазған, сондай-ақ, 1954 жылдың қаңтарында Карлагта Қ.Мұхамедханов он бес
                  күн  ішінде  Н.Карамзиннің  «Сормаңдай  Лиза»  повесін  қазақ  поэзиясы  тілімен  аударған.
                  Қазақ әдебиетінде орыс прозасын қазақ поэтикалық тілімен аударудың бар жоғы үш қана
                  мысалы бар. Бұлар – М.Лермонтовтың Абай аударған «Вадим», А.С.Пушкиннің Шәкәрім
                  аударған  «Дубровский»,  Н.Карамзиннің  Мұхамедханов  аударған   «Сормаңдай  Лиза»
                  шығармалары болған және ғалымның ғылыми ізденістерінің қатарынан Рылеев, Семенов
                  Тян-Шанский, Крачковский, Веселовский, Бартольд, Уәлиханов пен  Достоевский, Каюм
                  Насыйри, Ғабдолла Тоқай, Шариф Камал, Берді Кербабаев, Тоқтағұл, Мицкевич, Хусаин
                  Фаизханов, Хамза Ниязи, Микаэл Налбандян, Сулейман Стальский, Ильяс Бораганский,
                  Ян  Райнис,  Лу  Синь,  Адам  Мицкевич,  Ежи  Юрандет,  Тарас  Шевченко  және  т.б.  орын
                  алады.
                         Сонымен       қатар,     Қ.Мұхамедханов       Шәкәрім       Құдайбердіұлының        да
                  шығармаларының        текстологиялық       жағынан     дұрыс      басылуына,     өлеңдерінің
                  хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазған. Сол мақалаларының өзі
                  бүгінгі шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылған. Және де
                  бұдан басқа да көптеген шығармалары жарық көрген: «Толқын», «Майданнан майданға»,
                  «Ер Білісбай», «Комиссар Ғаббасов», «Перне», пьесаларының авторы. Ол түрлі тілдерден
                  қазақ тіліне аударма жасау арқылы әр халықтың мәдениетін түсінуге елеулі үлесін қосқан.
                  Шариф  Камалдың  «Қажы  әфенді  үйленеді»  комедиясының  татар  тілінен  қазақ  тіліне
                  аударылуы,  Әзірбайжан  драматургі  У.Гаджибековтың  «Аршин  мал  алан»  қазақшалануы
                  1970  жылдары  театр  сахналарында  үлкен  жетістікке  жеткен.  Қ.Мұхамедханов  аударған
                  шығармалар  қатарынан  Пушкиннің  «Русалка»  поэмасы,   француз  драматургы  Пьер
                  Огюстеннің Бомаршенің «Женитьба Фигаро» шығармасы бойынша пьесасы, Боккаччоның
                  «Декамерон», поляк драматургы Ежи Юрандоттың  «Такое время» т.б. орын алады.

                                                   Ғалым еңбегінің еленуі...
                         КСРО  Жазушылар  одағының  мүшесі,  профессор,  қазақ  әдебиетінің  абайтану
                  мектебінің  негізін  қалаушылардың  бірі,  ғалым  Қайым  Мұхамедхановтың  ұзақ  жылғы
                  еңбегі бағаланып  1996 жылы ұлы  ақын  Абай Құнанбайұлының  150 жылдық  мерейтойы
                  қарсанында Халықаралық Абай академиясының «Алтын медалы», Қазақстан Жазушылар
                  одағының  Халықаралық  «Алаш»  әдеби  сыйлығы  берілген.  Сондай-ақ,  Қазақстан
                  Республикасының  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  Халықаралық  «Алаш»  әдеби
                  сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері,
                  Абайдың  дүниежүзілік  академиясының  алтын  медалімен  марапатталған,  КСРО  және
                  Қазақстан  халық  ағарту  ісінің  үздігі,  Семей  қаласының,  Аягөз,  Абай  аудандарының
                  «Құрметті азаматы» атанған.


                                Замандастарының Қайым Мұхамедханов туралы пікірлері:


                  Қайым Мұхамедханов  – «Өзі музей, өзі архив, өзі мектеп»
                                                                                              Несіпбек Айтов
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15