Page 11 - Отан ұлдары жадынама
P. 11
Қайым Мұхамедханов кеңінен танымал, инабатты және парасатты, өз ұлтының беделді
азаматы. Мен Қайым ағамен жақсы таныс болдым, жүздесіп, әңгімелесіп тұрдым, оның
жарқын бейнесі менің жүрегімнен мәңгі орын алды. Менің ойымша, оның өмірі мен ісі –
туған елі мен жеріне деген қызметінің өшпес үлгісі. Мен оны алаштың соңғы тұяғы,
«Алаш» зиялыларының мұрагері, абай мектебінің соңғы өкілінің бірі ретінде қабылдадым.
Герольд Бельгер
«Алтынды шыққан жерден қаз” дейді ғой халық мақалы. Абайтану тұрғысынан алғанда
Кәкең сол «самородный сары алтынды» кесек-кесегімен омырып жүрген кісі. Бұл саланың
республикамыздағы асқан білгірі, жұрттың бәрін мойындатқан дара жүйрік…»
Қалихан Алтынбаев
«Қайым Мұхамедханов – Абайдың інісі, Алаштың ірісі».
Тұрсын Жұртбай
Мұхтар Әуезовті егер бір адам сатпаса, – ол Қайым, екі адам сатпаса, соның бірі – тағы
Қайым. Қайым Мұхтар Әуезовтің өзіне де, оның мұрасына да аса адал болды.
Қалтай Мұхамеджанов
Қайым Мұхамедханов – энциклопедиялық білімге ие ғалым. Ол Абай мен қазақ
әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын зерттеудің тұтас бағытын
салып, дамытты.Менің ойымша, Қайым Мұхамедханов шығыстанушылар В.В.Бартольд,
Е.Э.Бертельс, ақындар мен ойшылдар Науаи, Низами, кеңес арабтану негізін қалаушы
Ю.Крачковский, түрколог В.Радловтың қатарынан орын алады.
Қинаят Шаяхметов
Қайым Мұхамедханов есімі ғасырдан-ғасырға жетеді! Оның есімі ұлы Абай, Шәкәрім,
Мұхтармен тығыз байланысты, ал ол туған отанымыз Қазақстанды рухани жағынан
мәңгілік байытып отыратын мәдени кеңістік.
Ғарифолла Есім
...Қайым Мұхамедханов – әйгілі ғалым-филолог, Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов
шығармашылығын терең зерттеушінің бірі ...
Оның өмірлік ерлігі – ұлт мүддесі жолында қайтпас қаһармандықтың үлгісін
танытуы, өте қымбатқа түскен ұстанымдары мен идеалдарына бұлжымас беріктігінде
қалуы еді.
Өзіне өлім жазасы мен қоғамдық ортада еш құқықсыз қалу қаупінің қатар төнуіне
қарамастан ол биліктің талап еткеніне мойынсұнбады, ұлы ұстазы Әуезовты сатпады.
Оның кемел кісілігінің өзі осында – шынайылықтан туындаған өр намысында еді...
Сергей Әзімов
Қайым Мұхамедханов – Мұхтар Әуезовтың шәкірті және ғылыми концепциясын
жалғастырушы болды. Ол өзінің барлық саналы ғұмырын Абай шығармашылығын
зерттеуге арнады, ұлы ойшылдың поэтикалық мектебі туралы ғылымды кеңейтіп,
тереңдетті. Өмірінің ең бір қиын кезеңдерінде институтта оқыған дәрістерінде ұлттық
мәдениеттің үздік өкілдері – Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов есімдері мен олардың
шығармашылығын насихаттады.
Өжет интеллигент, шенділер алдында бас игеннен гөрі НКВД қапасын артық көрді.
Қазақстан ғылымы мен мәдениетін дамыту жолында ерен еңбегін сіңірді.
Еділ Асылбек