Page 5 - Отан ұлдары жадынама
P. 5
Мұхамедхан Сейтқұлов – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында (1870-
1937 жж.) өмір сүрген қазақтың рухани элитасының бетке ұстары, Алаш қайраткері, көзі
ашық, мұсылманша, орысша сауатты, ауқатты, ислам уағызшысы болған. Оның қазақ
мәдениетінің белгілі қайраткерлерін қалыптастыру жолындағы еңбегі ерен. Ол Семейдегі
Тінібай мешітінде Ислам негіздерінен сабақ беріп, ұлы ақын Абай Құнанбаев оқыған
Ахмет Риза медресесінде имам қызметін атқарып жүріп ұстаздық еткен. Араб, татар
тілдерін жетік білген, көптеген қолжазбалар мен тарихи өлең-жырларды жинақтаушы
және мәдени мұраны сақтаушы.
Тінібай мешіті
Әке мен бала
Мұхамедхан Сейітқұлов алаш қайраткерлерімен идеялас, пікірлес сол замандағы
озық ойлы азаматтардың бірегейі болған. Ұлы Абайдан бастап, Әлихан Бөкейханұлы,
Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек
Аймауытов, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Ғаббасов, Сұлтанмахмұт Торайғыров,
Ыдырыс Мұстамбаев, Сәбит Дөнентаев секілді тұлғалар осы шаңырақта жиі бас қосып,
қазақтың келешегіне қатысты ойларын ортаға салған. Қазақтың үлкен жазушысы Мұхтар
Әуезов те Мұхамедхан Сейітқұловпен аға-іні ретінде сыйласқан.
Қайым Мұхамедханов өзінің әкесі жайлы естелігінде бұл сөздерді дәлелдей
түскендей: «Тегінде әкем 1870 жылғы, яғни Әлекеңмен, Алаш көсемі Әлихан
Бөкейхановпен түйдей құрдас. Әлекең 1938 жылдың мамыр айында, ал оның құрдасы,
жолдасы Мұхамедхан 1937 жылдың желтоқсан айының басында атылған. Бұл жаза ол
қамауға алынған соң небәрі бір апта ішінде орындалған. Ал бізге ол кезде ол он жылға
сотталды деген хабар тиген-ді...».
Сондай-ақ, тағы бір сөзінде: «Біздің үй онда Мұхаңның ұлы ақын туралы ұлы
эпопеясынан қалың оқырманға белгілі атақты Тінібай мешітінің іргесінде еді. Иә,
мақтанды деме, қарағым, сол еңселі шатырлы үйде кімдер болмаған десеңші! Айталық:
Шәкәрім, Көкбай, Тұрағұл болып бұл тізім жалғаса береді. Алдыңғы ағалардың асыл
жүздері есімде еміс-еміс сақталса, кейінгілерді есейіп қалғанда көргендіктен бәрі де
есте...», - деп айтқан екен.
Расымен, Алаш меценаты жайлы көптеген деректерде осы шаңыраққа М.Әуезовпен
бірге Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Әлмағамбет секілді
замандастары да келіп, «Еңлік-Кебек», «Қаракөз», «Бәйбіше тоқал», «Ел ағасы»
пьесаларын сахнаға әзірлеген екен. Демек, алғашқы қазақ театрының іргетасы да осы үйде
қаланған. Сонымен қатар, Алаш зиялылары Семейдегі (Заречный слободкада, қазіргі
Жаңасемейде ескі атауы «Алаш») М.Сейтқұловтың үйін кездесу орны ретінде таңдаған.
Осындай маңызды шешімдер мен қазақ еліне жанашыр зиялы тұлғалардың әңгімесін сол