Page 79 - Сборник эссе
P. 79
жесір етті. Бұдан былай «соғыс» деген сөзді ата-
бабаларымыздың ерлігін есімізге алатын кезде ғана
айтайық, енді соғыс болмасын.
Қазіргідей дамыған ақпараттың заманында,
соғыстың зияны жайлы әлемнің әрбір тұрғыны түсінеді
деп ойлаймын. Қазір жер үшін таласып қырық пышақ
болатын заман емес, әлем болып бірігіп, экологи-
яны сақтап, ұлтаралық достықты сақтап, тату-тәтті
өмір сүретін заман деп білемін. 7 миллиард адамның
бір тұтас екені мен барлығымыздың бір кемеде
екеніміздің дәлелі Covid-19 пандемиясы. Бір мемле-
кеттен басталғанымен әлемге зиянын тигізіп отыр. Сол
себептен де эссемнің соңын Абай атамыздың мына бір
сөзімен аяқтағым келеді: Адамзаттың бәрін сүй бауы-
рым деп.
78