Page 78 - Сборник эссе
P. 78

- Он жетіден жаңа астым.
                 - Өтірік айтасың.
                 - Құдай ақына солай.
                 - Құдайшылын өзінің. Мынау алпамыстай түріңе
            қарағанда, тегі майданнан жасырынып, бұғып жүргеннің
            біреуі  шығарсың-ау,  ер  соңымнан,-деді.».  Міне  осы-
            лайша нағашы атам аудан орталығына барған бетінде,
            ата-анасының  хабарынсыз,  он  жеті  жасында,  жалаң
            аяқ қалпында соғысқа аттанған екен. Сол кезден бері
            ауыл ішінде «майданға жалаңаяқ барған Төлеу» ата-
            лып кеткен екен.
                 Әрдайым  майданның  қызу  ортасында  жүріп,  ко-
            мандирлер  мен  генералдарың  жүргізушісі  болыпты.
            Бірде соғыс алаңындағы генералдардың бірін керекті
            жеріне  әкеле  жатқанда  көліктің  артында  отырған
            генералдың  басына  минаның  кішкене  ұшқыны  түсіп,
            сол жерде тіл тартпай кеткен екен.
                 Соғыс аяқталған соң тағы екі жыл шекарамызды
            күзетіп, 1947 жылы аман-есен елге оралған.
                 Әскер  қатарында  болып  ел  азаттығын  күзетіп
            келген соң мемлекет экономикасына үлес қосып бри-
            гадир  қызметін  атқарып,  сол  кездері  талай  үйлерді
            тұрғызған.  Менің  әжеме  үйленіп,  11  балалы  болған.
            Әжеміздің  өмірден  ерте  қайтуына  байланысты  ба-
            лаларын  өзі  бағып-қағып,  тәрбиелеп,  ұлын  ұяға,
            қызын  қияға  қондырған.  1999  жылы  75  жасында
            өмірден қайтыпты. Анашымның әлі күнге дейін соғыс
            ардагерлері жайлы естіп немесе теледидардан көзі тірі
            соғыс ардагерлерін көргенде әкем де тірі болса осы-
            лай жүрер еді деп көзіне жас алатын кездері болады,
            анашымның  онысын  түсінемін,  себебі  әке  қай  кезде
            болса  да  керек.  Мен  де  өз  кезегімде  атамды  жақсы
            көремін, мақтан тұтамын, әрдайым менің атам жеңісті
            жақындатқандардың бірегейі екенін айтып өтемін.
                 Менің     атамның     оқиғасының       соңы    бақытты
            аяқталған.  Дегенмен,  сол  соғыстан  қайтпағандары
            қаншама.  Бұл  соғыс  талайды  жетім  етті,  талайды


                                          77
   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83