Page 77 - Сборник эссе
P. 77
ІІІ ОРЫН
Дарина ТЕМИРХАНОВА
Өткен ғасырдың алапат соғысы екінші дүниежүзілік
соғыс болса, оның бір бөлшегі «Ұлы Отан соғысы» бол-
ды. Сұм соғыс кімге болса да оңайға түспепті, әр үйдің
арқа сүйер азаматтары қолдарына қару алып, жауға
бетпе бет келсе, әйелдер мен қаршадай балалар тылда
еңбек етіп, жеңіске жетуімізге бір кісідей ат салысқан.
Фашистік Германияны күйрете жеңуімізге майдан
шебінде жүріп ат салысқандардың бірі менің нағашы
атам Жанашев Төлеу. Өз басым атамның көзін көрмесем
де ата-анам мен нағашыларымның атам жайлы айтқан
әңгімелеріне қанықпын. Атам 1924 жылы қазіргі
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Жастілек
ауылында дүниеге келген. Ел басына ауыр кезең
келгендіктен жетінші сыныпты бітіре салып, колхоздың
нұсқауымен алты айлық тракторшының курсынан өтіп,
рульге отырған. Сол жылдардағы нағашы атам жайлы
жолдасы Ораз Сағымбай «Ұзақ жол» кітабында бы-
лай дейді: «Біздер трактор кілтін бұрауға да шамамыз
келе бермейтін. Ішіміздегі мықты әрі күштіміз Төлеу
ғана. Соған жалынамыз, мазасын жиі аламыз. Кейде
ол жалығады да «Басты ауыртпай әрмен жүріңдер,
қайтеді» дейді. Айтарын айтса да, көмектесе береді.
Бір күні Төлеу екеуіміздің де тракторымыз жүрмей
қалды. Сынған бөлшектерді ауыстыруға 18 километр
жердегі Колхозное селосындағы Қарағанды МТС-на
бардық. Бұл аудан орталығы болатын. Қолтығымызда
сынған трактордың бөлшегі, көшеде келе жатыр едік,
алдымыздан әскери киінген адам кездесе кетті де бізді
тоқтатты, маған қарамайды екі көзі Төлеуде.
- Сенің жасың қаншада?-деді оған салған жерден
76