Page 70 - 21kzd_kz
P. 70
1896 – 29.01. 1938 Қоғам қайраткері және
публицист Абдолла Асылбековтың туғанына
125 жыл
Партия, кеңес, мемлекет қайраткері, күрескер, Қазақстанда Кеңес өкіметін ортантуға
белсене қатысушы, ұлттық басшылық құрамның көрнекті өкілі, алғашқы қазақ совет
публицистерінің бірі А.Ә.Асылбеков 1896 жылы сол кездегі Ақмола уезінің Нұра болысы
Құндызды өзенінің бойындағы Кеңқияқ алқабында, Қарасуда (қазіргі Қарағанды облысы,
Осакаров орталығы Сұңқар селосының маңында) дүниеге келген. Жас кезінде қойылған
Ғабдолла есімі кейіннен ұлты ұйғыр анасы Зәуренің ықпалымен Абдоллаға айналып кеткен.
Әкесі Әбдрахман кедей адам болған. Үш жасқа толғанда анасы қайтыс болып, әжесі
Дәметкен мен жеңгесі Әлиманның тәрбиесінде болып, жастайынан сауат ашады. Білімін
ауылдағы бірінші басқыш татар медресесіне оқуға түсуден бастайды, оны 1913 жылы бітіреді.
Оқуын жалғастыру мақсатында бір саудагердің жылқысын Орынборға дейін айдасып, 17
жасында Хұсайын атына ашылған медреседе оқиды. Медреседе оқып жүргенінде «қазақ татар
жастарын дінге, патша үкіметіне қарсы үгіттеп, ұйымдастырды» деген айып тағылып, 4-5 ай
ғана оқып, оқудан шығарылады.
1914 жылы Қызылжардағы мұғалімдер даярлайтын қазақ мектебіне оқуға түсіп, «саяси
сенімділігі» жайлы шартты үш ай мерзім ішінде кепілдік тапсыра ала алмағандықтан мектептен
шығарылады. Елге оралып, Нұра болысындағы ауыл мектебінде ұстаздық қызмет атқарады.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысып, 1917 жылдың мамыр айында большевиктер
қатарына кіреді. Төңкерістен соң жұмысшы, шаруа, солдат депутаттарының Ақмола кеңесін
ұйымдастырушылардың бірі болып, Қызыл гвардия отрядтарын ұйымдастыру жөніндегі соғыс
кеңесінің мүшесі, азық-түлік комиссары міндеттерін атқарады (бұл жылдардағы өсу жылдары
С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи-мемуарлық романында жазылған).
1918 ж. Колчак қолына түсіп, атаман Аннековтың «өлім вагонына» қамалып, Омбыға
айдауға жөнелтіледі. Тұтқын лагерінен қашып шығып, 1919-1921 жылдары Қиыр Шығыстағы
Азамат соғысына қатысып, Приморск армиясының полк комиссары болады. 1921 ж.
Қазақстанға қайтып оралып, Қызыл Армияның Петропавл, Ақмола және Көкшетау уездеріндегі
контрреволюциялық көтерілісті басу жөніндегі штаб өкілінің орынбасары қызметін атқарады.
1921 жылы маусым айында Қазақстан Республикасының сол кездегі астанасы Орынбордағы
облыстық (республикалық) партия ұйымының құрылтай конференциясына Қызылжар
губерниялық ревком төрағасының орынбасары қызметін атқара жүріп, делегат ретінде қатысып,
облыстық комитеттің мүшесі болып тағайындалады. 1922 жылдың ақпанында өткізілген
облыстық екінші партия конференциясында облыстық комитеттің екінші хатшысы және РК (б)
П XI съезіне делегат болып сайланады. 1922 жылдың соңына қарай Қазақ АССР-інің делегаты
ретінде Советтердің Бүкілроссиялық X съезіне қатысып, ССР Одағын құру жайлы
Декларацияның қабылдануына қатысады.
Осыдан соң елге келіп, жауапты қызметтер атқарады. 1921-1923 жылдары ҚАКСР Халық
ағарту комиссариаты саяси ағарту бөлімінің бастығы, РК(б)П Қырғыз (Қазақ) обкомының
хатшысы, РК(б)П Қырғыз (Қазақ) бюросының мүшесі болады.
1926 жылы Мәскеуде Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясына оқуға түсіп,
үш жыл оқып, республикалық партиялық және советтік басшы органдарының шақыруымен
Қазақстан астанасына қайтып оралады. 1926-1928 жылдары Егіншілік халкоматында басшылық
қызметте істеп, Қостанай округтік атқару комитетінің төрағасы; 1928-1938 жылдары Қазақ
Орталық атқару комитетінің хатшысы, 1934 жылдың 4 шілдесінде Қарқаралы округтік атқару
комитетінің төрағасы болып сайланып, Атқару комитеті жанындағы Жергіліктендіру жөніндегі
(Комитет коренизации) комитеті басқару ретіндегі жауапты қызметті қоса атқарады. Осы
қызметтерде жүріп ашаршылықтан құлдираған Қарқаралы халқына басшылық жасап, күйзелген
шаруашылықты қалпына келтіреді. 1936 жылға дейін төрағалық қызметте болады. Лауазымдық
қызметтерде жүріп «Ауылды советтендіру үшін» («За советизация аула») кітабын (1930)
жарыққа шығарады.
1936 жылы 29 шілдеде жаңадан құрылған Қарағанды облысына Орталық атқару
комитетінің төрағасы болып келеді. 1937 ж. орта тұсында Қазақ АССР-ы Тамақ өнеркәсібі
халық комиссары болып тағайындалып, кейіннен Қазақ Республикасының Әлеуметтік
қамсыздандыру халық комиссарлығы қызметін атқарады.