Page 67 - 21kzd_kz
P. 67
1948 жылы қызмет істеп жүрген жерінде қайта қамауға алынып, 1955 жылға дейін Ішкі Істер
Министрлігінің түрмесінде отырады. 1954 ж. ісі қайта қаралып, 1955 жылдың 7 наурызында
КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Министрлігінің ерекше кеңесінде, Орталық Комиссиясының
шешіміне сәйкес «Ермековтің 1949 жылы 9 наурызда қозғалған № 269834 ісіндегі үкім
тоқтатылсын және Ә.Ермеков тұтқыннан босатылсын» деген Қаулы қабылданып, осы құжат
негізінде 1955 жылы 20 сәуірде № 3671 анықтамасымен мерзімінен бұрын қамаудан босап,
Қарағанды қаласына оралады.
1955-1958 ж. Қарағанды тау-кен институтында (қазіргі ҚарМТУ) аға оқытушы қызметін
атқарып, ықтималдық теориясы, математикалық статистика, теориялық механика,
математикалық терминология мәселелері төңірегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен
айналысады. 1958 жылдан кейін ғылыми-педагогтік қызметтен біржолата шеттетіледі.
1958 ж. 2 ақпанында Н.С.Хрущевтің атына ақталуын өтініп, шағым-арыз жазады. Бұл
өтініші аяқсыз қалса да, 1957 жылдың 26 қарашасында КСРО Жоғарғы сотының әскери
коллегиясының № 00990/39 анықтамасы бойынша «ешқандай қылмыстың болмағандығынан
үкім күші жойылды» деп толық ақталады.
Ә.Ермеков 1970 жылы 23 маусымда 79 жасында ауыр науқастан Қарағандыда қайтыс
болып, Михайловка зиратына жерленді.
1998 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында Алаш көсемдері Ә.Бөкейханов,
Ж.Ақбаев, Ә.Ермековтің құрметіне еңселі ескерткіш орнатылды.
Бүгінде Қарағанды, Қарқаралы қалаларының екі орталық көшесіне, Ағадыр стансасының
№ 131 орта мектебі мен Ақтоғай ауданы Қаратал ауылындағы орта мектепке Ә.Ермеков есімі
берілген. Қарағанды қаласындағы Ә.Ермеков көшесінде «Әлімхан Ермеков» атты үлкен кітап
дүкені ашылған. 2000 жылдан бастап Президенттік мәдени орталығындағы мұражайжа
Ә.Ермековке байланысты құжаттар мен суреттер жинақталып, алаш алыбына құрмет көрсетіліп
келеді.
2017 жыл Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылындағы орта мектептің алдында Ә.
Ермековтің бюсті ашылды. 2019 жылы Қарқаралыда Алаш арыстары – Әлихан Бөкейхан,
Әлімхан Ермеков және Ахмет Байтұрсынға арналған композициялық ескерткіш бой көтерді.
2020 жылы №103 мектеп-лицейде Ә.Ермеков музейі ашылды.
Әдебиеттер:
Ермеков Ә. Ұлы математика курсы [Электрондық ресурс]: 1-бөлім / оқулық. - 2-басылым.
- Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995. - 280 б.
***
Ермеков Ә. «Мен Ленинмен неге сөз жарыстырдым?..»// Егемен Қазақстан.- 2000.- 31
мамыр.-4 б.
Ә.Ермеков туралы әдебиеттер:
Ақпанбаева Т. Өнегелі өмір белестері.- Қарағанды: Арко, 2003.- 358 б.
Ә.Ермековтің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметі (1891-1970ж.) // Шығыс
Сарыарқа. Қарқаралы өңірінің өткені мен бүгіні. Алматы: Эверо, 2004. – 448-455 б.
Әзиев Ә. Ұлы дала ұлағаттары (Абылайханнан Нұрсұлтанға дейін) / Ә.Әзиев.- Алматы:
Санат, 2001.- 344 бет.
Әлімхан Ермеков // Жүз тұңғыш. Жинақ. 2-кітап / Құраст. Б.Нұржекеұлы. – Алматы:
«Жалын баспасы» ЖШС, 2005. – 85-90 б.
Бейсенбекова Н. А. Сарыарқаның ұлы азаматтары: [монография] / Н. А. Бейсенбекова, З.
Ғ. Сақтағанова [и др.]. - Қарағанды: ҚарМУ, 2008. - 437 б.
Ермеков Әлімхан // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.-
Алматы: Атамұра, 2006.- 229 б.
Ермеков Әлімхан Әбеуұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. – Алматы:
Атамұра, 2006. – 229 б.
Жұртбай Т. «Ұраным-Алаш!»: түрме эфсанасы. - Алматы: Ел-шежіре, 2008 - 2-ші т. - 461 б
Құл-Мұхаммед. Ермеков Әлімхан Әбуұлы // «Алаш» бағдарламасы: қиянат пен ақиқат. –
Алматы: Атамұра, 2000. – 109-111 б.
Ләмбекұлы С. Қарқаралы: энциклопедия. - Астана: Фолиант, 2011. - 273 б.
Махмұт Ж. Алаштың Ақтоғайы. - Қарағанды: Полиграфия, 1998. - 31 б.
Өскембаев Қ. Алаштың Әлімханы: Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2011. - 327 б.