Page 65 - 21kzd_kz
P. 65
1856 - 1934 - Ұстаз, ағартушы кәсіби дәрігер
Бижан Хасеннің туғанына 165 жыл
Бижанның Хасені (1856 - 1934), ұстаз, ағартушы, кәсіби дәрігер. Дадан Тобықтының
Кұттыбай руынан. 20 ғасырдың 20-жылдарында Тоқырауын, Балқаш өнірлеріне танымал
болған фельдшер осы аймақтарда тұңғыш мектеп ашып, кедей балаларын оқытқан. Оның
шәкірттерінің арасынан академик Орынбек Жәутіков, қазақ әйелдері арасындағы апғашқы
медицина ғылымдарының докторы Гүлбаһрам Тарабаева, техника ғылымдарының докторы,
Лениндік сыйлықтын лауреаты Әлихан Мусиндер шықты. Жаңалыққа ұмтылған Хасен
Тоқырауын бойы қазақтарына егін егу, тері илеу кәсібімен айналысуға мұрындық болған адам.
Алғаш былғары зауытын, қызыл кірпіш зауытын ашқан. Ол Балқаш көлінде алғашқы балық
кәсіпшілігін ұйымдастырушылардың бірі болды. Оның бұл жаңалықтарын құптаған Ә.
Бөкейханов онымен байланыс жасап отырған. 1915 ж. «Қазақ» газетінде Хасен жөнінде мақала
жазған.
Хасен Бижанов 1884 жылдан бастап Қарқаралы өңірінде дәрігерлік қызмет атқарады. Ол
Омбы оқу орнына дейін Семейдің қазақ балалары интернатында тәрбиеленген. Хасен Бижанов
Қарқаралыда шешекке қарсы егу жұмысын жүргізіп, талай адамды ажал тырнағынан алып
қалады. Кейін ол тек қана денсаулық сақтау жұмысы емес, сол өңірдің шаруашылық
жұмыстарына да белсене қатысқан азаматтардың бірі.
Әдебиеттер:
Бижанның Хасені (1856-1934) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А.
Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 184 б.
***
Әлиман Ж. Аймақ медицинасы: алғашқы лек // Орталық Қазақстан. - 2016.-3 қараша. - 4 б.
Әшірбеков Т. С. Игілікті істің жалғасы // Қарқаралы. - 2011. - 1 қаңт. (№ 1/2). - 11 б.
Жүнісұлы О. Алғашқы кәсіпкер, дәрігер, ағартушы // Орталық Қазақстан. - 2008. - 13
қараша (№175). - 4 б.
Қиқымов Т. Олар алғашқы дәрігерлер еді // Орталық Қазақстан. - 1989. - 15 қазан. - 2 б.
Попов Ю. Қарабұлақ бершілі Бижанның Хасені және орыс жазушысы М.М.Пришвин //
Тоқырауын тынысы. - 2015. - 14 тамыз (№ 35). - 8 б.
Сардарбек К. Бижанның Қасені // Тоқырауын тынысы. - 2008. - 26 қыркүйек (№ 39). - 3 б.
1891 - 1970 – мемлекет және қоғам қайраткері,
қазақ тіліндегі тұңғыш «Жоғарғы математика
курсы» оқулығының авторы Әлімхан
Ермековтың туғанына 130 жыл
Ә.Ә.Ермеков бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Темірші болысында,Үшқараның
Беріктасы деп аталатын жерде, қазіргі әкімшілік аймақтық бөлініс бойынша Қарағанды облысы,
Ақтоғай ауданының Қызыларай елді мекенінде 1891 жылы өмірге келген.
Ә.Ермеков ескіше хат танып, 1899-1905 жылдары Қарқаралы қаласындағы екі сатылы
реалдық училищені (бастауыш мектеп) үздік бітіріп, 1905 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына
оқуға түседі. 1912 жылы 21 жасында Семей гимназиясын алтын медальмен бітіріп, Томск
қаласындағы технологиялық институттың тау-кен факультетіне байқаусыз оқуға қабылданады.
Оқи жүріп Ш.Уәлихановтың досы Н. Ядринцев, Г. Потанинмен танысады. Томскіде оқи жүріп,
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, М.Дулатов сияқты зиялы қауым өкілдерімен,
ғалымдармен етене жақын араласып, ұлт азаттығы жолындағы күреске қатысады. 1913-1914
жылдардың қысында Г.Н.Потатинді Қазақстанға шақырып, экспедиция жазбаларын өңдеуге
көмектеседі. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілері мен жыр-дастандарды жинасып, оларды орыс
тіліне аударып, 1914жылдың 10 ақпанында Императордың орыс геогнафиялық қоғамы Батыс
Сібір бөлімшесі мүшелерінің жиналысында ғалымдарға жүргізген жұмысының нәтижесін
мәлімдейді. 1917 ж. Томскіде 5-курс оқып жүргенінде Қазан социалистік революциясы
басталуына байланысты уақытша оқуын шығып, саяси күрес аренасына шығады. 1917 жылы
Алаш автономиясы құрылғанда, 26 жасында жаңа үкіметтің жаңа премьер-министрінің
орынбасары, әрі ел шаруашылығын жоспарлау комитетінің төрағасы етіп тағайындалады. 1917 ж. II