Page 66 - 21kzd_kz
P. 66
Бүкілқазақтық съезініе Семей облысынан делегат болып қатысып, Алашорда үкіметіне мүшелікке
өтеді. 1917-18 жылдары Алаш автономиясы, Уақытша Сібір үкіметі, Комуч, Башқұрт үкіметі, Сібір
облыстық думасы, Уфа директориясы атынан Колчактың Омбы үкіметімен келіссөздер жүргізеді.
1918 жылдың сәуір-мамыр айларында Алашорданың облыстық және уездік комитеттері
күшпен таратылып, 1919 ж. Алашорда үкіметі таратылады. 1919-1920 жылдар аралығында Қырғыз
(қазақ) өлкесін басқару жөніндегі әскери-ревком комитетінің мүшесі, әрі коллегия төрағасы,
Семей губревкомының мүшесі болып, Кеңес үкіметінің саяси басқару жүйесінде қызмет істеп,
қазақ жерінің тұтастығын сақтау, шекарасын анықтау сияқты маңызды жұмыстар атқарып,
қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде тұтас дерлік топтастыруда айрықша еңбек сіңіреді.
Батыс Қазақстан өңірінің, Каспийдің солтүстік жағалаулары мен Семей, Ақмола облысының
жерлерінің, кейіннен Коростелев даласының Қазақстанға қайтарылуына зор үлес қосады.
Еліміздің саяси, әлеуметік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды өзгерістерге
басшылық жасап, Қарқаралыда халық ағарту ісімен айналысып, 1921-24 жылдары Семей
губерниялық атқару комитеті, губерниялық жоспарлау басқармасы, Қазақ АКСР-і Мемлекеттік
жоспарлау комитеті төрағаларының орынбасары, өнеркәсіп секциясының меңгерушісі
қызметтерін атқарады. Қазақ АКСР-інің 6-7 шақырылған Орталық Атқару комитетінің мүшесі
болып сайланады.
1921 ж. саяси қызметтен кетіп, Қарқаралы, Ұлытау, Балқаш, Баян өлкесінің жастарының
білім алуына көмектеседі. Қарқаралыда екі сатылы мектеп пен жанында кітапханасы бар
педагогикалық техникум ашуға зор үлсе қосады. 1937 жылы педтехникум педагогикалық
училище болып қайта құрылады (1945 ж. бұл педтехникум Абай есімін иеленіп, 1953 ж. Саран
қаласына көшіріледі. Бұл қазір Саран педагогикалық колледжі деп аталады). Оқуын
жалғастырып, 1923 жылы Томск технологиялық институтын бітіріп, геолог-барлаушы инженері
мамандығын алып шығады. 1926 жылы ғылыми-педагогикалық қызметке ауысып, 1926-1928
жылдары Ташкент қаласындағы Қазақтың жоғары тұңғыш педагогикалық институтының
жоғарғы математика кафедрасының мұғалімі, әрі жаратылыстану-математика факультетінің
деканы міндеттерін атқарады. 1929 жылы Қазақ Педагогикалық институтында (қазіргі Алматы
Мемлекеттік университеті) доцент, 1932-1935 жылдары Қазақ мемлекеттік зоотехникалық мал
дәрігерлік институтында доцент, профессор міндетін атқарып, кафедра басшысы болады. 1935
жылы мал дәрігерлік институтта кафедра басқарып жүріп, институт ғылыми кеңесінің
ұйғарымымен (ВАК шешімі бойынша) тұңғыш рет математика саласынан профессор атағын
алады.
Кеңес өкіметіне, коммунистік-репрессиялық жүйеге қарсы қызметі, Алаш партиясын
құрысып, Алашорда үкіметіне мүше болғаны үшін 1930 жылдың 22 қыркүйегінде істі болып,
М.Әуезовпен бірге 1,7 ай түрмеде отырып, үздіксіз тергеуде болады. 1932 жылдың 20 сәуірінде
ОГПУ үштігінің үкімімен алдын ала түрмеде отырған уақыты есепке алынып, босатылып,
бақылаушы органдардың бақылауына алынады.
1935 ж. қазақ тілінде «Ұлы математика курсы» кітабын, 1936ж. «Қазақ тілінің математика
терминдері» атты түсіндірме сөздігін жарыққа шығарады. 1935-1937 жылдары Алматы Кен-
металлургия институтында (қазіргі ҚазҰТУ) математика және теориялық механика
кафедрасының меңгерушісі, техникалық факультеттің деканы қызметтерін атқарады. 1932-1936
жылдары ҚазАССР оқу ағарту халық комиссариатының арнаулы тапсырмасымен қазақ тілінде
математика терминологиясын жасап шығарады. 1935 жылы жарыққа шыққан «Ұлы математика
курсы» деп аталатын жоғары математиканың қазақ тіліндегі тұңғыш оқулығының авторы
саналады.
1937 жылы сталиндік озбырлық бұғауына түсіп, Ресейге барып бой тасалап, 1938 жылы
шамалы уақыт Куйбышев қаласындағы жоспарлау институтында кафедра меңгерушісі қызметін
атқарады.
Қуғын-сүргін жылдары «ұлтшыл», «контрреволюцияшыл», «халық жауы» аталып,
қудалауға ұшырағандықтан докторлық жұмысы аяқсыз қалады. 1938 жылы 17 наурызда НКВД
абақтысына қамауға алынып, 1939 ж. 28 ақпанда Қазақ ССР НКВД Әскери трибуналы Ресей Қылмысты
істер кодексінің 49 және 58-і статьясы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырып, ГУЛАГ-қа
айдауға жөнелтеді. Сібір лагерінде Саян тауының етегінде 9 жыл айдауда болып, өзінің халық жауы емес
екендігін дәлелдеп, арызданып, 1947 ж. мерзімімен бұрын босатылып, елге оралады. Айдаудан келген
соң, 1947 жылдың 15 тамызынан Шымкент технология институтында математика кафедрасын
басқарып, ұстаздық етеді.