Page 74 - 21kzd_kz
P. 74
Әл-Машани қаламынан ұлы бабамызға арналған «Әл-Фараби мұрасын зерттеу туралы»,
«Шығыстың Аристотелі», «Әл-Фараби еңбектерін қазақ тіліне аудару туралы», «Әл-Фараби»,
«Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары», сияқты көптеген кітаптары жарық көрді.
1978 жылы Әл-Фарабидің 1100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция
өткізуге көшбасшы болған Ақаң әлем оқымыстыларын өзіне тәнті етті. Жетпісінші-сексенінші
жылдары Әл-Машани қаққан дабылдан кейін Түркістандағы Ахмет Ясауи кесенесінде, Отырар,
Арыстанбаб тарихи қорымына мемлекет тарапынан көңіл аударыла бастады. 1985 жылы
ғалымның өзі Түркістанға барып, Отырар мұражайының ашылуына атсалысты. Ол Қазақстан
Республикасы мен шет елдердегі Әл-Фараби мұрасын зерттеушілердің алғашқы ғылыми
кеңесшісі болды.
2001 жылдың 12 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысының сол кездегі әкімі
Б.Сапарбаевтың қолдауымен халықаралық деңгейде Әл-Фарабидің 1130 жылдығы аталып өтті.
Әкім бекіткен арнайы сыйлық және Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы сыйлықтың №1 куәлігі
артына мол мирас, өшпес іс қалдырған Әл-Машаниға берілді.
Әл-Машанидің ғылымға қосқан зор үлесін және ғылыми педагогикалық қызметін
жұртшылық пен Үкімет жоғары бағалады. Ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген
медальдар және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ жанындағы жаратылыстану гуманитарлық институтына Ақжан
Әл-Машани есімі берілген.
2017 жылы Қарағанды қаласындағы №1 мешітке Ақжан Машанов есімі берілді.
Әдебиеттер:
әл-Машани А. Көп томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Алатау, 2005 – Т.1 - 16 т.
әл-Машани А. Шығармалары: роман және мақалалар / А. әл-Машани; жауап. ред. Қ.
Құрмансейіт; ақылдастар алқасы Б. Әбдішев; жауапты хатшы С. Ақсұңқарұлы; Қарағанды
облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2013. - 318 б.
әл-Машани, Ақжан Қазақ халқының музыкалық мәдениеті жайында // Ұлт зиялылары
қазақ музыкасы туралы: ғылыми басылым / ҚР білім және ғылым министрлігі; жалпы ред.
басқарған У. Қ. Қалижанов. - Алматы: Әдебиет әлемі, 2014. – 107-118 б.
Машани А. Әл-Фараби және бүгінгі ғылым. - Алматы: Алаш, 2004. - 216 б.
Машанов А. Ғажайып от құшағында. - Алматы: Қазақстан, 1978. - 144 б.
Машанов А. Әл-Фараби және Абай. - Алматы: Қазақстан, 1994. - 192 б.
Машанов А. Әл-Фараби. - Алматы: Жазушы, 1970. - 244 б.
Машанов А. Табу. - Алматы: Қазақстан, 1982. - 144 б.
Машанов А. Жер астына саяхат. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1957. - 230 б.
Машанов А. Ұлы ұстаз Абай // Абайтану: таңдамалы еңбектер: [көп томдық] / Әл-Фараби
атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2015 - 3 т. –
8 б.
***
Әл-Машани А. әл - Фараби және Абай // Farabi shákirti. - 2020. - № 3. - 4-5 б.
әл-Машани А. Ж. Иранбекке // Қазақ әдебиеті. - 2017. - 16 - 22 маусым (№ 25). - 6 б.
әл-Машани А. Тоқсанның толғауы: ғалым А.Әл-Машанимен сұхбат / сұхбаттасқан
Ә.Әбіласан // Парасат. - 1997 . - №3. - 14-15 б.
Машани А. Жылайыр // Орталық Қазақстан. - 2019. - 21 наурыз (№ 31). - 5 б.
Машанов А. Абай үшкілі // Мерейлі мекен. - 2020. - № 1/2. - 6-7 б.
Машанов А. Әл-Фараби және музыка // Қазақ тілі және елтану. - 2008. - №1. - 14 б.
Машанов А. Әл-Фараби ізімен // Мерейлі мекен. - 2020. - № 1/2. - 4-5 б.
Машанов А. Жаңа идеяны батыл қолдайтын // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2012. -
№ 13. - 15 б.
Машанов А. Тандыр балық // Орталық Қазақстан. - 2016. - 6 қаңтар (№ 1/2). - 4 б.
Машанов А. Әл-Фараби // Орталық Қазақстан. - 2016. - 28 қаңтар (№ 18/19). - 5 б.
Машанов А. Әл-Фараби // Орталық Қазақстан. - 2017. - 18 шілде (№ 78). - 4 б.
А.Машанов туралы әдебиеттер:
Ақжан Машанов: [жинақ]. 100 шығ. / Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ;
ред. Ғ. М. Мұтанов. - Алматы: Қазақ университеті, 2017. - 310 б.