Page 72 - 21kzd_kz
P. 72

Әбсембетова Ж. III Бүкiлқазақтық партия конференциясы хақында// Қазақ тарихы.-2002.-
            N4.-57-60 б.
                  Әкiмбекова Б. Жазықсыз жазалар // Орталық Қазақстан.- 2001.-30 мамыр
                  Бектұров Ж. Есімін есте қалдырайық // Орталық Қазақстан.- 1989.- 12 ақпан
                  Даңқты жерлесіміз // Орталық Қазақстан. - 2006. - 20 сәуір. - 8  б.
                  Жанұзақов Н. Ауылымның тарихы // Нұра.- 2000.-19 тамыз.
                  Жинатұлы Б. Той тастаған із // Орталық Қазақстан.- 1996.- 17 тамыз
                  Жүнісбекұлы Д. Естеліктер еске түскенде // Қарқаралы. - 2014. - 31 мамыр (№ 43/44).
                  Игенбаев  А.  «Халық  жауларының»  сот  алдындағы  «жауаптары»  //  Ақиқат.-  Алматы,
            1997.-N4.-21-27 б.
                  Кәкен А. Осы жұрт Абдолланы біле ме екен? // Егемен Қазақстан. - 2018. - 31 мамыр (№
            100). - 8 б.
                  Көлбаев  Т.  Жазықсыз  жапа  шекен  немесе  "Қарағанды  ісінің"  құрбаны  //  Орталық
            Қазақстан. - 2016. - 17 қыркүйек (№ 152/153). - 10 б.
                  Қожабеков Р. Абдолланың атымен аталса... // Орталық Қазақстан. - 1989. - 21 қазан. - 2 б.
                  Қырғызәлин А. Жұмаш қарттың әңгімесі // Орталық Қазақстан. - 1989. - 21 қазан. - 2 б.
                  Лұқпан Е. Абдолламен бірге атылған // Орталық Қазақстан. - 2006. - 10 тамыз. - 5  б.
                  Михеева Л. Облыстың алғашқы басшылары // Орт. Қазақстан. - 2006. - 3,6, маусым. - 3  б.
                  Нәсенов  Б.  Шовинистерді  шыжғырған:  [Алаштың  адал  ұлы  Абдолла  Асылбеков  есімі
            ұмытылуға тиіс емес] // Президент және халық. - 2017. - 23 маусым (№ 25/26). - 7 б.
                  Несіпбай А. Зұлмат зобалаңы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 8 сәуір (№ 38). - 4 б.
                  Сағымбеков Р. Абдолла Асылбеков // Ақиқат.-1992.-№3.- 51-56 б.
                  Сағымбеков Р. Абдолла Асылбеков және оның екі повесі // Қарқаралы.- 1991.- №3.- 3-16 б.
                  Сағымбеков Р. Абдолла Асылбеков: Арқа ардақтылары // Орталық Қазақстан.- 1990.- 18-
            25 қыркүйек.
                  Сағымбекұлы Р. Арқаның ардагер азаматы // Орталық Қазақстан.- 1996.- 21, 24 қыркүйек.
                  Темірұлы М. Үш арыс: /А.Асылбеков, К.Мыңбаев, С.Талжановқа арналған өлең/ // Нұра.-
            1996.- 7 қыркүек
                  Төребекова А. Қызыл қырғынның құрбаны // Орталық Қазақстан. - 2011. - 31мамыр (№
            86). - 3 б.
                                                          1906-2004  –  Көрнекті  геолог-ғалым  Ақжан
                                                          Жақсыбекұлы Машановтың туғанына 115 жыл

                  Ақжан Жақсыбекұлы Машанов –  қазақ  ғылымы  мен  білімінде  өзіндік  орны  бар беделді
            ұстаз болды. Ол 60-жылдарда-ақ тек геомеханика ғана емес, сондай-ақ шығыстану ғылымында
            да  сүбелі  еңбектерімен  үлкен  абыройға  ие  болған  зерделі  зерттеуші.  Араб,  парсы  тілдерін
            білген қазақ зиялылары 30-жылдары сталиндік зобалаңның құрбаны болғаннан кейін қайтадан
            қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қайнар бастауы тереңде, әсіресе соның бір саласы - мұсылман
            шығыс  елдерімен де  тығыз  байланыста  екендігін  айтып,  ашық  үн көтерген  батыл азамат. Үн
            көтеріп қана қоймай, Шығыс Аристотелі атанған әл-Фараби бабамыздың өшпес мұрасы түрлі
            халық  мәдениетінің  тарихына  телініп  жүрген  жылдары,  оның  қазақ  даласының  ұланы  екенін
            дәлелдеп, әл-Фараби туралы тарихи танымы зор еңбектер жазды.
                  Ақжан  Жақсыбекұлы  1906  жылдың  2  қарашасында  Қарағанды  облысы,  Қарқаралы
            ауданында дүниеге келген. Атақты Машан бидің немересі. Машан Жамантай төренің кеңесші
            биі,  аузымен  орақ  орған  шешен  болған.  Әкесі  Жақсыбек  Құранға  жүйрік,  сол  кездердегі
            «Айқап»,  «Дала  уалаяты»  атты газеттерді жаздырып оқитын адам болған. Ақаң алғаш әліппе
            тануды  өз  әкесінен,  кейін  кеңес  мектебінен  үйренген.  1924  жылы  Қарқаралыдағы  Әлімхан
            Ермеков  негізін  қалаған  педагогикалық  техникумға  түсіп,  Ә.Ермековтен,  А.  Байтұрсыновтан
            дәріс алған.
                  Еңбек  жолын  өзі  оқыған  мектепте  мұғалім  болып  бастаған  Ақжан  Жақсыбекұлы  1933
            жылдың  күзінде  Семейдің  геологиялық  техникумындағы  –  дайындық  курсында  оқып,  1934
            жылы Алматыда ашылған Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтының алғашқы
            студенттерінің бірі болып қабылданады. Институтта оқи жүре, ол Алматыдағы техникумдарда,
            курстарда сабақ берді. Қазақстандағы маркшейдер мамандығының негізін қалаушы, профессор
            П.А.Рыжов зерделі студентті 1939 жылы аспирантураға алып қалады.
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77