Page 63 - 21kzd_kz
P. 63

ішінде  университеттің  120,  медициналық  институттың  42,  кооператив  институтының  26,
            политехникалық  институттың  5  студенті,  мәдени-ағарту  училищесінің  31,  есеп-кредит
            техникумының  19,  индустриалды-педагогикалық  техникумның  9,  музыка  училищесінің  2
            оқушысы болды. 20 желтоқсан күні жастар ереуілі одан әрі жалғасты.
                  Кейін    осы    оқиғаға    қатысуына     байланысты     Қарағанды     университетінен      12,
            политехникалық  институттан  6,  мединституттан  28,  кооператив  институтынан  3,  сондай-ақ
            пединституттан да бірнеше студент оқудан шығарылды. Мәдени-ағарту училищесінен 9, есеп-
            кредит  техникумынан  2  оқушы  оқудан  кетуге  мәжбүр  болды.  Жоғары  оқу  орындарындағы
            қызмет  атқарушы  59  адамға  қатаң  сөгіс  берілді.  Еңбек  ұжымдарында  желтоқсан  оқиғасына
            қатысы  бар  дегендер  жалпы  жиналыстарға  салынып,  қатаң  сынға  алынды.  Студенттер  мен
            жұмысшы жастардың ата-аналары да жазасыз қалмады. Олар жас ұрпақты коммунистік рухта
            тәрбиелеуде кемшілік жібергендері үшін қатаң жазаланды. Партияда барлар қатаң сөгіс алды,
            тіпті  кейбірінің  қызметі  төмендетілді.  Бірнеше  адамға  сот  болып,  оның  барысы  жергілікті
            бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елге сабақ болу үшін баршаға жария етілді.
                  Бір  сөзбен  айтқанда,  желтоқсан  оқиғасына  қатысы  бар  деп  танылған  еш  адам  жазасыз
            қалмады. Бірақ та бұл барша еліміз тәрізді Қарағанды жастарын да жасыта алмады. Олар ортақ
            мүдде,  ел  болашағы  үшін  күресте  өздерінің  барша  әріптестерімен  ниеттес  екендігін  өз
            істерімен, әрекеттерімен таныта білді.
                  КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы жасалған жастардың бұл қозғалысы
            тарихи  маңызы  бар  үлкен  оқиға  болды.  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  1991  ж.  12
            желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін
            жауапқа  тартылған  азаматтарды  ақтау  туралы»  Жарлығына  сәйкес  1986  ж.  Желтоқсан
            оқиғасына қатысып, жазықсыз қуғынға ұшырағандар толық ақталды.

                                                          Әдебиеттер:
                  Лұқпанов Е. Желтоқсан жаңғырығы. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2001. - 36 б.
                  Желтоқсан жаңғырығы-20 жылдан соң: Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арналған
            кездесу  материалдары  /  құраст.  Ә.  Қожабекова,  М.  Байғазин,  А.  Байғабылова.  -  Астана:
            Фолиант, 2007. - 138 б.
                  Желтоқсан оқиғасы (1986 жылғы) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.
            А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 262 б.

                                                            ***
                  Арынғазин  Ғ.  Желтоқсан  оқиғасы  және  оның  бүгінгі  көрінісі  //  Балқантау.-  Қарағaнды,
            2007.- 22 ақпан.-5 б.
                  Асанұлы Қ. Желтоқсан қазаққа не берді... немесе жиырма жылдан кейінгі жүрек сыры //
            Орталық Қазақстан.- 2006.- 25 қараша.-4 б.
                  Ахметов І. Жала мен жара немесе М.Абақанов жайлы ақиқат// Орталық Қазаєстан. - 2001.-
            10, 24 ақпан
                  Байжұманова С. Ұлт рухының биік белесі // Орталық Қазақстан. - 2013. - 14 желтоқсан (№
            218/219). - 7 б.
                  Балтабаев Қ. Ж. Тарих шындығы бұрмалаусыз ашық айтылсын // Қарағанды жастары. -
            1990. - 14 желтоқсан (№ 48). - 4-5 б.
                  Бердалина  Т.  Әлемге  әйгілі  -  1986:  мұзда  жанған  алау  //  Сыр  мен  сымбат.-  Қарағанды,
            2004.- N12.-4-5 б.
                  Дастанбеков І. Желтоқсан құрбандары //Сарыарқа.- Жезқазған, 2003.- 12 желтоқсан
                  Ерімбетов  Т.  «Сол  күндер  көз  алдымнан  кетпейді»:  судья  Т.М.Ерімбетовпен  сұхбат  /
            сұхбаттасқан С.Жанысбай // Орталық Қазақстан. - 2014. - 16 желтоқсан (№ 240/241). - 4 б.
                  Есеева Б. «Қанды қырғынға куәмін» // Орталық Қазақстан.- 2006.- 26 желтоқсан.-4 б.
                  Әйнекбайұлы  С.  Ақиқатына  әлі  жеткен  жоқпыз  //Орталық  Қазақстан.-  2006.-  16
            желтоқсан.-8 б.
                  Жайсаңбай  Н.  Көзбен  көріп,  құлақпен  естігенім...  //  Орталық  Қазақстан.  -  2018.  -  15
            желтоқсан (№ 140). - 5 б.
                  Жанғожин А. Желтоқсан жаңғырығы / А.Жанғожин, Е.Лұқпан// Орталық Қазақстан.-2004.-
            27 қаңтар.-4 б.
   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68