Page 62 - 21kzd_kz
P. 62
Тойбек Ж. Көпке үлгі колледж // Орталық Қазақстан. - 2013. - 28 желтоқсан. - 8 б.
Тойбек Ж. Таутанның жұлдызды сәті // Орталық Қазақстан. - 2010. - 16 қазан. - 5 б.
17-18 желтоқсан 1986 Қарағандыда
студенттердің «Желтоқсан» оқиғасына
қатынасқанына 35 жыл
1986 жылғы 20-желтоқсанда орталық және облыстық «Орталық Қазақстан» және
«Индустриальная Караганда» газеттерінде ТАСС - тың Алматыдан берген хабары жарияланды.
Онда 17-желтоқсанның кешінде және 16-желтоқсанның күндізінде Қазақстан Компартиясы ОК-
нің 16-желтоқсанда өткен V Пленумының шешіміне наразылық білдірген жастардың
бойкөрсетулері болып өткендігі хабарланған.
16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы болып, онда
ұйымдық, мәселе қаралды. Пленум Д.Қонаевты зейнеткерлікке шығуына байланысты
республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары міндетінен босатты.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары болып бұған дейін Ульянов
облыстық партия комитетінің бірінші секретары болып істеген Г.Колбин сайланды.
Облыстардың жөні бір бөлек, республика компартиясының бірінші басшылығына
халықтың арасында алдын-ала үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізбей, бірден сырттан әкелінген
көлденең көк атты тағайындалар деп бір де бір қазақстандық ойлаған емес еді. Г.Колбиннің
жасырын және халықты қорлайтындай түрде тағайындалуы ел ішінде толқу тудырып, жүрек
түбінде жатқан запыран, ашу мен ыза жастар қозғалысы болып желтоқсанда бұрқ етті.
Сол кездегі астана - Алматыда басталған жастар толқуының жаңғырығы
республикамыздың бар аймағына, соның ішінде Қарағандыға да жетті. (Е.Лұқпанов
«Желтоқсан жаңғырығы» Болашақ Баспа, 2001 ж.)
1986 жылғы 19-желтоқсанда Қарағанды қаласында 20.00 сағат шамасында Қарағанды
мемлекеттік университеті мен мединституттың оқу корпустары орналасқан Гагарин атындағы
алаңға адамдардың үлкен тобы - негізінен студент жастар кездейсоқ жиналып қалды, олар
артынша Совет даңғылына - қаланың орталық көшесіне қарай бағыт алды. Осы арада
адамдардың бұл тобын милиция күшімен қуып таратты.
1986 жылғы 20-желтоқсанда таңертең (9.30, 10.00 шамасында) облыстық партия комитеті
ғимараты алдына жастардың үлкен тобы жиналды.
Бұлар негізінен Қарағанды қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері еді.
Жұмысшы тобы айқындағандай, митингіге ҚарМУ-дің 19 студенті, Қарағанды
кооперативтік институтының 28 студенті, мединституттың 39 студенті, пединституттың 13
студенті, политехникалық институттың 26 студенті қатысты.
Сол күні ішкі істер органдары қызметкерлері бұлардан өзге облыстық партия комитетінің
алдындағы алаң маңайында жүрген студенттерді де аудандық бөлімдерге қойдай тоғытып
жатты. Қарағанды мемлекеттік университетінің 34 студенті жатақханалардың шыға берісі мен
автобус аялдамаларында жазықсыздан жазықсыз ұсталынып, ішкі істер органдарына жеткізілді.
Олардың арасында кейін билік орындары мың құбылтқандай нашақорлар да, маскүнемдер
де болған жоқ. Жастардың көкейіндегі: «Қазақстанға бірінші басшы неге сырттан әкелінеді,
қазақ елін неге қазақ басқармайды» деген сауалға ешкім жауап бере алмады. Жауабын бермейін
деген жоқ, жергілікті шенеуніктердің өзі де орталықтың сыңаржақ саясатын қалың елге қайтып
түсіндірудің ретін білмей тосылды. Сол күні кешкілік алаңға жиналған жастарды ішкі істер
органдарының қызметкерлері күш жұмсап таратуға мәжбүр болды. Жастардың көбі
құтылғанымен бір тобы ішкі істер органдарына жеткізіліп, олардан түсінік алынды. Оларды
«анығын айтып, кешірім сұрамасаңдар оқудан шығарамыз, комсомолдан қуамыз, жалпы
жиналысқа саламыз, елдегі ата-аналарыңа хабарлаймыз» деп қорқытты. Бүгінде сол жастардың
тиісті органдардың күштеп жаздырған түсініктемелерінің бәрі болмаса да біршамасы тиісті
орындарда сақтаулы
20 желтоқсан бұл сенбі күні болатын. Бұл уақытта Алматыдағы жастар толқуы күшпен
басылып, ереуілшілерге қарсы тек милиция күші ғана емес, ішкі әскер, арнайы топтар да
жұмылдырылған. Осы әсер етті ме жергілікті жердегілер бұл күні жастармен диалог жасауды
қажет деп таппады. Қолға түскен қазақ жастарын топырлатып ұстап, машинаға тиеп, ішкі істер
органдарына жеткізді. Олардан қатал түрде тергеу алынды. Қарағанды Желтоқсан оқиғасына
қатысқандардың ішінде ресми тізімге 269 адамның есімі ілінген. Мұның 206 студент. Солардың