Page 60 - 21kzd_kz
P. 60

Әбдіуахитқызы А. Қайдасың, Балқантаудай Кәрім аға! // Қарқаралы. - 2011.-22 қазан. - 6 б.
                  Әлімбекова О. Туған жерін жырлап өткен ақын // Қарқаралы. - 2012. - 13 қаңтар. - 3 б.
                  Әмірұлы Д. Едірей етегінен ескен жыр // Орталық Қазақстан. - 2016. - 21 маусым. - 3 б.
                  Балташұлы Е. «Осы екен күз деген» // Орталық Қазақстан. - 2011. - 20 қазан (№ 173). - 6 б.
                  Бейсембек Т. Кәрімнің бір өлеңі // Орталық Қазақстан. - 2004. - 16 қазан. - 16  б.
                  Жүнісбекұлы Д. Халқы ардақтаған ақын // Қарқаралы. - 2011. - 19 қараша. - 1,2 б.
                  Кәрім  Жұмабекұлы  Сауғабаев  //  Орталық  Қазақстан.  -  2002.  -  27  қараша.  -  15    б.,
            Қарқаралы. - 2002. - 30 қараша.
                  Көпішев Е. Балаларға базарлық сыйлаған ақын // Орт.Қазақстан. - 2013. - 15 қаңтар. - 6 б.
                  Қожақызы Н. Ақынның хаты өлмейді // Орталық Қазақстан. - 2012. - 24 қараша. - 6 б.
                  Нұралы  С.  Балқантаудың  бақытына  балаған  ақын  //  Орталық  Қазақстан.  -  2011.  -  22
            қараша (№ 191/193). - 13 б.
                  Омарбекұлы М. Кәрімнің орны бөлек еді // Орталық Қазақстан. - 2003. - 18 қазан. - 14 б.,
            Қарқаралы.  -  2003.  -  18  қазан,  Қарқаралы.  -  2011.  -  12  қараша  (№  89/90).  -  6  б.,  Орталық
            Қазақстан. - 2012. - 5 қаңтар. - 3 б.
                  Райымбекқызы Ж. Балажан ақын // Орталық Қазақстан. - 2011. - 8 желтоқсан. - 7 б.
                  Райымбекқызы Ж. Балқантауын бақытына балаған ақын // Орталық Қазақстан. - 2004. - 25
            мамыр. - 8 б., Азия Транзит. - 2004 . - №9. - 48-49  б.
                  Сәулебек А. Талантты тірісінде қадір тұтайық // Ана тілі. - 2011. - 19-25 мамыр. - 7 б.
                  Сексенұлы  С.  «Көз талды  Балқантауға  қарай-қарай...»  //  Орталық  Қазақстан.  -  2012.  -  7
            қаңтар (№ 2/3). - 8 б.
                  Сүлейменов А. Рухы биік ұлттың ұлы // Қарқаралы. - 2011. - 26 наурыз (№ 23/24). - 9 б.
                  Тойбек Ж. Ақынның жары // Орталық Қазақстан. - 2009. - 31 қазан (№ 166/167). - 5 б.

                                                          Қараша  1976  -  Қарағанды  педагогикалық
                                                          училищесінің  құрылғанына  45  жыл  (қазіргі
                                                          Қарағанды гуманитарлық колледж)

                  Қарағанды педагогикалық училище 1976 жылы ашылған.
                  ҚазССР халыққа білім беру министрлігіне қарасты 1976 жылы Қарағанды педагогикалық
            училищесі  ашылған.  (Сол  уақыттағы  мекен  жай  Бейбітшілік  бульвары,  22)  8-жылдық  білім
            негізінде - музыка, бастауыш сынып, бейнелеу өнері сызу пәндерінің мұғалімдерін даярлайды.
            Училищеде  қала  мектептерінің  музыка,  бейнелеу  өнері  және  сызу  пәндері  мұғалімдерінің
            семинары  жұмыс  істеді.  Педагогикалық  училищеде  45  оқу  класы,  7  оқу  лабораториясы  мен
            шеберханасы болды.
                  1985  жылға  дейін  училище  1060  маман  даярлап  шығарды.  1987-88  оқу  жылдарында
            училищеде 800 оқушы оқыды, 150 оқытушы қызмет істеді.
                  Колледж  1994  жылдан  Қарағанды  облысы  бойынша  колледждердің  базалық  оқу  орны
            болып бекітілді. 1995 жылы педагогикалық колледж болса, 1997 жылы гуманитарлық колледж
            болды.  Қарағанды  гуманитарлық  колледжі  облыстағы  орта  кәсіптік  оқу  орындары  ішінде
            базалық  колледж  болып  табылады.  Соған  байланысты  мұнда  жалпы  білім  беру  пәндері
            бойынша  оқытушылардың  облыстық  әдістемелік  бірлестіктері  құрылып,  жұмыс  істеуде.  Ол
            жалпы  білім  беретін  пәндер  бойынша  12  әдістемелік  бірлестікті  біріктіріп,  жұмыстарын
            ұйымдастырады. Бірлестіктер қызметінің негізгі бағыттары «Білім беру туралы» Заңды жүзеге
            асыруға, білім берудің мемлекеттік стандарттарын орындауға, алдыңғы қатарлы педагогикалық
            және ақпараттық технологияларды енгізуге, педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған.
                  Колледж  түлектері  бастауыш  сынып,  музыка,  бейнелеу  өнері  және  сызу,  қазақ  тілі  мен
            әдебиеті, шет тілдері мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері қызметін облыс
            көлемінде ғана емес, сонымен қатар таяу және алыс шетелдерде бала бақшалардың меңгерушісі
            және әдіскері болып жұмыс істеуде.
                  Колледждің  үрмелі  оркестрін  құруға  оркестрдің  бірінші  жетекшісі  М.А.Покасовтың
            сіңірген еңбегі ерекше. Республикадағы бірден-бір қыздар оркестрі осы жылдар ішінде мыңнан
            аса концерт беріп, республикамыздың көптеген қалаларында өнер көрсетіп жүр.
                  Колледж  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  Құрмет
            грамотасымен марапатталған.
   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65