Page 57 - 21kzd_kz
P. 57
бітірген. Балаларға арналған «Мойындау» (1973), Көктем келді, алақай!» (1975), «Ақша қар»
(1980), «Сылдырмақ» (1993) кітаптарының, «Күдеріңді үзбе» (1977), «Балқантаудың басында»
(1982), «Үшқара оттары» (1985) жыр жинақтарының, «Мәди» атты көркем ой-толғау кітабының
(2000) авторы.
1973 жылдан Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы болып істеді.
1985 жылдан «Білім» қоғамының аудандық бөлімшесінің хатшысы, «Орталық Қазақстан»
газетінің меншікті тілшісі болды.
Ақынның өлеңдерін 3,4,5-сыныптарға арналған оқулықтардан да таба аласыз.
Шығармалары орыс, қырғыз, түрікмен тілдеріне аударылған. Сол сияқты «Көктем тынысы»,
«Шабыт», «Балалар поэзиясының антологиясы» жинақтарына өлеңдері енді.
1977 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы мүшесі болды. 30 жылдан астам уақыт бойы
аудандық және Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде қызмет еткен. Қазақстан
Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Егіндібұлақ ауданының Құрметті азаматы.
Кәрім Сауғабаев – туған жерге деген махаббатты ту етіп жоғары көтере білген, туған
жерінің атын Қазақстан тарихына алтын әріппен жазып қалдырған ақын. Оның бес бірдей
өлеңіне халқымыздың сүйікті композиторы Ілия Жақанов ән арнап жазып, ел ішіне кеңінен
таратты. Олар – «Балқантау баурайында», «Балқантау вальсі», «Балқантау», «Балқантау
гүлдері», «Балқантау аққулары» деп аталады. Ақынның «Домбыра» өлеңіне композитор
М.Егінбаев ән шығарған. Мұны Мақпал Жүнісова орындады. Жоғарыда аталған бес әнді Қайрат
Байбосынов, Кенжеғали Мыржықбаевтар сахналарда талай мәрте шырқады.
К.Сауғабай 1991 жылы 50 жасқа толуына орай Қазақстан Республикасының құрмет
грамотасымен марапатталып, А.Құнанбаевтың 150 жылдығына байланысты өткізген
мүшәйрада жүлдеге ие болған.
Жұбайы, педагог Майра Ақашева екеуі төрт бала тәрбиелеп өсірді.
Ақын 2002 жылы 25 қараша күні дүниеден өтті.
Әдебиеттер:
Сауғабаев К. Айгүл // Қазақ балалар поэзиясының антологиясы /құраст.: М. Әлімбаев, Қ.
Баянбай. - Алматы: Жалын, 1977. - 358-360 б.
Сауғабаев К. Балқантаудың басында: өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1982. – 69 б.
Сауғабаев К. Үшқара оттары. - Алматы: Жазушы, 1985. - 125 б.
Сауғабаев К. Шығармалары: өлеңдер / К. Сауғабаев; құраст. С. Бексейітов; Қарағанды
обл. әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2014. - 294 б.
Сауғабай К. Ең... соңғы аялдама: хикаят. - [б. ж.], [2011-?]. - 47 б.
Сауғабай К. Мәди: деректі хикаят,өлеңдер. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2000. - 110 б.
***
Сауғабаев К. Ақжелең ақын еді...аңқылдаған. // Сана. - 2000. - 7 қыркүйек(N34). - 5 б.
Сауғабаев К. Алапатты көзіммен көрдім немесе экологияға кімнің жаны ашиды // Сыр мен
сымбат. - 2005. - № 1. - 10 б.
Сауғабаев К. Аруақты Нұра, армысың! // Орталық Қазақстан. - 2008. - 20 қыркүйек. - 8 б.
Сауғабаев К. Әнші бала // Орталық Қазақстан. - 1989. - 5 қазан (№ 229).
Сауғабаев К. Байтақ деген ақынмын // Балқантау.- 1995.- 9 желт.
Сауғабаев К. Балама наз // Орталық Қазақстан.- 1981.- 11 қазан
Сауғабаев К. Балдырғандарға базарлық // Советтік Қарағанды. - 1962. - 25 июль. - 4 б.
Сауғабаев К. Болмасын соғыс: Өлең // Орт.Казақстан.- 1993.- 27 шілде
Сауғабаев К. Бүлдір-бүлдір ботақан... // Орталық Қазақстан. - 2012. - 2 ақпан (№ 18). - 6 б.
Сауғабаев К. Дүрбелең: Деректі повестен үзінді // Орт.Қазақстан.- 1982.- 16 қазан
Сауғабаев К. Едірейге // Қарқаралы. - 2005. - № 1. - 36-37 б.
Сауғабаев К. Емші // Қарағанды жастары. - 1990. - 2 қараша (№ 43). - 5 б.
Сауғабаев К. Есіл мен Нұра // Қарағанды жастары. - 1990. - 31 тамыз (№ 33/34). - 5 б.
Сауғабаев К. Жаңа жыл // Орталық Қазақстан.- 1980.- 1 қаңтар
Сауғабаев К. Жәйпәр // Сыр мен сымбат. - 2005. - № 3. - 14 б.
Сауғабаев К. Күрең белдер-куәсі жастығымның... // Орталық Қазақстан.- 1991.- 30 наурыз
Сауғабаев К. Қалимажар // Сыр мен сымбат. - 2005. - № 1. - 14 б.