Page 32 - 21kzd_kz
P. 32
27 шілде 1946 - Қазақтың тұңғыш ғарышкері
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың туғанына 75
жыл және ғарышқа ұшқанына 30 жыл (2 қазан
1991)
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарқаралы ауданы, 1 Май ауылында дүниеге
келді. Әкесі Әубәкір ауыл- аймаққа белгілі ұста болған адам. Ұста еңбегінің бейнетке толы
екендігін қаршадай кезінен көріп өскен Тоқтар аяулы әке алақанының жылуын көре алмады.
Әубәкір ақсақал ертерек көз жұмды.
Ол Қарқаралының РТС-інде оқып, он бес жасында орталау мектепті бітіреді. Орталау
мектепті тәмәмдаған соң Теміртау қаласына келеді. Тоқтар жұмыс істей жүріп кешкі мектепке
түседі. Алғашқыда жүк түсіруші, одан кейін зауытта токарь болып жұмыс істейді. Қарағанды
қаласындағы Н. Әбдіров атындағы аэроклубқа жазылып, парашютпен секіруге жаттығады.
1965-1969 жылдары Армавир жағары әскери ұшқыштар училищесінде оқыған. Ұшқыш-
сынақшы 1979 жылы Мәскеу авиация институтын бітіреді.
Өршіл де арманшыл жігіт 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет жанармай құйдыру
арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1989 жылы 1-болып авиатасушы
крейсердің алаңқайшысына «МиГ-29г» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды.
Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы
ғарышкерлер құрамына алынып, 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау
орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «СоюзТМ-
13» кемесімен ұшты. Ғарыш кемесі Жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті.
Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және
Арал аймағы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстар жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі
тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей
аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы
атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары
да ойдағыдай өтті. Әубәкіров 10 қазанда Жерге оралды. Ол Қазақстандағы ғарыштық
зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге,
әскери партриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Т. Әубәкіров
1992-93 ж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993-94 ж. ҚР
Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің
орынбасары, 1994–95 ж. ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты- Қорғаныс және қауіпсіздік
комитетінің төрағасы болды. 1996 жылдан Қазақстан Респуликасы Президентінің кеңесшісі, ҚР
Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12
шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан
Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
Кеңес Одағының Батыры (1988), ҚР Халық Қаһарманы (1995), ҚР ұшқыш ғарышкері
(1995), Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы (1990), авиация генерал-майоры
(1992), «Алтын адам» наградасының иегері. Қызылорда, Қарағанды, Қарқаралы қалаларының
құрметті азаматы. Есімі облыстық Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды.
Әдебиеттер:
Әубәкіров Т. Байтақ елімнің Байқоңыры // Орталық Қазақстан. - 2013. - 11 қазан. - 3 б.
Әубәкіров Т. Менің Мағашым // Орталық Қазақстан. - 2019. - 5 қараша (№ 123). - 5 б.
Әубәкіров Т. Отан үшін отқа түс, күймейсің // Ана тілі. - 2019. - 7-15 мамыр (№ 19). - 6 б.,
Орталық Қазақстан. - 2019. - 5 қаңтар (№ 1). - 1 б.
***
Әубәкіров Т. «Алдына мақсат қоймасаң, өмір бойы адасып өтесің»: тұңғыш ғарышкер Т.
Әубәкіровпен әңгіме / әңгімелескен Д. Бықай // Қала мен дала. - 2016. - 19 тамыз (№ 30). - 1, 4 б.
Әубәкіров Т. «Қазақстан мені ғарышқа ұшыру үшін КСРО-дан кеш шықты»: [Тұңғыш
ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың "Азаттық" сайтына берген сұхбаты] // Қала мен дала. - 2016. - 2
желтоқсан (№ 45/46). - 18-19 б.
Әубәкіров Т. «Қазақтын намысы екенімді ұққан күнім...»: қазақтың тұнғыш ғарышкері Т.
Әубәкіровпен әңгіме / әңгімелескен Т. Сүйінбай // Егемен Қазақстан. - 2011. - 1 қазан (№
472/473). - 1 - 2 б.