Page 27 - 21kzd_kz
P. 27
Әбеуов Б. Серкесөздің сардары // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2013. - 12 сәуір (№ 14). - 6 б.
22 маусым 1941 Жазушы, драматург Софы
Сматевтың туғанына 80 жыл
Софы Қалыбекұлы Сматаев 1941 жылы 22 маусымда Қарағанды облысы Ақадыр ауданы,
Киік стансасында дүниеге келген. 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология
факультетіне түсіп, бір жылдан кейін Мәскеудің Болат және қорытпалар институтына ауысып,
1965 жылы бітірген. Негізгі мамандығы – инженер-металлург.
1960 - 1962 жылдары Мәскеудегі «Серп и молот» зауытында слесарь, Құюшы, Қазақстан FA-
ның Металлургия және кен байыту институтында инженер аға инженер болып жұмыс жасаған.
1967 - 1984 жылдар аралығында «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болды.
1984 - 1987 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің жауапты қызметкері болып жұмыс
істеген.
1989 жылдан Қазақстан Мемлекеттік кітап палатасының директоры болып қызмет істеген.
2006 жылдан Алматы қаласы әкімдігінің кеңесшісі.
1968 жылы «Астана оттары» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Сматаевтың
«Тағдырлар» (1976), «Сен кімсің» (1977), «Әз-әзәзіл» (1978), «Жұлдызым менің жоғары» (1985)
пьесалары республикалық, облысы театрларда қойылды. «Жұмбақ қыз», «Жаяу Мұса»
операларының либереттосын жазды. В. Г. Короленко, В. В. Иванов, В. А. Солоухин, X.
Абдуллин, Ю.Мухлисов, сондай-ақ, У. Шекспир, И. Добози шығармаларын қазақ тіліне
аударды. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты (1992). «Құрмет» орденінің иегері
(2000). «Парасат» орденінің иегері. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен
марапатталған. Жезқазған, Балқаш қалалары, Ағадыр, Қарқаралы, Шет аудандарының құрметті
азаматы.
Әдебиеттер:
Сматаев С. Алғашқы асу. - Алматы: Жалын, 1982. - 264 б.
Сматаев С. Аналар-ай - даналар-ай. - Алматы: Құс жолы, 2008. - 128 б.
Сматаев С. Әзіл-әзәзіл: пьесалар жинағы. - Алматы: Өнер, 1990. - 310 б.
Сматаев С. Бәсер, Айкүміс және басқалар // Беласқан: повестер жинағы / құраст. Д.
Исабеков. - Алматы: Жалын, 1981. - 162 – 238 б.
Сматаев С. Ғарышқа көз тіккен жер: әңгімелер / С. Сматаев; ред. С. Қаратаев. - Алматы:
Жалын, 1985. - 185 б.
Сматаев С. Елім-ай: роман-трилогия. - Астана: Фолиант, 2003. 2-т. - 424 б.
Сматаев С. Жылдарым-жырларым: үш томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Алманар,
2009. - 326 б.
Сматаев С. Мейрамсопы-Қарқабат: сыр-дастан. - Алматы : Алманар, 2010. - 207 б.
Сматаев С. Мәңгілік бастауы: роман. - Алматы: Жалын, 1987. - 350 б.
Сматаев С. Ұядан қияға ұшқандар. - Алматы: Құс жолы, 2008. - 134 б.
Сматаев Софы. Қаз дауысты Қазыбек би // Қаз дауысты Қазыбек би: энциклопедия / бас
ред. Н. Дулатбеков. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2011. - 35-44 б.Сматаев С. Алау: повестер. -
Алматы: Жазушы, 1974. - 196 б.
Сматай С. Жарылғап батыр: өлеңмен жазылған роман. - Алматы: АБА «Айкос», 2000. -
320 б.
Сматай С. Қайран жастық: повестер мен әңгімелер. - Астана: Елорда, 2001. - 408 б.
Сматаев С. Шығармалары; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2013. - 3 т.
- 558 б.
Сматаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Ел-шежіре, 2008. 1т. – 17 т.
Сматаев С. Ағаларым - жағаларым, інілерім - ірілерім. - Алматы: Алманар, 2013. - 449 б.
Сматаев С. Ботасымын боздаған боздаламның. - Алматы: Алманар, 2016. - 422 б.
Сматаев С. Қаз дауысты Қазыбек би. - Алматы: Алманар, 2017. - 378 б.
***
Мухлисов Ю. Садыр Палуан: роман-новелла / Ю. Мухлисов; ауд. С. Сматаев. - Алматы:
Жалын, 1979. - 216 б.