Page 36 - 21kzd_kz
P. 36

Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  жарлығымен  Қарағанды  облысының  құрамынан  Жезқазған
            облысы  бөлініп  шықты.  Жаңа  облыстың  құрамына  Ақтоғай,  Жезді  Ақадыр,  Жезқазған,
            Жаңаарқа,  Шет  аудандары  енді.  Орталығы  Жезқазған  қаласы  болған  облыс  құрамына  бұл
            аудандардан  бөлек  Балқаш  және  Қаражал  қалалары  енді.  Одан  кейінгі  жылдардағы  елеулі
            жаңалық  Шубаркөл  кенішінің  ашылып,  игерілуіне  орай  1985  жылғы  шілдеде  сол  кездегі
            Целиноград  облысының  құрамындағы  Теңіз  ауданының  Қарағанды  облысының  құрамына
            қосылуы болды.
                  Қоғамдағы өзгерістер, дамудың жаңа жолына түсу тәуелсіз еліміздің әкімшілік-аумақтық
            құрылымын жетілдіруді талап етті.
                  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1997  жылғы  3  мамырдағы  Жарлығымен
            Қарағанды облысының шекаралары өзгертіліп, оған оңтайландырылған Жезқазған облысының
            аумағы  қосылды.  1997  жылғы  23  мамырдағы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің
            Жарлығымен,  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қаулысымен  Қарағанды  облысының
            құрамына енетін ауылдық аудандардың шектері мен атаулары өзгертіледі.
                  Қазір  обылыс  құрамында  Абай,  Ақтоғай,  Бұқар  жырау,  Жаңаарқа,  Қарқаралы,  Нұра,
            Осакаров,  Ұлытау,  Шет  аудандары,  ірі  өндіріс  ошақтары  саналатын  Балқаш,  Жезқазған,
            Қаражал, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Теміртау және Шахтинск шаһарлары.
                                                                     2
                  Қарағанды  облысының  жер  аумағы  428  мың  км .  Тұрғыны  1 378  288  млн  адам  (2015).
            Солтүстігінде  Ақмола,  Павлодар,  шығысында  Шығыс  Қазақстан,  оңтүстігінде  Қызылорда,
            Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі.
                  Облыстың  шаруашылық  кешендерінің  салалық  бөлінісі  мынадай:  Қарағанды-Теміртау
            өнеркәсіпті аймағына (Абай, Саран, Шахтинск қалаларын қосқанда) көмір, қара металлургия,
            химия  және  мұнай  химиясы  өнеркәсібі,  металл  өңдеу  және  машина  жасау,  жеңіл  өнеркәсіп,
            көлік, байланыс, тамақ және ұқсату өнеркәсіптері, электр энергиясы, ағаш өңдеу және құрылыс
            материалдары өнеркәсібі, қызмет көрсету саласының кәсіпорындары шоғырланған.
                  Жезқазған  аймағында  тау-кен  өнеркәсібі,  түсті  металлургия  басымдау  дамыған.  Мұнда
            темір, марганец, алтын, күміс, мырыш, басқа да сирек металдар өндіріледі.
                  Қарағанды  облысы  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы
            Назарбаевтың еңбектік және саяси Отаны болып табылады.
                  ХХ  ғасырдың  30-40  жылдары  облыс  репрессияға  ұшыраған  тұлғаларды  депортациялау
            орны  болды.  Мұнда  қасіретпен  әйгілі  КАРЛАГ  орналасқан  болатын.  Екінші  дүние  жүзі
            соғысынан кейін Спасскіде соғыс тұтқындары үшін концлагерь орналасты, қазіргі уақытта ол
            жерде сталин тоталитаризмінің құрбандарын Еске алу Мемориалы ашылған. Венгрия, Жапония,
            Италия,  Ресей,  Германия,  Польша,  Румын,  Франция,  Финляндия,  Литва,  Филиппин  және
            Украина  –  елдері  арасында  өздерінің  отандастарын  әр  қашан  еске  алады.  Тарихшылардың
            бағалауы бойынша бұл жерде түрлі ұлттың 5152 соғыс тұтқындарының денелері көмілген.
                  Қарағанды  облысы  -  бұл  ең  ірі  өнеркәсіптік  облыс,  Қазақстанда  жетекші  орын  алатын
            қуатты индустриалдық орталық.
                  Қазақстан  Республикасының  2010-2014  жылдарға  арналған  үдемелі  индустриалды–
            инновациялық  дамуының  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  шеңберінде  өнеркәсіптің
            базалық салаларын дамыту Тұжырымдамасы, Аймақтық инновациялық жүйе әзірленді, сондай-
            ақ  Қарағанды  облысының  экономикасын  әртараптандыруға  бағытталған  салалық  текше
            анықталды.
                  Өнеркәсіптік  өндіріс  тау-металлургиялық  кешенімен  ұсынылды,  дамуды  азық-түлік,
            фармацевтикалық  және  химиялық  өнеркәсіп  алды,  жеңіл  өнеркәсіп  және  құрылыс
            материалдарының индустриясы қалыптасты.
                  Минералды-шикізаттық база мыс пен вольфрамның, сонымен қатар көмір, қорғасын, цинк,
            темірдің, марганец, сирек металлдар қорына және ірі кен орындарына бай.
                  Қарағанды  көмір  бассейні  республиканың  металлургиялық  өнеркәсібінің  кәсіпорындары
            үшін кокстелетін көмірдің негізгі жабдықтаушысы болып табылады.
                  Көмір  өндіруші  кәсіпорындарға  «АрселорМиттал  Темиртау»  АҚ,  «Корпорация
            «Казахмыс» ЖШС ,  «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Сарыарка Energi» ЖШС, ГРК «Satkomir»  ЖШС
            жатады.
                  Облыста  Қазақстан  металлургиялық  өнеркәсібінің  ірі  кәсіпорны  -  «АрселорМиттал
            Теміртау»  жұмыс  істейді,  ол  қара  металлдардан  болат  пен  дайын  илектің  100%  және
            республика құрышының 75% өндіреді.
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41