Page 29 - 21kzd_kz
P. 29
Сматаев Софы Қалыбекұлы // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы:
«Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. – 477 б.
Сматаев Софы Қалыбекұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А.
Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 447-448 б.
Сматай Софы Қалыбекұлы // Шет ауданы: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы:
ҚазАқпарат, 2013. – 332-333 б.
Шоқ жұлдыз: пьесалар жинағы / құраст. Д. Исабеков. - Алматы: Өнер, 1982. - 430 б.
***
Ақсұңқарұлы С. «Табаны жерде тұрғанда, тапжылмайтұғын антейдей...» // Орталық
Қазақстан. - 2011. - 18 маусым (№ 98/99). - 2 б.
Бекмағанбетов К. Құрметті азамат атағы берілсе // Балқаш өңірі. - 2001. - 6 шілде.
Елеукенов Ш. Тәуелсіздік дәуір романы // Жұлдыз. - 2014. - № 3. - 172-187 б ; № 4. - 179-
187 б.
Жайлыбай Ғ. Тұнық ойдың тұмасы // Орталық Қазақстан. - 2011. - 18 маусым. - 2 б.
Жүністегі К. «Елім-ай» - лаған азамат // Шет шұғыласы. - 2011. - 16 маусым (№ 24). - 5 б.
Иманасов С. Жыр төгеді жүрегі: мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған // Егемен Қазақстан. -
2002. - 5 қараша. - 3 б.
Иманасов С. Софы туралы сөз // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 24-30 маусым (№ 25). - 7 б.
Күлмағамбетов Т. Киіктіден ескен керімсал // Орт. Қазақстан. - 2007. - 12 маусым. - 2 б.
Қалыбекова С. Тұғыры ерек, тұрпаты бөлек қаламгер // Шет шұғыласы. - 2011. - 16
маусым (№ 24). - 5 б.
Қашқынов Ж. Оның сүрлеу соқпағы // Орталық Қазақстан. - 2001. - 16 маусым.
Қашқынов Ж. Баһадүрдің сом тұлғасы // Орталық Қазақстан. - 2002. - 6 қараша. - 11 б.
Қирабаев С. Замана жыршысы // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 24-30 маусым (№ 25). - 6 б.
Оразбай Е. Серік пен Софы - степендия иегерлері // Орталық Қазақстан. - 2007. - 11
желтоқсан- 1 б.
Тақ сыңары - ел қамы // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 9-15 қазан (№ 39). - 9 б.
Шегебай З. Өлеңмен өрнектелген құрмет пен ізет // Алаш айнасы. - 2013. - 16 мамыр. - 5 б.
26 маусым 1936 – қыркүйек 2007 - Техника ғылымдарының
докторы, профессор, екі мәрте ҚР Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері,
Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Дімкеш Мұқановтың
туғанына 85 жыл
Димкеш Мұқанов 1936 жылы 26 маусымда Қарағанды облысының Тельман ауданында
дүниеге келген (қазіргі Бұқар жырау ауданына қарасты Теке, Қараөзек ауылы). Бонч-Бруевич
атындағы Ленинград электротехникалық байланыс институтының түлегі, ол өзінің инженерлік,
өндірістік және шығармашылық қызметін 1959 жылы Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу
институтында ғылыми қызметкер ретінде бастады. 1960-1963 жылдары Қарағанды қалалық
комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1964 жылдан бастап Казчермет
бірлестігінің бөлім бастығы, содан кейін изотоптардың негізгі зертханасының бас инженері
болып жұмыс істеді. Димкеш Мұқанұлы 1980 жылы Арнайы жобалау конструктор бюросының
директоры, 1985 жылы «Черметавтоматика» НПО бас директоры болды. 2000 жылдан бастап
Қазақстан Республикасы Минералды ресурстарды кешенді өңдеу ұлттық орталығы бас
директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
Д.Мұқановтың бастамасымен және оныңбелсенді қатысуымен Қазақстанда
технологиялық процестерді автоматтандыруға арналған ғылыми-өндірістік кешен
(«Казчерметавтоматика» ААҚ) құрылды, оның басшысы ретінде Д.Мұқанұлы кадрларды
іріктеуде, оқытуда, зерттеу нәтижелерін енгізуге және ғалымдар тобын құруға қажырлы еңбек
етті. Отандық және шетелдік металлургия өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындарының
инженерлерін даярлады.
Бірқатар мемлекеттік ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың бас
жобалаушысы және ғылыми жетекшісі ретінде ол Қарағанды металлургиялық зауытының іске