Page 37 - 21kzd_kz
P. 37
«Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған және Балқаш филиалдарында мысты өндірудің
барлық кезеңдері, мыс илекті шығаруға дейін көрсетілген. Сонымен қатар «Завод обработки
цветных металлов» АҚ («ЗОЦМ» АҚ) мыс негізінде құю қоспалары мен илектерді шығаратын
Орта Азиядағы жалғыз кәсіпорын жұмыс істейді.
Металлургиялық өнеркәсіп базасында облыста химиялық өнеркәсіп дамыған. Күкірт
қышқылы, азоттық тыңайтқыштар, жарылғыш заттар және өнімнің басқа түрлері шығарылады.
Химя өнеркәсібі – «Темиртауский электрометаллургический комбинат» АҚ, «Эгофом»
ЖШС, «Трек» ЖШС, «Максам Казахстан» ЖШС, «Silicium Kazakhstan» ЖШС өндірістік
бірлестіктерімен ұсынылған.
Фармацевтикалық өнеркәсіпте «Фармация 2010» ЖШС, «Карагандинский
фармацевтический комплекс» ЖШС жұмыс істейді.
Машинақұрылысында тау-кен жабдығын шығаруда «Қарағанды машинақұрылысы
консорциумы» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясының Қарағанды құю-машинажасау зауыты,
«Кұрылысмет» ЖШС («АрселорМиттал Темиртау» компаниясының бірлескен машинажасау
зауыттары). «Kazcentrelectroprovod» ЖШС талшықты-оптикалық кабелді шығару артуда.
Құрылыс материалдарының өнеркәсібі кәсіпорындарында цемент, құбырлар болаттан
және пластмассадан, санитарлық-техникалық өнім, жытыту болат радиаторлары, панельдер
және ТБҚ өзге құрылымдары, лакбояу өнімі, сонымен қатар жаңа энергоүнемдеуші
материалдар өндіріледі, құм, түйіршік тас гравий шығарылады.
Өндіріс келесі кәсіпорындармен ұсынылған – «Central Asia Cement» АҚ және «Карцемент»
АҚ, «Сантехпром» ЖШС, «Караганданеруд» ЖШС, «Казтрансметалл» ЖШС, "NORD Пром
НС" ЖШС, "Нурхан" ЖШС, "Карал PLAST" БК ЖШС, "Завод Металл Профиль" ЖШС.
Өңір құрылыс материалдарын шығару үшін түрлі шикізаттың жеткілікті қорларына ие.
Сонымен қатар, оның өндірісінде өнеркәсіп қалдықтары кең қолданысқа ие: металлургиялық
және көмір өндіруші өндірістердің шлактары, өзге екіншілікті ресурстар.
Индустриалдық парк негізінде металлургия, металлоөңдеу және машинажасау саласында
«Сарыарқа» АЭА құрылған.
Қарағанды облысының географиялық орналасуы мен табиғи-климаттық жағдайы астық
тұқымдастарын, картоп, көкөніс егуг мен мал шаруашылығын дамытуға қолайлы және ауыл
шаруашылығын өнімдерін өндіру мен өңдеу бойынша Қазақстан аймақтарын алдыңғы қатарлы
өңірге айналдырды.
Ауыл шаруашылық саласының жалпы өндіріс көлемінде 53,8% мал шаруашылығының
өнімі құрайды. Малдың барлық түрлерінің бас саны мен мал өнімін өндіру жыл сайын артуда.
Қарағанды облысында 100 астам ұлттардың өкілдері тұрады. Облыста 75 этно-мәдени
бірлестіктер бар (қалалық, аудандық).
Облыстың денсаулық сақтау желісінде мемлекеттік медициналық ұйымдар (дербес заңды
тұлғалар), (оның ішінде: аурухана ұйымдары, амбулаториялық-емханалық ұйымдар және басқа
да медициналық ұйымдар жұмыс істейді.
Мәдениет және өнер нысандарын мемлекеттік жүйесі 332 кітапхана, 257 мәдени-сауық
ұйым, 21 бейнемобиль, 5 театр, 19 мұражай, 2 концерттік ұйым, облыстық мәдени-сауық және
халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы бар. Тарихи-мәдени мұраны қорғау
бойынша мемлекеттік инспекция, хайунаттар бағы, 7 мәдениет пен демалыс саябағы, облыстық
кинопрокат, көрме залы жұмыс істейді.
***
Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы : ресми сайт. - URL:
https://karaganda-region.gov.kz/ (қаралған күні 01.07.2020 ж.)
Әдебиеттер:
Аршабеков Т. Т. Бұқар жырау ауданының топонимикасы / Т. Т. Аршабеков, Ж. А.
Жұмабеков, С. О. Жетпісов. - Қарағанды: Гласир, 2014. - 363 б.
Байдалы С.Өлке өмiрiн - өз көзiмiзбен.-Қарағанды: Болашақ, 1998.- 192 б.
Бакенов М. Қазақстанның минералды ресурстары. - Алматы: Қазақстан, 1967. - 60 б.
Боздақтар: 1941-45 ж.Ұлы Отан соғысы жеңісінің 50 жылдығына арналады / бас ред.
Р.Н.Нұрғалиев. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995 - 2-том: Қарағанды облысы = Книга
памяти. - 624 б.