Page 35 - 21kzd_kz
P. 35

Қарағанды облысы – минералдарымен және шикізатымен бай аймақтық және өнеркәсіптік
            шама бойынша ең ірі облыс. Бұл ірі индустриалды орталық. Өзінің экономикалық, мәдениетті,
            ғылыми шамасы, инфрақұрылымы бойынша еліміздегі алдыңығы қатарындағы облыс.
                  Қазақстанның  орталық  бөлігін  құрайтын  Қарағанды  облысы-  елдің  жүрегі  және  қалай
            өзінің  аймақ  көлемімен,  этникалық  әртүрлілігімен  немесе  тарихи  мұрағатымен  және  солай
            өзінің өнеркәсіптік пен шикізатті шамасы бойынша оның маңызды бөліктерінің біреуі.
                  Теміржол  байланысы  облысты  ТМЫ,  Германия,  Қытай  елдердің  қалаларымен
            байланыстырады. «СарыАрқа» халықаралық әуежайы Ресей, Германий, Араб Эмиратына және
            басқа елдерге  тікелей  сапарларды қамтамасыз  етеді.  Қарағанды  облысы  арқылы  Алматы  мен
            Қазақстанның басты қаласы-Астанамен қосатын автомобилдік жол өтеді.
                  Қарағанды облысы СарыАрқа дала кеңістігінде емін-еркін және кең жайылған. Облыстың
            аймағы  Қазақстанның  сирек  шоқысының  биік  орталық  бөлігінде  орналасқан.  Шығыстағы
            Қарқаралы  тауларынан  бастап  батыстағы  Теңіз  көліне  дейін,  солтүстіктегі  Есіл  өзенінен
            оңтүстіктегі Шерубайнұра су қоймасына дейін жайылған.
                  Археологиялық  табыстар  көрсеткендей  Орталық  Қазақстанның  аумағында  палеолит
            кезеңінде аң аулау мен балық аулаумен айналысқан адамдар өмір сүреді, ал қола дәуірінде жер
            өңдеу  мен  мал  шарушылығы  пайда  болады,  суару  жүйесі  ойлап  табылады.  Беғазы-дандыбай
            мәдениеті кезеңінде  (X–XII  б.з.дейінгі  ғғ.) өндіріс  күштерін  дамытуда  мал  шаруашылығымен
            қатар маңызды орынды кендерді өндіру мен қорыту алды.
                  XVI  ғасырдың  басында  Орталық  Қазақстанның  аумағы  үш  жүздің  экономикалық  және
            этникалық  ортақтастығының  нәтижесінде  пайда  болған  мемлекеттік  құрылым  Қазақ
            хандығының құрамына енді.
                  Бұл  бірігу  туралы  Қазақ  мемлекеттігінің  қалыптасуында  маңызды  үлкен  Ұлытау  киелі
            жеріндегі көне  ескерткіштер  дәлел  бола  алады.  «Таңбалы  тас»  мемориалындағы  негізгі қазақ
            руларының таңбаларының суреті бар стела қазақ халқының бірлігі мен тұтастығының смиволы
            болып табылады.
                  Қарағанды  облысы  тарихта  оның  аумағы  бойынша  көне  Жібек  Жолының  солтүстік
            тармағы өткенімен әйгілі. Бұл өңір Қазақстан мен өзге елдер арасындағы экономикалық және
            мәдени ауысудың арнасы, сауда желісі болып тарихи қалыптасты.
                  Қарақаралы ауданының аумағында жыл сайын өткен Қоянды жәрмеңкесін еске түсірудің
            өзі  жеткілікті.  Мұнда  әр  жазда  Қазақстанның  түрлі  аудандары  жақын  көршілер  –  Ресей  мен
            Орта Азиямен ғана емес Таяу Шығыс елдері мен Қытаймен де сауда жасасты.
                  Қарағанды  облысының  тарихы  1932  жылдан  бастау  алады.  Сол  жылы  орталығы
            Петропавл қаласы болып белгіленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол
            екіге  бөлінді.  1936  жылы  29  шілдеде  біреуі  Солтүстік  Қазақстан  аталып,  екіншісі  Қарағанды
            облысы орталығы - Қарағанды қаласы.
                  ҚОАК-тің Қарағанды облысы бойынша  Ұйымдық  комитетінің төрағасы,  өлкелік партия
            комитетінің ұйымдастыру бюросының мүшесі Абдолла Асылбеков болды.
                  Абдолла  Әбдірахманұлы  Асылбеков  партия,  кеңес,  мемлекет  қайраткері,  күрескер,
            Қазақстанда Кеңес өкіметін ортантуға белсене қатысушы, ұлттық басшылық құрамның көрнекті
            өкілі, алғашқы қазақ совет публицистерінің бірі. 1896 жылы сол кездегі Ақмола уезінің Нұра
            болысы  Құндызды  өзенінің  бойындағы  Кеңқияқ  алқабында,  Қарасуда  (қазіргі  Қарағанды
            облысы, Осакаров орталығы Сұңқар селосының маңында) дүниеге келген.
                  Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков облыстық кеңес атқару комитетінің тұңғыш төрағасы
            болып  сайланды.  Бірақ  ол  1937  жылдың  зобалаңына  ұшырап,  нақақтан  нақақ  ауыр  жазаға
            кесілді.
                  Облыс  құрамына  Ақмола,  Баянауыл,  Вишнев,  Жаңаарқа,  Еркіншілік,  Қарқаралы,
            Қарсақбай, Қоңырат,Қу. Қорғалжың, Новочеркасск, Нұра, Тельман, Шет аудандары енді.
                  Аймақ шапшаң дамыды. Жаңа өндіріс ошақтары бой көтерді. Мұның өзі елдің әкімшілік-
            аумақтық бөлінісін жетілдіруді, өзгерістер енгізуді қажет етіп отырды. Әр жылдары Қарағанды
            облысының құрамынан жекелеген аудандар, тіпті облыс бөлініп, өз алдына отау тігіп жатты.
            Айталық,  1939  жылғы  күзде  Ақмола,  Вишнев,  Еркіншілік,  Новочеркасск  аудандары  жаңадан
            құрылған Ақмола облысының құрамына көшті. Сол облысқа 1941 жылғы қарашада Қорғалжың
            ауданы  берілді.  Осыдан  кейін  ішінара  аудандар  атауы  өзгеріп,  бір-бірімен  ауыс-түйіс  болып
            жатқанымен облыс аумағы 1973 жылға дейін өзгеріссіз болды. Сол жылғы наурызда Қазақ КСР
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40