Page 31 - 21kzd_kz
P. 31
әдістемелік орталығы болып қайта құрылды. Облыстық мәдени-сауық және халық
шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы 1954 жылы жабылып, 1956 жылдың 1
шілден бастап жұмысын жалғастырды. Орталықтың бастығы Ф.Мұхамеджанова (1956ж.),
Қ.Құсниденова (1977 ж.), Х.А.Хайдарғалиева (1999-2007) басшылық етті. Бұлар
шығармашылық идеялардың нағыз қайнар көзі саналған білікті тұлғалар болды. Қазір
орталықтың директоры – Кагиза Сүлейменқызы Сәдуақасова.
60-70-жылдарда әлеуметтік мәдени нысандар құрылысы күрт өркендей бастады. Негізінен
бұл жылдары тек Қарағанды қаласы ғана емес, сонымен бірге Жезқазған, Балқаш, Теміртау
қалалары тұрғындары үшін мәдениет үйлері, театрлар мен кинотеатрлар, концерт залдары,
мұражайлар мен кітапханалар бой көтеріп, саябақтар мен гүлзарлардың іргесі қаланды.
Қарағанды облысының мемлекеттік мәдени-сауық мекемелерінде 1500-ге жуық клубттық
және 1000 көркемөнерпаздар ұжымдары бар. «Халықтық» және «Үлгілі» құрмет атағын 94
ұжым иеленген.
Мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік
орталығының негізгі бағыттары:
Мәдени-сауық мекемелеріне, көркемөнерпаз ұжымдарына, әуесқойлар үйірмелері мен
мәдени-ұлттық орталықтарға әдістемелік жетекшілік ету;
қазақ және басқа халықтардың мәдени мұраларын насихаттау;
мемлекеттік мерекелер, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді қайта дамыту және енгізу;
халық шығармашылығының негізгі және болашақ бағыттарын, мәдени-демалыс
қызметінің жаңа тиімді әдістері мен түрлерін, мәдени-сауықты, шоу-бизнесті дамыту және
жетілдіру;
бастамаларды іздестіру, алдыңғы қатардағы тәжірибелік жұмыстарды жинақтау және
насихаттау;
сауықтандырудың біртума үлгісі мен мәдени-сауық өткізу мекемелерінің жаңа түрлерін
енгізу;
мамандық біліктілікті арттыратын курстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер. әңгімелер,
шығармашылық лабораториялар, стажировкалар мен кеңестер ұйымдастыру;
фестивальдар, конкурстар, байқаулар, алдыңғы қатарлы тәжірибелік мектептер мен
шеберлік-кластарды ұйымдастыру және өткізу;
әдістемелік ұсыныстар, сценарилер, буклеттер, әдістемелік-ақпарат жинақтарын шығару;
Қарағанды облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-
әдістемелік орталығы : ресми сайт. - URL: https://onmcdint.kz/ (қаралған күні 01.07.2020
ж.)
Әдебиеттер:
Жұмашев Р. М. Сарыарқа мәдениеті: монография / Р. М. Жұмашев, Л. Р. Золотарева, Қ. С.
Өскембаев; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Академик Е. А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды облыстық Мәдениет басқармасы. -
Қарағанды: ҚарМУ, 2009. - 415 б.
Қазақстанның мәдени ошақтары = Культурные центры Казахстана: фотоальбом /
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақпарат және Мұрағат комитеті;
құраст. К. Ахметова. - Алматы: Аса, 2012. - 287 б.
Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра,
2006. - 584 б.
***
Әлиман Ж. Мәдениет қызметкерлері марапатталды // Орталық Қазақстан. - 2016. - 24
мамыр (№ 82).
Жанғожин А. Мәдениет пен өнер көгінде / А.Жанғожин, Е.Лұқпан // Орталық Қазақстан. -
2004. - 22 қаңтар. - 6 б.
Нұралы С. Көшпелі семинар-практикум // Орталық Қазақстан. - 2006. - 4 қараша. - 4 б.