Page 80 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 80

Қарқаралы. - 2021. - 11 қыркүйек (№ 37). - 1 б.
                  Сейдахмет М. Алыптарға арналған ескерткіш // AQTOǴAI AJARY. - 2019. - 30 тамыз
            (№ 35). - 1-2 б.
                  Семенов Л. Қаланың өркендеу шежіресінен // Қарқаралы.- 1994. - 30 шілде
                  Смағұлова  Г.Қ.  XIX  Ғ.  20-60  жж.  əкімшілік  басқару  жүйесі  жəне  Қарқаралы  уезі  //
            ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы.- 2007.- №3.-70-74 б.
                  Смағұлова С. Туристер станциясының тынысы // Орталық Қазақстан. - 2023. - 8 маусым
            (№ 63). - 4 б.
                  Сыздықов С. Қарқаралы жасын қай уақыттан бастаған дұрыс? // Арқа ақшамы. - 2023. -
            18 мамыр (№ 18). - 7 б.
                  Тайшыбай З.  Ахмет Байтұрсынов - Қарқаралыда // Қарқаралы. - 2012. - 22 маусым (№
            49/50). - 7-8 б.
                  Ұлт көсеміне ескерткіш // Қарқаралы. - 2022. - 12 қараша (№ 44). - 1 б.
                  Ұлт ұстазы Қарқаралыда // Арқа ақшамы. - 2022. - 17 қараша (№ 42). - 2 б.
                  Шаймұханов  Д.  Патша  өкіметінің  Арқадағы  əкімшілік  орталығы  /Д.Шаймұханов,
            Р.Шаймұханова // Орталық Қазақстан.-2004.- 29 шілде.-6 б.

                                                       1824 – 1887 - Аппақ Байжановтың туғанына 200
                                                       жыл жəне 29.08. 1999 ж. А. Байжанов ескерткіші
                                                       ашылды (25 жыл)

                  Аппақ  Байжанов  –  Қарағанды  жұртшылығы  үшін  таныс  есім.  Қала  тарихының  ұзын-
            сонар  қатпарында  Аппақтың  сіңірген  еңбегі  зор  Аппақ  тапқан  жанатын  тас  арқасында
            Арқаның сайын даласында қала салынды, шахта өндірісі қолға алынды.
                  А.  Байжанов  Қарағанды  көмір  бассейнін  алғаш  ашушы,  кен  білгірі  1824  жылы  Нұра
            өңірінің  оңтүстігінен  25  км.  жердегі  Қарағанды  мекенінде  туып-өскен.  Ол  жастайынан
            жергілікті  болыстың  қойын  бақты.  1833  жылы  ол  жер  бетіне  шығып  жатқан  тас  көмір
            қабатын  тапты  (қазіргі  «Северная»  шахтасының  жері).  Көмірдің  жанатын  қасиетін  білетін
            Аппақ  оны  өндіріп,  жақын  маңайдағы  ауылдарды  отынмен  қамтамасыз  ете  бастады.  А.
            Байжановтың  жаңалығы  ол  кездері  іскер  топтардың  назарына  шалынбады,  оның  үстіне
            жергілікті бай-шонжарлар шаруашылықтың дəстүрлі үрдісін бұзғысы келмеді. Қарағандыда
            23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды. 1856 жылы Қарағанды петропавлдық көпес Н.
            Ушаковтың қолына өткеннен кейін бұл жерде көмір өндіріле бастады.
                  Қойшы  бала  Аппақ  есімі  көркем  шығармаларға  арқау  болып,  барша  республика
            жұртшылығына танылды. Қазақ əдебиетінің классигі, академик-жазушы, Социалистік Еңбек
            Ері  Ғабит  Мүсіреповтің  «Оянған  өлке»  романы  –  Аппақтың  шынайы  көркем  бейнесін
            танытқан туынды. Аппақ Байжановқа орнатылған ескерткіш романдағы «...Игіліктің қойын
            бағып  жүріп,  Байжанның  баласы  Аппақ  суыр  інінен  шыққан  жылтыр  қара  тас  көмірге
            кездесті.  Салпақтатып  суырын,  қойнына  толтырып  тас  көмірін  əкесіне  əкеліп  берді.
            Байжекең  суырдың  інін  тереңдетіп  қазып  көрсе,  əр  жағы  сіресіп  жатқан  тас  көмір  екен»
            деген жолдар Қарағанды тас көмірінің алғаш қалай табылғанынан мағлұмат береді. Бірақ бір
            əттегені  бұл  көркем  туынды  советтік  идеология  тұсында  жарық  көрді.  Сондықтан  қойшы
            бала  Аппақты  кедейдің  баласы  ретінде  көрсетіп,  байдың  жалшысы  деп  оқытты.
            Шынтуайтында  Аппақтың  əкесі  Байжан  Жұман,  Игілік  байлармен  дəмдес-сырлас  жақын
            достары  болған.  Бұл  туралы  журналист-жазушы  Е.  Лұқпан  «Қарағанды  тас  көмірін  алғаш
            тапқан Апақ Байжанов туралы алып-қашты əңгімелер төңірегінде» атты мақаласынан оқуға
            болады.
                  Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушыға 1999 жылы 29 тамызда кеншілердің кəсіби
            мерекесін  жəне  Қарағанды  қаласының  65  жылдығын  тойлау  кезінде  А.  Байжановтың
            ескерткішін  ресми  ашу  рəсімі  болды.  Ескерткіш  облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайының
            алдына орнатылды. Тастан ойылып жасалған,  басында  тымағы бар  балаң  жігіттің  тізерлеп
            отырған, оң тізесінің үстінде қойылған қолында көмірдің сынығы бар ескерткіштің авторы
            скульптор Ю. Гумель. Аппақ есімімен Қарағандыда көше аталған.
                  Аппақ Байжанов туралы аңыз
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85