Page 76 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 76
Орыстың саяхатшысы Г.Н. Потанин өзінің жолжазба естеліктерінде, бұл өңірде
болғанда сол кездегі көпес Рязанцевтің үйінде тоқтаған. Бұл ғимарат бүгінгі ұрпаққа сол
қалпында жетті.
Қазақтың мың əнін жинаумен тарихта теңдессіз тəлім қалдырған атақты музыка
зерттеушісі А.В. Затаевич Қарқаралы өңіріндегі құйма құлақ, зерделі де зерек жыраулар
ауызынан 154 əн жазып алған.
Жазиралы Қарқаралы табиғатына тікелей байланысты «Сұлушаш» поэмасын 1928
жылы Сəбит Мұқанов дүниеге əкелген.
Қарқаралының мемлекеттік-ұлттық табиғат паркінен жергілікті фауна мен флораның
еліміздің басқа өңірінде кездеспейтін ондаған түрін ұшыратасыз.
Көне Қарқаралы жері əуелден елін рухани азаттыққа баулыған өңір. Қазақтың алғашқы
ағартушы, қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ə. Ермеков, Ə. Бөкейханов, Ж.
Ақбаев, Н. Нұрмақов бұл өңір тарихына өз таңбаларын қалдырған.
Қала көшелеріне А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Ə. Ермеков, Құнанбай қажы, Ұлы Отан
соғысындағы батырларымыз Н. Əбдіров, М. Мамраев, П. Теряев, А. Қосыбаев, дауылпаз
ақын Қ.Аманжолов, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Əубəкіров есімдері берілді.
Бүгінгі таңда Қарқаралы Қарағанды облысының экономикалық жəне мəдени өмірінде
маңызды орын алып жатыр. Мұнда 10-нан астам демалыс үйлері мен демалыс аймақтары
бар, олардың ішінде АО «Арселор Миттал Темиртау» көмір департаментінің «Шахтер»
демалыс үйі, «Сосновый бор», «Тас бұлақ» тау отелі, сауықтыру лагерлері.
Бұл аумақта Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (МҰТП) орналасқан. Паркте 7
табиғи ескерткіш бар Шайтанкөл, Бассейн көлдері, алғашқы адамдардың «Үш үңгірі» мен
«Үлкен палата» жерлері, сақ дəуіріндегі Алтын адамның жерленген жері, Кент тауларындағы
буддалық ғибадатхана.
Қарқаралыда Абай үйі, Құнанбай қажының ескі мешіті, Мəди Бапиұлының жерленген
орны, «78 коммунардың ортақ қабірі» деп аталатын мемориалдық кешен, сондай-ақ 5000
экспонаты бар тарихи-өлкетану мұражайы бар.
Абай тоқтаған үй ХІХ ғасырда Қарқаралыда өмір сүрген Халиолла Бекметов деген
татар көпесінің үйі. Ол сауда саттық жəне əртүрлі кəсіппен шұғылданып мол дəулет жинаған.
Халиолла өзі өмір сүрген кезде Қарқаралыдағы белді – беделді адамдардың бірі болды.
Ағарту саласы мен дін мəселелеріне баса назар аударып, мешіт, медресе үйлерін салдырып,
осы аймақта кен көздерін ашуға өзінше үлес қосты. Х. Бекметов Абайдың əкесі Құнанбаймен
сыйлас болып жақын араласып тұрған. 1848 – 1850 жылдары Абай Қарқаралыға келгенде
осы Х. Бекметовтің үйіне түсіп жүрген.
Бүгінгі күні бүл үй қайтадан күрделі жөндеуден өтіп бұрынғы қалпына келтірілді.
Қазіргі күні мұнда Абай атындағы «Саз» мектебі жұмыс жасап отыр.
Сонымен бірге ХІХ ғасырда қала құрылысы кешенінде салынған - сол кезде Г.Н.
Потанин, Ш. Уəлиханов тоқтаған үй бар. Бұл ғимаратты Қарқаралы көпесі А.С. Рязанцев
1870 – 1880 жылдары қыздырылған қызыл кірпіштен салғызған. Г.Н. Потанин тоқтаған
орыстың ірі көпесі А.С. Рязанцевтін үйінде қазіргі уақытта аудандық көпшілік кітапханасы
орналасқан.
Коммисаровка таулы қойнауына орналасқан 1913 жылы бір шеге қолданбастан
салынған тарихи-ескерткіш «Орманшының үйі» бар. Мұнда Л. Садовничий деген ең
алғашқы орманшы тұрған. Ол Қарқаралы топырағына тұңғыш «Сібір шыршасы» мен
балқарағай ағаштарын өсірген.
Қазіргі қалада нан зауыты, тамақ комбинаты, автокөлік жөндейтін шеберхана т.б. ұсақ
кəсіпорындар, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, автокөлік мекемелері, астық қабылдау
пункті жəне т. б. халық қажетін өтейтін шағын жəне орта бизнес нысандары жұмыс істейді.
Балабақша, ауыл шаруашылық колледжі, орта, музыка, спорт мектептері, мəдениет сарайы,
кітапхана, аудандық аурухана бар. Орталық алаңда күрескерлерге арналған архитектуралық
ансамбль - ескерткіш, қалалық саябақта «Əскер даңқы» жəне «Азалы ана», М. Бəпиұлы,
Ə.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Ə. Ермековке арналған т.б. ескерткіштері бар.
Қарқаралы өңірі жылына 20 мыңнан астам туристі қабылдайды, оларды орналастыру
қызметін бір мезгілде 2500 қонақты қабылдауға дайын 23 демалыс үйі, қонақүйлер мен
балалар лагерлері ұсынады.