Page 50 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 50
Əбілдинов Қ. Рингте шыңдалған рух // Орталық Қазақстан. - 2010. - 20 наурыз (№
42/43). - 6 б., Егемен Қазақстан. - 2015. - 24 маусым (№ 117). - 11 б.
Жаңқашұлы Ж. Нұрқазов қоры ашылды // Орталық Қазақстан. - 2012. - 25 желт. (№
218/219). - 10 б.
Қалымбайұлы Е. Ізбасарлар үмітті ақтады // Орталық Қазақстан. - 2004. - 30 қазан.- 9 б.
Қанафин Н. Саңлақ Нұрқазов мектебі // Орталық Қазақстан. - 2018. - 28 шілде (№ 82). -
6 б.
Серіктен - Серікке дейін... // Орталық Қазақстан. - 2014. - 8 ақпан (№ 25/26). - 9 б.
Тілеубаев Л. «Бокс - менің тағдырым» // Сана. - 2000. - 22 маусым(N24). - 6 б.
4 қараша 1924 – 1991 - Ақын Бүркіт
Ибрагимұлы. Ысқақовтың туғанына 100 жыл
Ақын, ғалым, филология ғылымының кандидаты Бүркіт Ысқақов 1924 жылы 4
қарашада Қарағанды облысының, Нұра ауданына қарасты «Көкмөлдір» деген жерде туған.
Ол жастайынан қиялшыл, арманшыл болған екен. Зерек жас ел аузындағы қисса дастандарды
зейін қоя тыңдап, жаттап алып жүреді. Соның əсері болса керек, кейін өзі де өлең шығара
бастайды. Оның ең алғашқы өлеңі «Ана туралы жыр» деп аталады. Одан соң «Қарағанды
комсомолы» газетінде əр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері жарық көре бастайды. Сондай
өлеңдерінің бірі ақынның туған жерге арнаған «Көкмөлдір» деген жыры.
Б.Ысқақовтың шығармашылық өмірге кең құлаш ұруы 1940 жылы Қарағанды
мұғалімдер институтына түсуінен басталады. Сол жылдары жазған өлеңдері «Советтік
Қарағанды», «Қарағанды комсомолы» газеттерінде үзбей жарияланып тұрады да, оқуын
бітірген соң 1942 жылы «Советтік Карағанды» газетіне қызметке келеді. Сол жылы əскерге
алынып, соғысқа аттанады.
1946 жылы еліне жеңіспен оралған жауынгер ақын еңбек жолын бұрынғы өзі істеген
газетте жалғастырады да, көп ұзамай, Алматыға барып, «Пионер», «Білім жəне еңбек»
журналында, «Лениншіл жас» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы
қызметтерін атқарады.
1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, Ғылым Академиясының
аспиратурасына түседі.
Бүркіт Ысқақов саяси көзқарасы үшін қудалауға ұшырады. Айыптау үкіметінде
Б.Ысқақовтың ертеректе «Жас қалам» үйірмесі мен «ЕСЕП-ке» (елін сүйген ерлер партиясы)
қатысына қосымша, «Үндістан» деген өлеңді С.Сейфуллиннің «Азия», І.Жансүгіровтың
«Гималай» өлеңдеріне еліктеп жазғансың деп кінəлаған. Содан 1951 жылы жаппай қуғын-
сүргін тұсында «Үкіметке қарсы үгіт жүргізіп жүр» деген жаламен жазықсыз жазаланып, 25
жылға бас еркінен айырылады.
Лагерьде, тозақ отының төрінде жер қазып, шаң жұтып, шаршап–шалдығып, титықтап
жүрсе де өлеңді қоймайды, өлең-жыр өңешінен түйдік-түйдік құйылды. Ол қазақ
поэзиясында «Тұтқын жыры», «Лагерьдегі өлеңдер» деп аталатын поэзияның жаңа түрін
бастады. Ұлы соғыстың оты мен суығынан аман оралған ақын қапаста көрген қайғы-
қасіретін бүркемей, бүкіл үнімен шырқап жүрді. «Тас өзеннің ызғары» өлеңдер циклі
оқырманның ойынан шыққан дүние.
Қапаста бес жыл қасірет шеккен Б. Ысқақов КСРО Жоғарғы сотының 1956 жылы 20
қарашадағы қаулысы бойынша толық ақталып, еркін өмірге оралды да, сүйікті кəсібін
жалғастырды. Журналистика, əдебиет, ғылым саласында жемісті қызмет атқарды. Қазақ
СССР Ғылым Академиясының М.О. Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институтында аға
ғылыми қызметкер болды.
Академик М.Қаратаев «Ақындарымыздың абақтыда отырып жазған өлеңдері бізге
жеткен жоқ, сол олқылықтың орнын олардың ақын ұрпағы – Б. Ысқақовтың жырлары
толтырғандай. Оның бұл өлеңдерінен Сəкеннің сыры, Бейімбеттің мұңы, Ілиястың үні
естілгендей болады» деген.
Ал, Мұхтар Құл-Мұхаммед - «Бүркіт Ысқақов- Ұлы Отан соғысы жылдарында қолына
қару алып, кеңестік жүйені, коммунистік идеяны қорғаса да сталиндік құйыртқы саясаттың
құрығына көп ілінген, көп зəбір-жапа шеккен азамат. Ағамыз 1951-53 жылдардағы